Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Бекжанов Айбол Капанович.
Бейнелеу өнері Сабақ № 5 сынып
Тақырыбы: Портрет (Адам келбетін бейнелеу)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: портрет және оның түрлерімен таныстыруды
жалғастыру, портрет салудағы графикалық
дағдылар мен біліктерді қалыптастыру;
Дамытушылық: назар аудару және бақылағыштықты дамыту;
қоршаған ортаға эстетикалық қарым –
қатынасын қалыптастыру;
Тәрбиелік: қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық
қарым - қатынастың және шығармашылық
мәдениетінің қалыптасуына ықпал ету;
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом, кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш және тағы басқа, «портрет салу» кестесі, слайд, портрет көшірмелері.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру 1 мин
ІІ. Психологиялық сәт. 1 мин
ІІІ. Тыныштық сәті «Демалу» (ролик-музыка) 4 мин
-Қане, балалар, бәріміз де көзімізді жұмып, өзімізді мектепте емес, ну орманда жүрміз деп елестетейік.Жан-жағымызда әр түрлі талдар, сол жақта ақ қайың, оң жақта шырша, емен, артымызда қарағай,шетен.Не деген керемет талдар! Елестеттік пе? Енді көзімізді ашып тыңдаймыз. Бұл сиқырлы орман, әр тал-жеке адам.Өзіне тән мінезі бар, өзіне тән келбеті бар.Біздер бүгін мейірімді сиқыршылармыз.Бәріміз бірігіп орманның сиқырын ашып көреміз.Олай болса, сендерге бірінші тапсырма адамның бейнесін бейнелейтін шығарма қалай аталады?
-Портрет.
-Ендеше бүгінгі сабағымыз портрет жанры туралы болмақ
ІҮ. Жұмбақ шешу. 2 мин
-Осы портрет жанры өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар.Ол қандай пән деп ойлайсыздар?
-Дұрыс,ол әдебиет пәні.Әдебиет пәнінде адам бейнесін өлең жолдары арқылы және сөзбен суреттеу арқылы да беруге болады.
«Түкті қабақ жауып түскен көзіне
Тікенектей түк шығып тұр жүзіне
Қырлы мұрын,қырмызы ерін,қап-қара
Ұшқын шашып ойнап тұр көзіне.»
Бұл -өлеңмен берілген портрет.Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет.
«Хамит-ұзын бойлы,жауырынды,тіп-тік,сұр жігіт.Қырша мұрынды,шүңіректеу қара кер тобылғы көзді,қырқып жүретін сақалы,мұрты бар.Жасы 25-26 шамасында». Міне осы портретті кітап бетінен оқып-ақ көз алдымызға сол адамның бейнесін елестете аламыз.
Ү. Логикалық сұрақтар қою.3 мин
А) Адам тұлғасын салу үшін нені білу керек және не істеу керек?
Ә) Портрет нені бейнелейді?
ҮІ. Жаңа сабақ. 5 мин
Портрет – бұл адамды бейнелеу. Портретте адамның ұзына бойы, отырған қалпы немесе бет - пішіні ғана бейнеленуі мүмкін. Осы көріністің бәрі - портрет деп аталады. Яғни, жоғарыда айтылған портрет, орындалу тәсіліне қарай 2 түрге бөлінеді. Біртұлғалы портрет жәнекөптұлғалы портрет.
Портрет кескінкөлемінеқарай - бас(иықтанжоғары), кеуде, белгедейін, тізегедейін, бойдытұтасқамтитын портрет дегентүрлергебөлінеді.
Бұл жанр басқажанрларданбұрынпайдаболды. Ежелгі Египет, Рим мүсіндік, мозайкалықпортреттеріненбастауалады.
Портреттіккескіндер жанр бойынша да бөлінеді: мифологиялық – ертегілікжәнемифологиялықкейіпкерлердіңкескіні, отбасылық портрет – отбасымүшелерініңбейнесі, жанрлық портрет – портреттебейнелеушінібелгілібіробразда (мысалы, актрисаныңпортретінемесешахтердіңпортретінжәне т. б.) беру, автпортрет – суретшініңөзін - өзібейнелеуі.
Адамдыжайғанабейнелепқоймай, оны айнытпай беру оңайшаруаемес. Портреттебейнеленгеліотырғанадамныңмінез - құлқынкөрсетіп, тұлғалықерекшелігін беру маңызды.
Адамныңмінез - құлқынашып беру үшіноныңішкікөңілкүйіндұрыскөрсетукерек. Дененіңқимыл - қозғалысынемесетұрқы, бет ерекшеліктерарқылыадамдардыңішкіжандүниесі мен арманынберуменқатар, өзойынжәнебейнеленгенадамғадегенкөзқарасынберугетырысады.
Қазақхалықсуретшісі Ә. Қастеевтенбастап, бүгінгіжассуретшілергедейінгіҚазақстанқылқаламшеберлері портрет жанрында да өзіндікқолтаңбасыменкөзгетүседі.
Атапайтсақ, анасүті мен ұлттықдәстүрінбойынасіңіргенұлысуретші Ә. Қастееванаобразынерекшесомдаған. Келбеттікбейнедеананұрыажарланатүседі. Алысқақадалғанкөзжанарынантереңфилософиялықойдыбайқауғаболады. Бояуүндестігіменбедерленген бет әлпеттеріндегіәжімдеріөміржолынбаяндаптұрғандай. Көмкерілгенжаулықтыңаясындатұлғасынажарасымдыақкимешекадалжүрек, дөңгелекжүзді, қойкөздіананыңкелбетінажарландыратүседі. Иығынажамылғанкөкшіл - күлгінтүстіорамалы мен жасылтүстішапаныденебітімінежарасыптұр.
Бұл - біртұлғалықкомпозициялыққұрылымынантұратынқондырғы портрет, Қазақстанбейнелеуөнеріқорынанайырықшаорыналғанкөркемтуынды.
«Портрет-адам бейнесін бейнелейтін көркем шығарма.
Адам баласы ерте заманнан айналасын қоршаған табиғатты,жан-дүниесін,адам бейнесін салуға қызықты.Оған тасқа салынған ежелгі суреттер дәлел бола алады.Жалпы портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келген белгілі мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын бейнелеу ешқашан назардан тыс қалып көрген жоқ.Халық суретшісі Ә.Қастеевтен бастап бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері осы жанрда өзіндік қолтаңбасымен көзге түскен.Олар Айша Ғалымбаева,Сахи Романов,Молдахмет Кенбаев т.б.
Композициялық орналасуына байланысты портрет 3 бөлінеді.
1 Иық бөлігіне дейінгі портрет.
2 Бел бөлігіне дейінгі портрет.
3 Толық фигуралы портрет.
Осыған қосымша 4 қимыл-қозғалысқа арналған портрет.
5 Салтанатты портрет
6 Мінез-құлыққа арналған портрет.
7 Әзіл-сықаққа арналған портрет.
8 Топтасқан портрет»
Ү. Портретті салу жолдары:5 мин
1. Бет кескініндоғалдауетіпсаламыз, сосын оны көмекшісызықтарарқылытігінен (симметрия осьімен) теңдейекібөліккебөлеміз. Барлықкөмекшісызықтароңайөшірілуүшінжайқарындашпенжайбасып, жіңішкеетіпсызуарқылысалынатынынтүсіндіру.
2. Сосын бас пішінінкөмекшісызықтарменкөлденеңіненөзарашамаласүшбөліккебөлеміз. Доғалдауетіпсызылған бас пішінініңжоғарғыбөлігі - маңдай, ортаңғыбөлігіндемұрын мен көз, құлақ, төменгіжағынаауыз бен иектүсіріледі.
3. Шашты салу кезіндешашқоюүлгісінің де өзіндіккөлемі мен пішініболатыныескерілукерек.
4. Мойын мен иықтыбейнелеудіаяқтап, киімінсаламыз.
5. Портрет бояуынтүсіреміз
ҮІ. Сергіту. Дидактикалық ойын. 5 мин
1. Тақтада берілген шар тәрізді денеден күн және күн сәулесінің түрін әр - түрлі бейнеде көрсету. (жереби арқылы адамды бейнелеу)
ҮІІ. Портрет салу жоллдары туралы бейнетаспа корсету.«Девушка рисует карандашом»5 мин
ҮІІІ. Сабақты бекіту.5 мин
1. Портрет нені бейнелейді?
2.. Портреттің қандай түрлерін өттік?
3. Осы тақырып бойынша сабақ қызықты болды ма?
4. Сурет салу (дайын парақша беріледі)
ІХ. Қорытынды: Оқушыларды бағалау. 1 мин
Х. Үйге тапсырма: Автопортрет салу. 1 мин
«Портрет» тақпағын жаттау.
ММ Білім беру бөлімі № 3 ОМ
Бейнелеу өнері
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Портрет (Адам келбетін бейнелеу)»
5 сынып
Өткізген Бейнелеу өнері және сызу пәні
мұғалімі Бекжанов А.К.
Достарыңызбен бөлісу: |