Аутова Манзура Шухретовна 1 курс ДОТ колледжден кейін Бірінші қысқартылған жоғары білім
Практикалық сабақ № 5 Тақырыбы: Омоним
Мақсаты: Омоним және көп мағыналы сөздер туралы, берілген білімді бекіту. Омонимдерді көп мағыналы сөздерден айыра білуге үйрету.
Тапсырмалар: 1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктерін пайдалана отырып, төменде келтірілген сөздерге омоним болатын сөздерді тауып жазып, оларға түсінік беріңіз. Барыс, бақ, бақыр, баспа, безеу, би, бұршақ, дана, жады, жазу, жару, жастық, жете, қию, сал, салт, тап, ұшық.
Барыс:
1.Қара дақтары бар, мысық тұқымдастарына жататын жыртқыш аң.
2.Көне ескі жыл санауындағы үшіншісі, жыл аты.
II.лингв. Кімге? Неге? деген сұрақтарға жауап беретін септік жалғауы.
Істің бет алысы, жағдайы.
Бақ:
Әртүрлі ағаш өсіретін жер.
Бақыт,талай.
Бағы артты-мерейі үстем болды.
Бағы ашылды-бақытты болды.
Бағы жанды-бақытты болды.
Бақ қонды-бақытты болды.
Бағы байланды-бақытсыз болды.
Бағы кесілді-жолы болмады.
Бақ құсы басына қонды-дәулетке кенелді.
Бақ сынасты-сынға түсті, жарысты.
Бақ таластырды-қызғаныш білдірді,күндеді.
Малды бағу, қарау.
Асырап сақтау, тәрбиелеу.
Күту, күзету.
Бір нәрсені аңғару, байқау, сезу.
Бақ етті- тосыннан қатты дыбыс шығару.
Бақыр :
I.1.Мыс
2.Мыстан жасалған ұсақ тиін.
3.Мыстан жасалған шелек.
II.Тамақ дайындауға арналған, түбі шұңғылдау, қысқа сапты ыдыс.
III.1.Адамның, жануарлардың қатты дыбыс шығаруы.
2.Дауыс көтеріп ұрсу,жеку.
3.Ойбай салып жылау.
Баспа:
I.Кітап, газет-журналдарды басып шығаратын мекеме.
II.Ауыз қуысы мен тамаққа суық тиюден пайда болатын ауру.