Мағынаны тану
«Кір жаятын жіп» әдісі бойынша мәтінде кездесетін сөздер беріледі
Оқушыларға тапсырмалар беріледі
I топ Балықтың көбеюі
II топ балықтардың табиғаттағы түрлері
III топ Уылдырықтары жайлы сипаттама береді
Балықтардың көпшілігі дара жынысты. Тек біраз ғана сүйекті балықтар — теңіз алабұғасы (Sеrrа-пиs sсгіЬа), дорабтар (Сһуsорһгуs), тағы бірнеше балықтар ғана қос жынысты. Гермафродитті балықтарда жыныс без бірде аталық, бірде аналық бездің қызметін атқарып отырады. Сондықтан, ондай балықтар өздерін өздері ұрықтандыра алмайды. Тек қана теңіз алабүғасының гонадасының әр түрлі бөлігі бір мезгілде жұмыртқа да, сперматозойд та бөліп шығара алады. Кейде майшабақтың, макрелдердің, трескалардың қос жынысты особьтары да кездеседі.
Аталық жыныс бездері ұрғашыларының жыныс бездерінен бір жыл ерте жетілетіндігі жиі кездеседі. Каспий теңізінің киль-ка, хамса балықтарының жыныс бездері бірақ жылдың ішінде жетіледі. Тірі туатын гирардинус балығын жақсы күтшімен аквариумдарда (20° С температурасында) үстаса, туғаннан кейін үш-төрт айда жыныс бездері толығынан жетіледі. Қерісінше, кейбір балықтардын, жыныс бездерінің жетілуіне бірнеше жыл-дар керек. Мысалы, қызыл балық 7—8 жылда, бекіре 12— 13 жылда (Амурдың бекірөсі 8—10 жылда), ал белуга және калугалардың жыныс бездерінің жетілуіне 16—17 жыл керек.
Балық уылдырықтайтын кезде аналық безде уылдырық деп аталатын өте майда жұмыртқалар түзіледі. Ал аталық балықтың жыныс мүшесі ішектің үстіңгң жағында созылып жататын екі қапшық тәрізді ақ сұйықтық, ол шоғыл деп аталады. Балықтардың жыныс өнімін шашуы уылдырықтау деп аталады.
«Ментальді карта» әдісі бойынша топпен жұмысы
(Оқушыларға әр түрлі балықтардың суреттері және отряд аттары беріледі. Дұрыс жауаптарын тауып,жабыстыруы керек
|