Сабақ жоспары
Сабақ: № 3
Тақырып:
|
Отбасы ағашы.
|
Күні: 23.11.2015
|
Мұғалімнің аты-жөні: Рыскалиева К.Р.
|
Сынып 1
|
Қатысып отырғандары
|
Келмегендер саны
|
Осы сабаққа арналған оқу мақсаты
|
1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.1.3.1.Хабарламаны тыңдау және мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/заттық сурет/сызба таңдау.
1.4.1.1. Берілген суретке (зат) қатысты сипаттау сөздерін жазу.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар істей алады:
|
Жаңа сөздердің айтылуы мен мағынасын түсіне алады.
|
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
|
Оқушылар отбасы мүшелерін атай алады. Сөздік қорларын әр түрлі сөздермен молайта алады. Хормен қайталайды.
|
Кейбір оқушылар істей алады:
|
Суретпен жұмыс істей алады, отбасы мүшелерін атап, жазып бере алады
|
|
Негізгі сөздер мен фразалар:
|
Менің отбасым, менің атам, менің үйім. Мынау -ағам. Мынау- ата. Іні, қарындас, сіңлісі, ұл, ұлы, қыз, қызы.
|
Осының алдындағы оқу
|
Көңілді отбасы
|
Жоспар
|
Жоспарланған мерзімдер
|
Жоспарланған шаралар
|
Ресурстар
|
Басы
|
Қайырлы таң алтын күн!
Қайырлы таң жер ана!
Қайырлы таң достарым!
Сабақтың мақсатын айтамын: бүгінгі сабақта біз күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіміз. Суретпен жұмыс істей отырып, отбасы мүшелерін атап, жазуға үйренеміз .
|
|
Ортасы
|
Сөздік жұмысы
Отбасы, Ата, апа(әже), әке, ана(шеше), әпке, аға;
менің отбасым, мынау әкем, мынау ағам, менің үйім.
Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? Отбасы
Суретпен жұмыс
Мұғалім отбасы мүшелерінің суреттерін көрсете отырып, оқушылардан отбасы мүшелерінің атауын мұқият тыңдап отыруларын өтінеді. (мысалы, ана, әке, аға, ата, әже, әпке).
(Ұ) Оқушылар отбасы мүшелерінің атауларын суреттерден қарап айтуды үйреніп алғаннан кейін, «Шын, жалған» ойынын ойнау. Мұғалім суретті көрсете отырып, атауын қате айтады, ал оқушылар дұрыс атауын айтулары қажет.
«Отбасы ағашы»
Мақсаты: әрбір баланың қолына 7 алмадан беріледі. Сол алмалардың ішіне өз отбасы туралы мәлімет жазады. (жаза алмайтындар суретін салады)
|
Достарыңызбен бөлісу: |