Сабақ №3 липидтер химиялық табиғаты əртүрлі майлар жəне майларға ұқсас заттар липидтер



бет5/8
Дата04.01.2022
өлшемі145,11 Kb.
#109033
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
зтс 3 липидтер

Сфинголипидтер. Фосфолипидтермен бірге сфинголипидтер де жасуша мембранасының барлық түрінен табылған. Сфинголипидтердің фосфолипидтерден айырмасы – олардың құрамында глицерин болмайды. Сфинголипидтердің төрт тобы бар:

1) фосфосфинголипидтер;

2) цереброзидтер;

3) ганглиозидтер;

4)сульфолипидтер.

Соңғы үшеуінің құрамында қант бар, олар гликолипидтер деп аталады. Барлық сфинголипидтердің негізінде сфингозин болады. Сфингозин қанықпаған аминоспирт.



Липидтер (грекше “lipos” – май) – барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Липидтерге майлар және май тәрізді заттар − липоидтер жатады. Липидтердің молекуласының құрамына С, Н,О атомдары кіреді. Құрамындағы элементтердің байланысына және құрылымына қарай липидтер алуан түрлі болады.

Липидтердің ішінде ең көп таралғаны және ең негізгісі майлар. Майлардың химиялық құрылымы күрделі болып келеді. Оның молекуласы үш атомды спирт − глицерин мен жоғары молекулалы май қышқылдарынан тұрады.

Липидтердің суда ерімейтін қасиеті оның жасушадағы құрылыс қызметін атқаруына мүмкіндік береді. Сол сияқты липидтер көптеген биологиялық қосылыстардың түзілуіне қатысады.

Май − қоректік қор заты. Организмдер денедегі майды қоректік зат ретінде жинақтайды. Мысалы, бунақденелілер, сүтқоректілер және т.б. тірі ағзаларда май қоры жинақталады.

Қаныққан май қышқылдары

С атомының саны

Тривиалды атауы

Систематикалық атауы

формуласы

6

Капрон қышқылы

Гексан

CH3 - (CH2)4 – COOH

8

Каприл қышқылы

Октан

CH3 - (CH2)6 - COOH

10

Каприн қышқылы

Декан

CH3 - (CH2)8 - COOH

12

Лаурин қышқылы

Додекан

CH3 - (CH2)10 - COOH

14

Миристин қышқылы

Тетрадекан

CH3 - (CH2)12 - COOH

16

Пальмитин қышқылы

Гексадекан

CH3 - (CH2)14 - COOH

18

Стеарин қышқылы

Октадекан

CH3 - (CH2)16 - COOH

20

рахин қышқылы

Эйкозан

CH3 - (CH2)18 - COOH

22

Беген қышқылы

Докозан

CH3 - (CH2)20 - COOH

24

Лигноцерин қышқылы

Тетракозан

CH3 - (CH2)22 - COOH

Майлардың физикалық қасиеттері

Майлардың физикалық жəне химиялық қасиеттері құрамындағы қышқылдарына байланысты. Мал майы 40-60% қаныққан май қышқылдарынан (негізінен, миристин, пальмитин жəне стеарин қышқылдары), 30-35% моноқанықпаған май қышқылдарынан

тұрады. Мал майында полиқанықпаған май қышқылдары аз. Сондықтан мал майы үй температурасында қатып қалады. Жылқы майы мен қаз майында полиқанықпаған май қышқылдары көп.

Сондықтан да олардың майы қатпайды.

Өсімдік майында қаныққан май қышқылдары аз (10-20%), қанықпаған қышқылдар көп (80-90%). Қанықпаған қышқылдардың құрамы өсімдік түріне байланысты. Зəйтүн майының 79%-ы олеин қышқылынан; күнбағыс майының 75%-ы линол қышқылынан тұрады. Өсімдік майлары сұйық күйінде болады.

Майлардың қасиетін сипаттау үшін бірнеше константалар немесе майлар саны қолданылады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет