Сабақ: №43. Пәні: Биология Мектеп: №273 орта мектебi Күнi: 15. 02. 2017 ж. 13. 02. 2017ж



бет1/3
Дата25.08.2017
өлшемі1,64 Mb.
#26447
түріСабақ
  1   2   3
Бекітемін

___________




САБАҚ: №43.

Пәні: Биология

Мектеп: №273 орта мектебi

Күнi: 15.02.2017 ж.

13.02.2017ж.

Мұғалiмнiң есiмi: Бақытжанова Л.Қ.

СЫНЫП: 6 «Б», «В»


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жабықтұқымды өсімдіктер. Шаршыгүлділер немесе орамжапырақгүлділер тұқымдасы.

Сабақ негiзделген оқу мақсаты (мақсаттары)

 Оқушыларға жабықтұқымды өсімдіктер, шаршыгүлділер немесе орамжапырақгүлділер тұқымдасы туралы түсінік беру. Жаңа сабақ барысында игерген материалдарын толықтыра отырып ой өрісін дамыту. Жан – жақты тәрбие беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқушылар қылқанжапырақты түрлерімен танысады.

Оқушылардың басым бөлiгi:

  • Қарағай құрылысын біледі.

Кейбiр оқушылар:

  • Тақырыпқа сай күрделенген тапсырмаларды орындай алады.

Тiлдiк мақсат

Оқушылар:

  • Орманды қорғау туралы түсінік бере алады.

Негiзгi сөздер мен тiркестер:

Сыныптағы диалог/жазылым үшiн пайдалы тiлдiк бiрлiктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Сiз ашықтұқым түрлерін ажырата білесіз бе?

Сiз қарағайдың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсіндіріп бере аласыз ба?



Алдыңғы оқу

Жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ормандарды қорғау.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелердi жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

3 мин


2 мин

І. Ұйымдастыру

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу

2. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

«Жылы жүрек-сәттілік, ізгілік тілегі»

Оқушылар шеңбер жасап бір-біріне гүл сыйлау арқылы жылы лебіздерін білдіреді

3.Топқа бөлу. Санау арқылы топқа бөлу 1,2,3


А4 түрлі түсті қағаз
Гүлдер

Ортасы

35 мин


5 мин

5 мин
15 мин

5 мин

5 мин



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. « Джик Со » стратегиясы.

1. Орман деген не? Тұрған жеріңде орман бар ма?

2. Қай ағаштың сүрегінен жоғары сапалы қағаз өндіріледі?

3. Орманның маңызы туралы не білеміз?



ІІІ. Пысықтау. Бізден сұрақ-сізден жауап.

1.Жарық сүйгіш ,қылқан жапырақты өсімдік  (Қарағай)

2.Қарағай қай мезгілде,қай айда тозаңданады? (Көктемде,мамыр айында)

3.Шымтезек мүгінің латынша атауы (Сфагнум)

4.Жасыл мүк қалай деп те аталады?  (Көкек зығыры)

5.Тең споралы плаунтәріздестердің кең тараған  өкілі (Шоқпарбас плаун)

6.Спорангий деген не? (Споралар дамитын орын)

7.Қырықбуынның жаздық өркені мен көктемгі өркені қандай қызмет атқарады? (Жаздық өркен -өсу қызметін,көктемгі өркен -көбею қызметін атқарады)

8.Орамжарырақгүлділердің жемісі (Бұршаққын немесе бұршаққынша)

9.Мүктерде тамырдың қызметін не атқарады? (Ризоид)

10.Қырықбуынтәріздес өсімдіктердің кең тараған  өкілі ( Далалық қырықбуын)

ІV. Жаңа сабақ

Тақырыбы: Жабықтұқымды өсімдіктер. Шаршыгүлділер немесе орамжапырақгүлділер тұқымдасы.

Мақсаты: Оқушылар жабықтұқымды өсімдіктер, шаршыгүлділер немесе орамжапырақгүлділерді біледі және түрлерін зерттеу арқылы ажырата алады.

Жабық тұқымды өсімдіктер - өсімдіктер дүниесінің бір бөлімі. Бұлардың көбею мүшесі - гүл. Сондықтан гүлді өсімдіктер деп те аталады.
Гүлді өсімдіктер - қазіргі кездегі өсімдіктер дүниесінің түрлерінің саны жағынан ең көп таралған тобы.
Ерекшеліктері:
- Тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана гүлдер түзіледі.
- Гүлдерде жынысты көбею мүшелері - аталықтар мен аналықтар жетіледі. Гүл түйіндерінде аналықтардың тұқым бүршіктері орналасқан.
- Тек гүлді өсімдіктерге қосарланып ұрықтану процесі тән. Аталықтың тозаңқабында түзілген тозаң дәндері аналықтардың аузына келіп түседі. Осы жерде олар өсіп тозаң түтіктерін түзеді. Тозаң түтіктерімен спермиялар тұқым бүршігіне жетіп, оның ішіне өтеді. Осы жерде тозаң түтігінің ішіндегі екі спермияның бірі жұмыртқа жасушасын ұрықтандырады, ал екінші спермия тұқым бүршігінің орталық жасушасымен қосылады. Ұрықтанудың тек гүлді өсімдіктерге тән мұндай түрін қосарланып ұрықтану деп атайды. Сонымен ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан зигота түзіледі, одан ұрық пайда болады. Орталық жасуша екінші спермиямен қосылғаннан кейін ұлғайып өсіп, бөлінеді, нәтижесінде одан ұрыққа қажетті қор заттарын жинайтын ұлпа - эндосперм түзіледі. Тұқымбүршігенен тұқым, ал гүл түйінінің қабырғаларынан жемісқап түзіледі.
Маңызы:
Өсімдіктер адамға қажетті тамақ өнімдері және ауыл шаруашылығындағы жануарға қоректік зат болады. Өсімдіктер шикізат ретінде өндірістің әр түрлі салаларында қолданылады. Олардан дәрі - дәрмектер де жасайды.
Жабықтұқымды өсімдіктер бөлімі екі үлкен класқа бөлінеді:
1. Даражарнақтылар класы
2. Қосжарнақтылар класы
Екеуі тұқым құрылысы, тамыр жүйесі, сабақ, жапырақ, гүл құрылысы бойынша бір бірінен ерекшеленеді.

Орамжапырақгүлділер. Бұларды кейде шаршыгүлділер тұқымдасы деп атайды.

Олар-шөптекті және шала бұталы қосжарнақты өсімдіктер. Ғаламшарымызда орамжапырақгүлділер тұқымдасына жататын 3000-ға жуық түрлері бар. Жапырақтары кезектесіп орналасады, бөбешік жапырақтары болмайды. Қосжынысты гүлі шаршы болып орналасқандықтан, орамжапырақгүлді өсімдіктер шаршыгүлділер тұқымдастары деп аталған. Гүлі шашақ гүлшоғырына жиналған. Тостағанша жапырағы 4, күлтесі 4-еу, аталығы 6-ау, оның 4-еуі ұзын, 2-еуі қысқа, аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады. Гүлдерінің түсі ақ, сары, қызғылт, ақшыл көк түсті болып келеді. Жемісі-бұршаққын немесе бұршаққынша.

Орамжапырақ гүлділер тұқымдасы гүлінің формуласы: жабайы шомырдікі-

Т 2+2К4А 2+4Ж(2)

Ү. Бекіту . Биологиялық диктант
1. Орамжапырақ тұқымдастар … класына жатады. (қосжарнақтылар)
2. Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшеліктері - … (шөптекті бір жылдық)
3. …- түрін өзгерткен өркен.(мұртша)
4. Қазақстанда бақша өсімдіктерінің … түрі бар.(9)
5. Орамжапырақгүлділердің жапырақтары … орналасқан.(кезектесіп)

VI. Қорытынды. Жұмбақтар
1. Жерде жатып желіндейді
Күз түскенше желінбейді
Үндеместен төлдеп жатыр
Су беріңдер шөлдеп жатыр
(қауын - қарбыз)

2. Отыз көйлек киінген
Бір түйме жоқ ілінген
(орамжапырақ)

3. Сопақша көк өңі бар
Пайдалы, мөлдір сөлі бар
Піскен кезде жияр
Оның аты …(қияр)

4. Іші сары, сырты қатты
Дәні - дәрі, дәмі - тәтті
Пісіріп жесең, ас - тамақ
Оның аты …(асқабақ)

5. Көк лағым көгенде тұрып семірген
(қарбыз)

6. Бұл не деген көп киім
Жетпіс қабат көк киім
Түймелеуге жетпейді
Жаңбыр одан өтпейді
(Қырыққабат) 


Интерактивтi тақта

Слайд

Плакат


2 мин

Аяқталуы


3 мин

VIІ. Үй тапсырмасы.

Жабықтұқымды өсімдіктер. Шаршыгүлділер немесе орамжапырақгүлділер тұқымдасы.



ҮІІI. Бағалау.

Керi байланыс

«Алақан» кері байланысы. Әр қатысушы өз алақандарын парақ бетіне салып, әрбір саусақ бөлігіне, берілген критерилер бойынша өз ойларын жазады.

Мысалы:


1.Басбармақ: Не ұнады?

2.Балан үйрек: Жаңа не білдім?

3. Ортан терек:Не жөнінде ойландыңыз?

4. Шылдыр шүмек: Өз қоржыныма не аламын?

5.Кішкентай бөбек:Не білгім келеді?


Бағалау кестесі, стикерлер

Қосымша ақпарат: Ж- жеке жұмыс, Жж-жұптық жұмыс, Тж-топтық жұмыс


Сабақта қолданылған презентация





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет