№10 Нұркен атаындағы орта мектеп
С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік»
өлеңін талдау
2-сағаты
( ашық сабақ)
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Райымбекова Ә.Е.
2013-2014 оқу жылы
Сабақ №57 Мерзімі: қазақ әдебиеті 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ақынның сұлулыққа, табиғатқа көзқарасы
Сабақтың мақсаты: білімділік – ақын туралы қосымша мәлімет бере отырып, білімдерін толықтыра түсу, «Ақсақ киік» өлеңініңтақырыбы мен идеясын ашу, мәтінмен жұмыс істеу;
дамытушылық – шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау, өз бетінше талдау жұмыстарына машықтандырып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына, ой-пікірін ортаға салуа білуге жол ашу;
тәрбиелік – оқушыларды адамгершілікке,ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу, сұлулықты көре білуге, бағалай білуге ұмтылдыру, эстетикалық және экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, талдау, сұрақ-жауап, топтастыру, сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекілігі: портрет, тірек сызба, суреттер, электронды оқулық, Қазақстан картасы, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география, биология
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа қатысуын тексеру. Зейінднерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге «Ақсақ киік» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұндау және Сәкен туралы қосымша деректер жинап келу тапсырылған. (Оқушылардан «Ақсақ киік» өлеңінің мазмұны сұралады)
С.Сейфуллин қай жерде, қай жылы дүниеге келген? (1894 ж. Қарағанды облысы, Нілді деген жерде дүниеге келген)
Ол кісі кім болған? (жазушы, алашордашы, лирик ақын, ұстаз, әнші, қоғам қайраткері)
Қандай шығармалары бар? («Бақыт жолында», «Қызыл сұңқар» драмалары , «Тау ішінде», «Біздің жақта», «Көкшетау» әндері, «Тар жол тайғақ кешу» раманы бар)
Алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қайда, қандай атпен басылып шықты? ( 1914ж. Қазан қаласында «Өткен күндер»деген атпен басылып шығады)
Жұбайының аты ( Гүлбаһрам)
Қай жылы репсессия құрбаны болады? (1938ж.)
Абақтыдан қашып шыққанда кімнің үйін паналайды? ( Әйтпеновтер отбасын)
Ақсақ киік» өлеңінде не туралы әңгіме болады?
Қандай мәселені қозғаған?
Идеясы не?
Ақбөкенді не үшін атқан? Оның мүйізі неге бағалы?
С.Сейфуллин кім? (топтастыру).
«Топтастыру»стратегиясы.
лирик ақын
әнші сазгер
Сәкен
драматург қоғам қайраткері
алашордашылардың бірі жазушы
ІІІ. Жана сабақ.
Ой шақыру.
І деңгей
«Азайды соңғы кезде байғыс бөкен», «Мүйізін пайда қылып шетке сатқан» деген жолдардан нені түсіндік? (Адамдардың өз табиғатына зиянкестік іс-әрекет жасап, зияны жоқ аңдардың саны қазіргі кезде сиреп кеткені туралы айтса, киік мүйізінен пайда тапқысы келген пайдакүнем, ақшаға құнығып, табиғатқа кесел келтірген адамдарды адамдарды ашық айыптап отыр.)
Өлең сендерге несімен әсерлі болды? ( Өлеңдегі ақынның табиғатты суреттеуі, жанашырлығы ұнады. Басқа шығармаларға қарағанда бізге әсер еткені – адамдардың табиғатты қорғамауы, мергендердің аяусыз жазықсыз аңды атуы. Мергеннің мергендігі жалғыз киікке түскені адам баласын ашындырмай қоймайды. Себебі ол – қазіргі таңда саны жағынан азайып бара жатқан түз жануары.)
Өлең қалай аяқталады деп болжам жасайсың? (Ақын киіктің өлгені не өлмегені туралы бізге нақты мәлімет айтпаған. Сондықтан қансырап өлуі мұмкін немесе жолаушыға кез болып, мейірімді жандардың қолында жарақатынан жазылуы мүмкін, ит-құсқа жем болуы мүмкін немесе жолшыбай адамға кез болып, ол адам қазақша бауыздап, етін азық етуі мүмкін.)
Не болды деп ойлайсың?
|
Дәлеліңіз қандай?
|
Не болды?
|
Киік жапан далада қиналып келе жатқанда талып жығылады, әлсірейді.
|
Көп қан жоғалтты, шаршады.
|
1. Осы кезде бір қасқыр кездесіп, жан қинамай жеп қояды.
2. Мейірімді адам қорыққа апарып емдейді.
|
Мұғалімнің қосымша дерек беруі
Балалар, өлеңнің бастапқы жолдарында баяндалған Арқа, Бетпақдала туралы мәлімет
бере кетейін. Арқа, яғни, Сарыарқа - Орталық Қазақстанды алып жатқан аймақ. Батысынан шығысына дейін 1200 шақырым өңірді алып жатыр. Бетпақдала осы Сарыарқада орналасқан, батысы сазды, шығысы тасты, құмды, шөлді жер.(Картадан көрсетеді). Бұл аймаққа Қазақстанның ірі 6 облысы орналасқан. Олар: Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Петропавл, Павлодар. Қысы суық, жазы ыстық болады. Пайдалы қазбаларға өте бай. Басты өзендері: Есіл, Нұра, Сарысу.
Табиғат зоналары шөлейт және шөл зоналарымен көзге түседі.Қуаңшылық жерлер көп болатындықтан сор, сортаңды жерлерде өсетін көкпек, жусанның бірнеше түрі кездеседі.
«Киік» қандай аң? Сендер ол туралы не білесіңдер?
Киікті қазақ ақбөкен деп те атайды. Ақбөкен – жұп тұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайтаратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықта табылған. Ақбөкендер Монғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Текелерінің дене тұрқы 126-150см салмағы 37-49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109-127 см, салмағы 22-37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Қазақ халқы «Құралайдың салқыны»деп атайдын мерзім мамыр айындағы киіктің баласын өргізуіне байланысты атаған. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, жайылымға байланысты болады. Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған.
Ақбөкеннің негізгі жауы - қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ол аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен дәмді еті,құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланады. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады. Ақбөкеннің тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін де пайдаланады. Осы қасиеттерін дәріптеп, қазақ киікті «Киелі», «Қасиетті аң» деп бағалайды.
ІІ деңгей.
Өлеңде қандай жерді суреттеген? (3 слайд, Қазақстан картасынан Бетпақдаланы көрсету). Бетпақдала – Сарыарқа деген үлкен аймақтың шөл даласы. Онда киік мекен етеді. Онда елді-мекен, өзен, көл болмайды. Өсімдіктен жусан өседі.)
Қандай өсімдік атаулары кездесті? Дәптермен жұмыс. (Көкпек, боялыш, жусан - шөлді жерде өсетін жапырақсыз шөптер).
Киікті неге теңейді? (Ақын оны жас балаға теңейді. Әрбір кішкентай бала сұлу болады. Бөкен де бала сияқты сұлу.)
ІІІ деңгей .
Киіктің портреті қандай? (таңы аппақ, екі көзі мөлдір қара... Бөкеннен сұлу аңды мен көмедім... Қап-қара екі көзі мөлдіреген, Әдемі екі танау желбіреген).
Сөздік:
Шөл – суға тапшы аймақ
Сегіз көштік – ұзындық өлшемі
Таңы – жануардың әсем,сұлу, мүсіні.
Қос – шатыр, күрке, далалықта паналайтын баспана.
Бетеге- шөп атауы.
Қу боялыш- шөп атауы
Киік – аталық жануар.
Бөкен – аналық жануар.
Бетпақдала- Арқаның шөл даласы.
Өлең қалай аяқталған? (Өлеңде сұлу аң киіктің аянышты тағдыры, адам қолынан жасалған қиянат айтылады.Оқиға жапан далада оқ тиіп жараланған бөкеннің шыбын жанын қоярға жер таппай мазасызданған сәтін суреттеумен аяқталады).
Өлеңге талдау жасау. (Дәптермен жұмыс):
Ақын «Ақсақ киік» өлеңі арқылы жас ұрпаққа не айтқысы келеді? Өлеңнің идеясы не?
Тақырыбы киіктің аянышты тағдырына арналған; 2) идеясы – экологиялық жағдайды ашына айтуы.
Табиғатты қорғау туралы қандай мақал-мәтелдер, өлеңдер білесіңдер?
ІҮ. Өлеңнің мазмұны бойынша жоспар құру.
Жоспар:
Бетпақдала табиғаты.
Сұлу бөкен.
Төнген қауіп.
Жаралы киік.
Мейірімсіз мерген.
Ү. Өлеңді құрылысына талдайық.
Қап-қара // екі көзі// мөлдіреген, -11а
Әдемі// екі танау// желбіреген. – 11 а
Елеңдеп// жас балаша// жалтаңдайды, -11 б
Жел түрткен// жусаннан да// селдіреген. 11а
Шумақ саны -17; тармақ саны - 68 ;буын саны – 11; бунақ саны – 3.
11 буынды қара өлең ұйқасы.
Өлеңде көркемдегіш тәсілдердің қай түрі кездеседі?
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды – теңеу.
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
INSERT. Түртіп алу жүйесі.
Не білеміз?
|
Нені білдік?
|
Нені білгіміз келеді?
|
|
|
|
ҮІІ. Үйге тапсырма.
«Ақсақ киік» өлеңінен үзінді жаттау.
« Табиғат – біздің екінші анамыз» тақырыбына ойтолғау жазу.
ҮІІІ. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |