- Оқу/сабақ мақсаттарына қол жеткізілді ме?
- Оқушылар бүгін не үйренді?
- Оқу ахуалдары қандай болды?
- Оқушылар арасындағы айырмашылықты анықтау бойынша іс-әрекеттер сәтті болды ма?
- Мен уақытттық графикті дұрыс ұстандым ба? Мен жоспардан қандай ауытқуларға жол бердім және неліктен?
|
Достық қарым – қатынас, бірлесе еңбектену, бір - біріне қол ұшын беру. Бірлесе, жеке әрекет етуге тәрбиелеу.
Ең алдымен, сөздікпен жұмыс жасалынып, суретпен жұмыс жүргізілді. Мұғалім отбасы мүшелерінің суреттерін көрсете отырып, оқушылардан отбасы мүшелерінің атауын мұқият тыңдап отыруларын өтінді. Оны «Шын, жалған» ойыны арқылы бекітті. Оқушылар отбасы мүшелерінің атауларын суреттерден қарап айтуды үйреніп алғаннан кейін, мұғалім суретті көрсете отырып, атауын қате айтты, ал оқушылар дұрыс атауын айтулары қажет болды.
Келесі тапсырманы оқушылар жеке орындады. Әрбір оқушы «отбасы ағашын» жасап, қорғады.
Жұптық жұмыста оқушылар кеспе әріптерден сөз құрап оқыды.
Қорытынды жасап, бекіту кезінде әрбір оқушы қалыптастырушы бағалау парақтарын толтырды.
Мұғалімнің сабағы жүйелі түрде өтті деп ойлаймын. Оқушылар сабақ барысында белсенді жұмыстанды. Сабақта ұжымдық,жеке, жұптық жұмыс орнады. Оқушылар қалыптастырушы бағалау парақтарын толтырып үйренуде. Сабақ алға қойған мақсатына жетті. Уақыт үнемді пайдаланылды. Дидактикалық материалдар тиімді қолданылды.
|