Сабақ №6 (1 сағ.) Сабақ тақырыбы. Таспа құрттардың өкілі ретінде сиыр цепенінің (Taeniarhynchus saginatus) дене құрылысы


-сурет. Сиыр цепенінің жетілген сақинасы



бет5/13
Дата07.02.2022
өлшемі137,05 Kb.
#84739
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Зертханалық сабақ 6

24-сурет. Сиыр цепенінің жетілген сақинасы.

Жатынның төменгі ұшы мен жұмыртқа безінің аралығында дөңгелек оотип көрінеді. Оотип Мелисс денешігі деген ұсақ бездермен қоршалған. Оотиптен жатын басталады. Жатын сиыр цепенінде сақинаның ұзына бойына кететін, паренхиманың ішінде жатқан тұйық түтік.


Бұдан басқа, сақинада шашыранды түрде көпіршік тәрізді тұқым бездері орналасқан. Олардан өте жіңішке тұқым түтікшелері шығып, барлығы өзара қосыла келіп, бір тұқым жолына айналады. Оның ұшы жыныс клоакасына ашылады. Одан басқа ол арадан сарыуыз безі, оотиптен шығатын қынап көрінеді.
Сиыр цепенінің жетілмеген сақинасының суретін салып, оны сипаттап жазу керек.
Жетілген сақинаның құрылысын тұтқалы ұлғайтқыш әйнек арқылы қарап, сақинада тармақталған жұмыртқаға толы жатыннан басқа жыныс мүшелері редукцияға ұшырағанын байқауға болады. Сонымен қатар жетілген сақинада жатыннан басқа қынап пен тұқым жинағыш канал қалдық түрінде (рудимент) сақталған.
Сақинадағы жатын тармақтарын санап, оның орташа мөлшерін (жатынның әрбір жағынан 17-ден 35-ке дейін жетеді) анықтау керек. Содан кейін микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы қарап, жатын тармақтарының жұмыртқаға толы екенін көруге болады (24-сурет).
Сиыр цепенінің жетілген сақинасының құрылысының суретін салып, оны сипаттап жазу керек.


4-тапсырма. Финнаның құрылысымен танысу, оны сипаттап жазу.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет