Сабақ №6 (1 сағ.) Сабақ тақырыбы. Таспа құрттардың өкілі ретінде сиыр цепенінің (Taeniarhynchus saginatus) дене құрылысы



бет10/13
Дата07.02.2022
өлшемі137,05 Kb.
#84739
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Зертханалық сабақ 6

26-сурет. Жылқы ішексорғысы: А-аталық, Б-аналық.

Жылқы ішексорғысының морфологиялық ерекшеліктерін сипаттап жазып, аталығы мен аналығының сыртқы пішінінің суретін сызу керек.


2-тапсырма. Жылқы ішексорғысының анатомиялық құрылысын анықтап, оның мүшелерін сипаттап жазу.
Жылқы ішексорғысының анатомиялық құрылысын анықтау үшін оны жарып сою керек. Ішексорғыны жарып сою үшін оны табақшаның түбіне құрсақ жағымен орналастырып, дененің алдыңғы және артқы ұшын түйреуіштермен бекітеді. Содан кейін сапты иненің ұшын ішексорғының кутикула қабығына сұғып, сапты иненің ұшы ішкі мүшелерді бүлдіріп алмайтындай етіп, оны аса терең батырмай, дененің артқы ұшына қарай қабықты тілу керек. Ішкі мүшелерді көру үшін түйреуіштермен қабықты қарама-қарсы бағытта түйреп ашу қажет. Ішексорғының құрылысын қарауға қолайлы болу үшін түйреуіштер көлбей шаншылады. Содан соң табақшаға толтырып су құйып, ішексорғының ішкі құрылысын таза су астында қарап зерттейді.
Ең алдымен ішексорғының ішкі мүшелерінің орналасу тәртібімен танысу қажет. Жылқы ішексорғысының үш ерін төмпешігімен қоршалған аузы кутикуламен астарланған энтодермалық жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншақ ішекке ашылады. Денесін ұзына бойлап, түтік тәрізді ішек өтеді, бірақ оның алдыңғы және артқы жағы ғана көрінеді, өйткені ортаңғы бөлігі екі ұзын жіңішке жіп түріндегі жыныс жүйесімен жасырылған. Ішексорғының денесінің ішкі жағында төрт гиподерма білігі орналасқан. Әрбір гиподерма білігінде екі ірі қоңырқай келген жасушалар - фагоцитарлы жасушалар орналасқан. Олар бүйректің қызметін атқарады. Кейбір кезде фагоцитарлы жасушалардың барлығы айқын көрінбеуі де мүмкін (27-сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет