Сабақ №5 Тақырыбы: Омоним



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі20,06 Kb.
#89996
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Аутова Манзура Практикалық сабақ

Безеу:

I.Қан айналысының бұзылуынан адамның терісіне, бетіне шығатын бөртпе.
II.Әшекейге өрнек,нақыш жүргізу.

  • Би:

I.1.Дау-жанжалға бітім айтып, төрелік жасаушы, ел ішіндегі әділ қазы,рубасы.
2.Үстемдігі басым әкім, қожа.
II.Дойбы кестесінде төрге шыққан дойбы тасы.
III.Музыка ырғағына сай дене қимылымен бейнеленетін өнер түрі.

  • Бұршақ:

I.Кішкентай домалақ доп, мұз күйінде түсетін атмосфералық жауын-шашын.
II.Ұрығы қабық ішінде жататын,сопақша келген дақылды өсімдік және осы өсімдіктің дәні.
III. 1.Көгеннің жемісіне тізбектелген, қозы-лақты мойнынан байлайтын, ұшы түйілген екі-үш қарыстай бүлдірге жіп.
2.Тізбектеліп түйілген түймек.

  • Дана:

I.1.Кемеңгер,ақылды,данышпан.
2.Білгіш,ақылды адам.
3.Дана сөз- өнегелі, үлгілі сөз.
II.Біртектес,біртүрлі заттардың сан мөлшерлері,дара саны.

  • Жады:

1.Бас айналдырып, көз байлап дуалап арбаушы,сиқыр.
2. Ескі наным бойынша сиқырлы күштің әсерінен болатын сырқат.
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет