Практикалық сабақ №5
Тақырыбы: ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ
СӘЙКЕС ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ
Оқу үдерісі жас ерекшеліктері тұрғысынан
«Зерде теориясы» (ЗТ) – бұл басқа тұлғаларды белгілі бір тұжырымдама аясында, өзінің қалауы мен ұстанымдарына негізделген өзіндік көзқарастарын білдіретін саналы субъектілер ретінде қарастыратын ерекше танымдық қабілет туралы теория. Зерде теориясы іс-әрекетке ынталандыратын ойлаудың кең ауқымын (сенім, тілек, ниет, бейнелеу, эмоциялар және т.б.) қамтиды. Қысқаша айтқанда, зерде теориясы – адамның өзінің және басқа адамдардың санасының мазмұнына ой жүгірте білу деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |