Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.
Сабақтың тақырыбы
Тіл мен мәдениет
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазу;
8.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану
Сабақтың мақсаттары
8.2.4.1. – тақыры ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) құрылымын салыстыра талдау
Сабақтың басында оқушыларға оқу мақсаты таныстырылады. Оқу мақсатына жету үшін бағалау критерийлері де айтылады.
Сабақтың ортасы
Оқылымалды кезеңі. 1-тапсырма: Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді:
- Тілдегі мәдениет дегеніміз не?
Мәдениеттегі тіл дегеніміз не?
Оқушыларға мәтінді талдау жолдары түсіндіріледі:
Оқылым кезеңі. 2-тапсырма. Оқушылар А және Ә мәтіндерімен танысады.
Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі-құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі — құндылық бағдар.
Құндылықтарды зерттейтін ғылым «аксиология» деп аталады. Аксиология (грек, axios — құңды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Олар бізге бала кезден,ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Құндылықтар әр адам үшін әрт түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Жалпыадамзаттық құндылықтар — уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында тумысынан болады. Әр адамда рух бар. Рух болмаса, дене жоқ. Рух дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы. Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.