Сабақ (2семестр) Пән: «Психология»



бет3/5
Дата19.07.2023
өлшемі41,77 Kb.
#179504
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
5086415070690 Психология бойынша тапсырмалар қазақша ДО1 сырттай бөлім 09.06.2020

3.Қабілет
Қазіргі жаһандану заманында адамзат алдында бұрын болмаған жаңа əлеуметтік мəселе қойылып отыр. Ол – əлемдік бəсекеге төтеп бере алатындай еңбек ету, бəсекеге қабілетті өмір сүру, бəсекелестікте ұтылмайтындай іскер маман болу. Мұны нарықтық экономиканың құралы деп түсінуіміз керек. Қоғамымыздың қарыштап даму кезеңінде адамның жай қабілеттілігі мен біліктілігі əлемдік бəсекелестік жарыста озып шығу үшін жеткіліксіз болып отырғаны белгілі.
Қабілеттілік туралы мəселе – ең күрделі проблеманың бірі. Оның сипаты мен заңдылықтарын, түрлері мен жетілдіру жолдарын, адамның іс-əрекетімен жəне мақсат-мұраттарымен байланысты зерттеумен ұзақ жылдар бойы философтар, экономистер, психологтар, педагогтар шұғылданып келді. Алайда, қабілет мəселесі əлі де ғалымдардың күнделікті тақырыптарынан түспейтін, зерттеулерді-ізденісті қажет ететін өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Бұл мəселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі.
Қабілеттілік – жеке адам туралы ілімнің құрамды бір бөлігі болып табылады. «Қабілеттілік» ұғымын ғылымға алғаш рет Платон енгізген əрі көптеген ғалымдар оның пікіріне сүйенеді. Яғни, қабілеттіліктің пайда болуы тұқымқуалаушылықтан болады. Ал оқыту жəне тəрбиелеу олардың ары қарай даму үрдісін жылдамдатады. Оған дəлел ретінде, ұлы танымал адамдарды мысал етті (Моцарт, Раффель т.б). Платонның ойынша, адамдар өздерінің қабілеттеріне қарай əртүрлі болады, біреулері басқару үшін, біреулері бағыну үшін дүниеге келеді. Дегенмен, бұл ойларды теріске шығарушылар да болды.
Адамдар ақыл-ойының əртүрлі дəрежеде болу себебі оларды тəрбиелеудегі айырмашылықтарға байланысты (Гельвеций), əрбір адамның белгілі бір қабілеттілікпен туатындығы (Дидро) туралы алғашқы ой-пікірлер қабілеттіліктің психологиялық функциясын аша түсті.
Қабілеттілік туралы ой-пікірлерді дамытудың маңызды кезеңі бұл испан дəрігері Хуан Уартенің есімімен тығыз байланысты. Ол өзінің «Examen de ingenious paralassciencias» (1575 ж.) атты кітабында əр адамның іс-əрекеті жоғары қабілеттілік дəрежеде болу үшін Хуан Уарте: ағаш ұстасы – егіншілікпен, тоқымашы – сəулеткерлікпен, заң қызметкері – дəрігерлікпен, дəрігер – адвокаттықпен айналыспасын, əркім табиғат берген қабілетіне лайықты кəсіппен немесе өнермен айналысатын болсын деген шарттың орындалу керектігін ұсынған.
Чех педагогы, гуманист Я.А. Коменский «Ұлы дидактикасында» (1632) қабілеттілікті дамытатын таным процесінің рөлі анықталды.
Ағылшын философы Фрэнсис Бэкон табиғи дарындылықты мойындап, қабілеттілікті дамытуда тəрбиенің маңызды рөл атқаратынын айтқан. Ал Томас Гоббс қабілеттіліктердің түрлерін бөліп көрсетіп, қабілеттілік қатынасында табиғат адамдарды тең жаратты деген.
Ағылшын философы Джон Локк материалистік сенсуализимнің негізін салушы өзінің еңбектерінде білімсіз жəне идеяларсыз «жан былай айтқанда, ақ қағаз секілді (латын тілінен аударғанда «tabula rasa» – «таза тақта»). Адам баласы өмір тəжірибесі арқылы қабілеттері дамиды деп көрсетеді.
К. Маркс қабілеттіліктің əлеуметтік мəнін талдай келіп, оны адамға лəззат беретін, «ұйықтап» жатқан түрлі сезімдерді оятатын, адамның «мəнді күші» саған.
Адам қабілеттілігі А.Н. Радищевтің, В.Г. Белинскийдің, Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың еңбектерінде де əлеуметтік тұрғыда талданған. Абайдың шығармаларында, əрбір қазақ азаматының өзінің қабілетіне сай, бала бағу немесе мал бағу, білім қуу, өнер үйрену, егін егу, сауда жасау сияқты белгілі бір кəсіппен айналысу қажеттігі айқын көрсетілген.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қабілеттілікті зерттеудің жаңа кезеңі басталды, психологиялық тестілеу, онымен бірге ғылымның жаңа бағыты ретінде даралық ерекшеліктердің психологиясы (дифференциалды психология) пайда болды. Бұл мəселемен Францияда өзінің қызметкерлерімен бірге А. Бине, АҚШ-та Д. Кеттел мен С. Холл, Германияда – В. Штерн мен Э. Крепелин айналысты.
ХХ ғасырдың басында француз психологы А. Бине ақыл-ойдың даму деңгейін анықтау тəсілдерін жасаған. Кейінрек, неміс психологы В. Штерн интеллектің жеке деңгейін сипаттау үшін «интеллектуалдық коэффициентін» есептеп шығаруды ұсынды, əрі ақыл-ой қабілеттілігіне мынадай анықтама берді: «Ақыл-ой қабілеттілігі – өз ойын саналы түрде жаңа талаптарға қарай бағыттайтын, жаңа міндеттер мен өмір жағдайына бейімдейтін жалпы ақыл-ой қабілеттілігі».
Қабілет мəселесі арнайы психологиялық зерттеудің пəні ретінде – ағылшын ғалымы Ф. Гальтон ұсынған адамдағы ерекшеліктердің эксперименттік жəне статистикалық зерттеулерінің негізінен болып табылады. Ф. Гальтон адамдардың жеке дара ерекшелігі мəселесін зерттеп, 1869 жылдан бастап ғылыми зерттеулер жүргізе бастады. Сонымен бірге ұлы да қабілетті адамдардың өмірлерін бақылай келе кез келген деңгейдегі қабілеттілікте тұқымқуалаушылық негізгі шарт деген қорытындыға келді.
Кеңес психологтары Б.М. Теплов, Б.Г. Ананьев, Л.С. Выготский, Л.И. Кузмина еңбектеріндегі психологиялық тұжырымдары дарындылыққа интегралдық жеке тəрбие ретінде жүйелі көзқарас тууына негіз болды, адам қабілеттілігінің құрылымдық бөліктерін анықтауға мүмкіндік берді.
Қабілет мəселесіне терең талдау жасаған Б.М. Тепловтың пікірінше, қабілетті дамытпау, көрсете білмеу, біртіндеп айырылу дегенді көрсетеді. Ол эмпирикалық қабілеттіліктердің үш сипатын ұсынды:
1) қабілеттіліктер – бұл бір адамды басқадан айрықшалайтын жеке психологиялық ерекшеліктері;
2) бір немесе бірнеше ісəрекеттердің жетістікті орындалуына қатысы бар ғана ерекшеліктер;
3) білім мен біліктілікті меңгерудің жеңіл əрі жылдам болуының шарты бола тұрса да, қабілеттіліктер білімге, біліктілікке жəне іскерлікке теңелмейді. Əрине, іс-əрекеттің табысты болуын мотивтер де, тұлғалық ерекшеліктер де ықпалын тигізеді. Мотивтердің жоғары болуы жəне еңбексүйгіштік сияқты тұлғалық ерекшеліктер де жетістікке жетуді жоғарылатады. Б.М. Тепловтың іс-əрекетті меңгерудің жеңілділігі мен жылдамдылығына іс-əрекеттегі жетістікпен бірге қабілеттілік те негіз болады жəне бұл үйрену жылдамдығы мотивтерге тəуелді болуы мүмкін, бірақ үйрену барысындағы жеңілдік сезімі (басқаша айтқанда, «субъективті баға беру», қиыншылықтарды бастан кешіру) ынталандыру мотивіне кері қатынаста болуы əбден мүмкін деген анықтаманың жағдайын өзгертеді. Б.М. Тепловтың ғылыми зерттеулерін одан ары қарастырған В.Д. Небылицин қабілеттерде жəне дарындылықта, ең алдымен жеке даралық айырмашылықтарға назар аудару керек деді.
Сонымен, адамның қабілеттілігі неғұрлым дамыған болса, соғұрлым ол іс-əрекетті табысты орындап, оны тез меңгереді, ал іс-əрекеттің өзі жəне іс-əрекетті меңгеру үрдісі өзінің қабілеттілігі жетпейтін саладағы жұмысы немесе оқуына қарағанда субъективті оңай болады.
С.Л. Рубинштейн қабілеттіліктерді адамның белгілі бір іс-əрекетті жасауына қажетті бірқатар мəліметтерден жəне нақтылы бір ұйымдасқан іс-əрекет үрдісі барысында ғана қалыптасқан ерекшеліктерден тұратын синтетикалық күрделі құрылым деп түсінеді.
И.П. Павлов адам қабілетінің əртүрлі болуын сигнал жүйелерінің өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіреді. Мұны қандай да бір іс-əрекетпен айналысқанда көріп байқауға болады. Сигнал жүйелерінің арақатынасының ерекшеліктеріне орай И.П. Павлов адамның жоғарғы жүйке жүйесінің үш түрін келтіреді. Олар көркем, ойлағыштық жəне орта түр болып бөлінеді. Бірінші түріне жататындар əсершіл, қызу қанды, ашық, ақ жарқын болып келсе, көргені мен естігенін ой елегінен өткізіп, талдағанды, саралағанды жақсы көреді, ал үшіншілері талантты, дарынды жандарды қамтиды. Адамның қай түріне жататындығына қарай оның қабілетін байқауға болады. Яғни, мүлде қабілетсіз адам болмайды, тек ол біреуде күштірек болса, біреуде шамалы болуы мүмкін.
Қабілеттілік үнемі жетілдіруді, дамытуды қажет етеді. Оны дамыту ұдайы ізденуге, жаттығуға, үздіксіз өздігінен оқуға байланысты. Мəселен, ертедегі Грецияның əйгілі тапқыр шешені Демосфен ерекше ойланып жаттығу мен тынбай тілін сындырып сөйлеп дағдыланудың нəтижесінде өзінің кекештік кемістігін жойып, шебер сөйлейтіндей шешендік қабілетін жетілдірген. Орыс ғалымы Е.К. Гусева оқуды 40 жасынан бастап, 73 жасында ғылым докторы болған. Құлағы көрмейтін, көзі көрмейтін, сөйлей алмайтын мылқау кемістіктеріне қарамастан И.О. Скороходова барынша үзбей жаттығудың нəтижесінде көптеген ғылыми жəне əдеби еңбектер жазып, ғылым докторы дəрежесіне жеткен.
Сонымен қатар, жоғары қабілеттілікті Шоқан Уəлихановтың өмірінен аңғаруға болады. Ол бірқатар Еуропа жəне шығыс тілдерін меңгерген, этнограф, ботаник, социолог, тарихшы, саяхатшы жəне əскери мамандықтарды меңгерген.
Қабілеттіліктің дамуына əлеуметтік жағдай көп əсерін тигізді. Осы тұрғыдан психолог – профессор А.Н. Леонтьевтің «адамның өзіндік қабілеттілігі» деген теориясының мəні зор болды. А.Н. Леонтьев адам миында болатын процестің механизмін зерттей келе өзінің ұсынған бұл теориялық болжамын дəлелдеді. Ол арнаулы жаттығулар жүйесін қолдану арқылы музыкалық түйсігі нашар балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырды.
Психологиялық теория тұрғысынан адам тұлға болып туылмайды, оның тұлғалық қасиеті іс-əрекет негізінде дамытылады. Адамның тұлғалық қасиеттері оның творчествалық қабілетімен, яғни потенциялдық мүмкіндігімен анықталады. Сондықтан, адам ресурсын, оның тұлғалық сапасын, творчествалық қабілеттіліктерін зерттепзерделеумен психология мен педагогика, философия мен əлеуметтану, экономика мен эстетика, құқық пен тарих сияқты көптеген ғылымдар айналысып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет