Сабақ (2семестр) Пән: «Психология»



бет1/5
Дата19.07.2023
өлшемі41,77 Kb.
#179504
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
5086415070690 Психология бойынша тапсырмалар қазақша ДО1 сырттай бөлім 09.06.2020


С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғарғы колледжі

2 сабақ (2семестр)




Пән: «Психология»
Топ: ДО1 сырттай бөлім Күні: 09.06.2020 жыл
Пән оқытушысы: Белгибаева Алтынай Елемесовна
Сабақ тақырыбы: 4-бөлім. Тұлғаның қасиеттері.
4.1 тақырып. Темперамент пен мінез, қабілет

Тақырып жоспары:

  1. Темперамент



Тақырып лекциясы:
1. Темперамент дегеніміз нерв жүйесінің табиғи типтік қвсиеттеріне тәуелді жеке адамның меншікті тума қасиеттеріне негізделген адамның өзгешеліктерінің бірі.
Темперамент латынның «temperamentum» деген сөзінен шыққан «бөлімдердің» қалыпты ара қатынасы дегенді білдіреді.
Адамдардың осы өзгешеліктерінің себебін ең алғаш талдаған грек ғалымы Гиппократ (біздің эрамызға дейін (б.э.д) 460-356 жыл) болды. Онын ойынша адамдармен жануарлар организмінің өзгешеліктері дегендегі «тіршілік шырындарына» байлансты деген: қан (латынша «sangvis») денені жылытады; сөл (грекше «flegma») салқындатады; өт (грекше «hole») құрғатады; қара өт (грекше «melanahole») дымқылдандырады. Гиппократ түсінігі бойынша, адамдар мен жануарлар темпераменті организмді құрайтын қай сұйықтың басым болуына байланысты. Мысалы: қанның пропорциялық мөлшері көп болса – сангвиник, денеден бөлінетін сөл (шырын) көп болса – флегматик, бауырдан бөлінетін өт көп болса – холерик, көк бауырдан (талақтан) бөлінетін қара өт көп болса – меланхолик деп төрт типке бөлді. Қазіргі кезде темперамент типтерінің аттары сол Гиппократ атауын сақтайды.
Адамның психикасы мен мінез – құлығының ерекше кескінін олардың табиғи темпераменті мен бойындағы мінезі жасайды. Адам темпераментін бірнеше негізгі түрге бөлуге болады.
Сангвиник (ширақ) – мінезі жайдарлы, қағылез, іскер, қызу қанды, пысық, көпшіл, елгезек, көңілшек адам. Ол өз мақсатына жетуде жергілікті, қажырлылық көрсетеді, нысапты, өзін - өзі ұстай біледі. Өзінің тіршілік дағдысының өзгерістеріне төзімді. Сыртқы әсерлерге тез бейімделеді және сәтсіздікті, көңілсіз жағдайларды оңай жеңеді.
Флегматик (салғырт) – сабырлы, байсалды, енжар, сылбыр мінезді, самарқау,салмақты, шабан қимылды келеді. Мұндай адамдар зор жұмыскерлігі, жігерлігімен көзге түседі. Өз мақсатына жету үшін табандылық көрсетеді, істері жайбарақат болады. Флегматик басқа кісілермен қиын ұласады, күнделікті дағдыларының өзгерістеріне қиындау бейімделеді. Оларға тән белгілі кертартпалық қыңырлық байқалады. Әдеттері қатаң, дәстүрлі түсініктері бар, олардың сезімдері және көңіл – күйі тұрақты келеді.
Холерик (ұстамсыз) – албырт, қызба, ашушаң, кейігіш, еліктегіш адам. Оның мінезі қызба, өте белсенді, қимылдары қайратты, көңіл – күйі көтеріңкі болады. Холерик тіршіліктің жайлы жағдайларында тынымсыз жұмыс істей алады. Бірақ тіпті шамалы бөтен тітіркендіргіштер оларда жиі ашу, ыза тудырады. Кейде едәуір аяқталып қалған ісі зая кетеді, ақырында ол оған өкінеді.
Меланхолик (саудайы) – жұмсақ мінезді, әлсіз, өкпешіл, дегбірсіз, дәрменсіз, мұңды, жасқаншақ, жауапкершіліктен сескенгіш, дегенін орындата алмайтын, шалалық қасиеті болады. Меланхоликтер өмірінің өзгерістеріне қиын бейімделеді. Күйік – қасіретке бейім, күйрек, сәздік және сезімділік белсенділігі төмен, тұйық мінезді келеді.
Темпераменттің төрт түрін салыстырса, мінез ерекшеліктеріне қарай, олар өте қиын жағдайларда өздерін қалай ұстайтындығын болжауға болады.
Темперамент – бұл ресми мінездің нейродинамикалық сипаттамасы. Темперамент адамның әлеуметтік мәнділігін белгілемейді, өйткені оның мінез – құлығын санасы басқарып отырады.
Психологтардың айтуы бойынша, барлық кісілерді экстраверт, интроверт және невротиктерге жатқызуға болады. Экстраверт - әр алуан сыртқы әсерлерге ашық. Интроверт, керісінше тұйық мінезді. Алневротиктерде көптеген тіршілік жағдайларында әртүрлі жабығу күйі пайда болады.
Қазақтың көрнекі ғалымы Ж .Аймауытов өзінің «Психология және өнер таңдау», «Психология» атты ғылыми еңбектерінде Гейманс ұсынған жан сипаттарына талдау жасады. Ол мінезді күйгелек аяныш жанды, ыстық қанды, салқын қанды, қызбалы, құмартпалы, ұйытқымалы, сары уайымшыл деп жіктеді.
Адамның мінез – құлығы мен психикасы үшін, И.М. Сеченовтың айтуынша, ішкі ағзалардың сезімталдығы өте маңызды орын алады. Қазір ішкі ағзаларда және қантамырларында орналасқан көптеген қабылдағыштар кеңінен зерттелген. Ішкі қабылдағыштар сезім жүйелерінің бірлестірілген әрекеттерінде зор орын алады. Бұлар сезімтал жүйке ұштарынан тұрады, ағзалық немесе висцералық қабылдағыштар деп аталады. Олар организмнің ішкі ортасының өзгерістерін қабылдайды. Сөйтіп, ОЖЖ – сі және вегетативтік жүйке арқылы барлық ішкі ағзалардың жұмысын реттейді, олардың гомеостаз сақтайтын және қорғаныш – икемделу әсерленістерін қалыптастыратын іс әрекеттерін үйлестіреді.
И.П.Павлов темперамент пен жүйке қызметінің типтерін бір-біріне балама кұбылыс деп түсінді. Кейінгі зерттеулер жүйке қызметінің типтері темперамент типтерімен ылғи сәйкес келіп отырмайтындығын көрсетті. Шындығында да, темпераментке тек жүйке жүйесінің қасиеттері ғана емес, сондай-ақ жеке адамның соматикалық (дене) құрылымдары да әсер ететіндігі белгілі. Жүйке қызметінің типін темпераменттің нышаны ретінде ұғынган дұрыс. Мәселен бір зерттеуде, біркелкі ортада, жүйке жүйесінің әлсіз типіне жататын жануарлар мінез-құлқының енжар-қорғаныстық түрі, ал күшті, жүйке үрдістері тең емес организмдерде прогрессивті мінез-құлық байқалған.
Бұрын кейбір психологтар темперамент табиғатын адамның эмоциялық саласына байланысты түсіндіретін. Шындығында, темперамент тек эмоциялық жағдайлардан ғана байқалмайды, ол ақыл-ой және ерік үрдістерінен де көрініп жатады. Адам темпераментті туралы сөз болғанда жекеленген психикалық үрдістердің динамикасы жайлы айтылмайды, мұнда жеке адамның тұтас мінез-құлқы бар синдромы (жүйесі) жөнінде сөз болады.
Сөйтіп темперамент - адамның жүйке қызметінің қасиеттерінен көрінетін, мінез-құлқының импульсивті-динамикалық көрінісінің жалпылама сипаттамасы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет