Мұғалімдер үшін маңызы
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу туралы ең маңызды ақпарат оқудың танымдық теориясымен анықталуы мүмкін. Маргарет Дональдсон сияқты көптеген психологтар мен педагогтер Пиаженің дамыту мен оқудағы «кезеңдік тәсіліне» күмән тудырды, өйткені 1950-ші жылдары Пиаже идеясы әлі кеңінен таралмаған болатын. Неврология саласындағы соңғы зерттеулер көрсеткендей, балалар да ересектердікі сияқты неврологиялық құрылымдарға ие болатыны дәлелденген (Goswami and Bryant, 2010). Госвами мен Брайант ересектер мен балалардың ойлауы арасындағы айырмашылықтар олардағы нейрофизиологиялық өзгерістер тұрғысынан емес, олардың тәжірибесінен болатын алшақтықта екенін түсіндіруге болады деп есептейді. Осы арқылы проблеманы шешу үшін әзірше оқушылар оқуға «дайын» болғанша күте тұру керек деген қалыптасқан пікірге деген сенімді шайқалтты. Заманауи ойлау біз оқушылардың оқу тәжірибесін болжаулы даму кезеңдері аясында шектемеуіміз керек деп санайды. Оның орнына біз барлық жастағы оқушыларды бай эксперименталдық және әлеуметтік ортамен қамтамасыз етуге тиістіміз. Оқушылар мұғалімдермен және басқа оқушылармен өзара әрекеттестікте жиі болатын орта олардың ЖАДА-сына сәйкес оқуды қолдауға мүмкіндік береді. Оқудың танымдық теориясы балаларды – оқу үдерісінің белсенді қатысушылары, сонымен қатар оқу мен дамытуға арналған іс-шаралардың негізгі бөлігіне кішкентай балалар бастама жасауға тиісті деп санайды. Осы теорияны ұстанатын мектептер сыныпта ерте жастан тиісті жеке орта мен оқу бағдарламаларын құрады. Мұғалімдер мен ересектер балалармен еркін сөйлеседі, ал оқу бағдарламасына балалардың тәжірибесін енгізу арқылы оқу сабақтарына маңыз беріледі.
Выготский танымдық қабілетті дамытудағы әлеуметтік өзара әрекеттестіктің маңызын бәрінен бірінші етіп қояды. Зерттеуші Хоу мен Мерсер (2010) бірлескен іс-шаралар ақыл-ой дамуы мен оқуды, сондай-ақ қарым-қатынас жасау дағдыларын арттыратынын көрсетті. Пиаженің танымдық өзгерістер балалар ересектердің емес, өздерінің құрбы-құдастарының идеяларымен және көзқарастарымен қарсы келіп қалған жағдайда орын алады деген болжамы бұл құбылыстың бірнеше түсініктемесін ұсынады. Аралас жастағы топтар оқушыларға анағұрлым жақсы дамыған және нашарлау дамыған құрдастарымен өзара әрекет жасау үшін кең мүмкіндік береді, бұл олардың танымдық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға көмектеседі. Хоу мен Мерсер сыныптағы қарым-қатынас сипаты мен онда болып жатқан әлеуметтік үдерістер жетістіктерге себепші болады деп есептейді: мұғалім сыныптағы жалғыз білім көзі ретінде емес, көмектесуші адам ретінде барлық оқушылардың дамуын қолдайды.
АҚШ-та жүргізілген әртүрлі жастағы сыныптарды оқыту саласындағы зерттеулер мұғалімдерге жас ерекшеліктеріне қарай оқыту мен оқу проблемаларын шешудің жекелеген тәсілдерін ұсынады. Авторлардың пікірі бойынша, бұл мұғалім үшін оқушылар жекетұлға болып табылатын сыныптарда және мұғалімнің кәсіби ойы оқу бағдарламасына емес, оқушыларды оқыту үдерісіне бағытталған сыныптарда табысты шешімін табуға тиіс. Бұл жағдайда мұғалім әрбір оқушы үздіксіз, өмір бойы білім алады деп санайды және бұл кезде бар уақытын белгілі жастағы балалар үшін қандай бағдарламаның қолайлы екендігіне жұмсамай, оларға білім алу барысында қолдау көрсетуге тырысады. Аралас жастағы оқуды зерттеу әртүрлі жастағы оқушылардың сұраныстарын қанағаттандыруда үдерістік тәсілдің қолайлы екендігін көрсетеді. Бұл олардың даму деңгейіне сәйкес барлық балалар бірге қатыса алатын ашық тапсырма, тәжірибе мен жобаны қамтамасыз ететін мұғалімдерді қамтиды. Әртүрлі жастағы табысты сыныптарда мұғалім оқытуды үйлестірушінің рөлін атқарады және «білім беруші» субъекті ретінде әрекет етпейді, қайта оқу үдерісін бағыттайды, толықтырады және қолдайды. Әрбір оқушының білім алуына көмек көрсету үшін олар оқушылардың жеке сұраныстарын, дамуы мен мүдделерін білуге тиіс. Яғни оқу үшін бағалау әртүрлі жастағыларды табысты оқытудың маңызды құралы болып табылады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуға арналған зерттеулердің негізгі ерекшеліктері олардың оқу сабақтарын балалар үшін қызықты, тартымды және маңызды етуге бағытталуы болып табылады. Мұғалім оқушылардың не білетінін және қандай жаңа ақпарат қосу керектігін анықтаған жағдайда төменгі жастағы балалардың назарын аударуға болатынын атап өткен жөн.
Метасананы оқыту жолдарының бірі – ойлау тілін анық етіп жасау, оны сабақ жоспарына және сыныпта талқылауға қосу болып табылады. Міндет – лексиканы қалыптастыру, оны біз «Бүгін біз… туралы ойлаймыз», «Бұл сабақ… туралы», «Не туралы ойладық?» деген сауалдарды ойбағдар ретінде ұсына отырып, біздің сабақ беруіміздің сипатын аша түсіп, балаларымыздың өзіндік ойлауы мен түсінігінің кемелденуіне пайдалы болса дейміз. Пайдаланылған терминдерді түсіндіру қажеттігімен бірге балаларға сол терминдерге өз 35 сөздерімен анықтама беру міндетін де жүктеу керек.
Бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін идеяларды тудыру үдерісінде креативтілікке үнемі көңіл бөлінеді. Ересектердің көптеген идеяларды бағалай алмауының өзі балаларға көп идеялар өндіруге және өзін-өзі бағалаудың келесі кезеңіне ауысуына сеп болады. Идеяларды өндіру сапасы мәселесінің маңыздылығы балаларда өзін-өзі бағалау қабілеті дамыған сайын өрістей береді. Бұл жаста өзін-өзі бағалауға ерекше назар аудару қажет, сол үшін балалар өздерінің болжамдарын өндіру мен зерделеу, сондай-ақ осындай бағалау негізінде өз идеяларын қайта қарау мүмкіндіктерін зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |