Сабақ №6 (1 сағ.) Сабақ тақырыбы. Таспа құрттардың өкілі ретінде сиыр цепенінің (Taeniarhynchus saginatus) дене құрылысы


-сурет. Жылқы ішексорғысының ішкі құрылысы



бет11/13
Дата07.02.2022
өлшемі137,05 Kb.
#84739
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Зертханалық сабақ 6

27-сурет. Жылқы ішексорғысының ішкі құрылысы:
аналығы (сол жақта) және аталығы (оң жағында): 1-жұтқыншақ, 2-фагоцитарлы жасушалар, 3-ішек, 4-гиподерманың бүйір білігі, 5-нерв бағанасы бар гиподерманың құрсақ білігі, 6-жұмыртқа безі, 7-жұмыртқа жолы, 8-жатын, 9-қынап, 10-тұқым безі, 11-тұқым жолы, 12-тұқым шашқыш канал.

Содан соң сапты инемен ішексорғының жыныс безінің ұшын ішектен ажыратып, бөліп алмай жекелеп жазып, оның жеке бөлімдерін жеке ажыратып, әрқайсысының пішініне назар аудару керек. Ішексорғының жыныс безінің ұшын ішектен ажыратқаннан кейін жыныс жүйесін анықтап қарағанда, ішексорғының аналығында екі жұмыртқа безі, ал аталығында бір тұқым безі болатынын байқауға болады. Аналығының жұмыртқа бездері түтік тәрізді болып, одан біртіндеп қалыңдап, жұмыртқа жолына айналады. Жұмыртқа жолы біртіндеп кеңейіп, біршама жуан бұлшықетті мүше жатынға жалғасады. Жатын өзара қосылып, қысқа сыңар түтікке - қынапқа айналады. Қынап дененің алдыңғы ұшына жақын құрсақ жағынан сыртқа ашылады.


Сойылған ішексорғының (аталығы мен аналығы) ішкі құрылысының мүшелерін сипаттап жазып, олардың суретін салу керек.
3-тапсырма. Жылқы ішексорғысының көлденең кесіндісінің және жұмыртқасының микропрепараттарын қарап, оларды сипаттап жазу.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет