Сабақ №4 Сабақтың тақырыбы Скаляр және векторлық физикалық шамалар Бөлім



Дата06.02.2022
өлшемі16,31 Kb.
#79550
түріСабақ
Байланысты:
4 сабак 7 сынып


ТІРЕК КОНСПЕКТ
ФИЗИКА



Пән: Физика

Сынып: 7

Тоқсан: I

Сабақ №4

Сабақтың тақырыбы

Скаляр және векторлық физикалық шамалар

Бөлім

Физикалық шамалар мен өлшеулер

Ресурстар

https://www.youtube.com/watch?v=9AgECZ-M7hA&t=90s

Сабақ мақсаты

Қысқаша тірек конспект

Векторлық және скалярлық шамалар
Ғылым мен техникада кездесетін кейбір шамалар тек сан мәнімен ғана сипатталады (абсолют шамасымен). Мысалы, ұзындық, аудан, көлем, масса, уақыт, температура энергия және т.б. жатады. Бұл шамаларды скаляр шамалар деп атайды.
Кеңістікте белгілі бір бағыты болмайтын, тек сандық мәнімен ғана сипатталатын шамалар скалярлық шамалар немесе скалярлар деп аталады.
Ал, кейбір шамалар сан мәнімен ғана емес, сонымен қатар бағытымен де сипатталады.Мысалы: жылдамдық, үдеу, күш, импульс және т.б. Бұл-векторлық шамалар.
Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар векторлық шамалар немесе векторлар деп аталады.

Тапсырма

  1. Скалярлық шаманың анықтамасы және мысалдар

  2. Векторлық шаманың анықтамасы және мысалдар келтір.

  3. Оқушы үйден шығып, мектепке дейiн 15 мин жүредi. Осы уақытты сағат және секунд бiрлiктерi арқылы жазыңдар.

  4. 1,5 тәулiкте неше секунд болатынын анықтаңдар.

  5. Ай өз осiнiң төңiрегiнде 27,3 тәулiкте толық бiр айналып шығады. Бұл қанша сағат, қанша минутты құрайды?

  6. Жер өз осiн қанша уақытта толық бiр айналады?

  7. Айдың екi толық тууының арасындағы уақыт 29,5 тәулiкке тең. Бұл қанша сағатты құрайды?

  8. Үстелдiң ұзындығы 0,8 м. Оны дециметр, сантиметр, миллиметр және километрмен жазыңдар.

  9. Қабырғасы 1,2 дм квадрат берiлген. Квадраттың ауданын табыңдар, оны ква­драт сантиметр және квадрат миллиметр арқылы өрнектеңдер.

  10. Ыдыстағы сұйықтың көлемi 2800 см3-ке тең. Осы көлемдi литрмен көрсетiңдер.

Кері байланыс

(whatsapp мобильді қосымшасы арқылы немесе электронды почтаға):
Мен не білдім?
Мен үшін бұл жаңалық болды.
Бұл менің білгендеріме қарама қарсы болды.
Бұл туралы көбірек білгім келеді.



Әзірлеуші: Дабылова Тоқжан Мамыралықызы №200 МГ физика пәні мұғалімі. Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет