Гидрогендеу реакциясы. Əдетте мұндай реакция сұйық майдан қатты май алу мақсатымен іске асырылады. Маргарин өндірісінде гидрогендеу реакциясы саломас алу үшін қолданылады. Мұндағы катализатор – никель немесе платина.
3. Гидроасқын тотықтардың түзілу реакциясы.
Бұл реакция ферменттердің қатынасынсыз өтеді. Липидтердің қос байланысы бар май қышқылдарын күшті тотықтырғыштар тотықтырады.
Майдың кебуі. Өсімдік майлары, əсіресе, зығыр майы қыздыру кезінде қоюланады да, бара-бара қатайып, түссіз жарғақ секілденіп қалады. Бұл қанықпаған қышқылдардың полимерленуіне, сөйтіп полимер түзілуге жəне оттегін қосып алуға байланысты мəселе. Соның нəтижесінде О2 есебінен майдың массасы ұлғаяды. Осындай жолмен олифа майлы бояулар, лактар, политура алынады.
- Сілті қатысында гидролизденгенде, глицерин мен карбон қышқылының тұзы (сабын) түзіледі. Бұл реакция майдың сабындану реакциясы деп аталады:
-
Достарыңызбен бөлісу: |