Екінші кезең латентті (жасырын) кезең деп аталады, Бұл кезең бірнеше күннен 2-3 аптаға созылады. Жануарлардын клиникалық көрсеткіштері қанағаттандырарлықтай болғанмен, ағзада көптеген өзгерістер болып жатады. Организмде қан түзу нашарлап, эритроциттердің саны төмендеп, тромбоцит-тердің мөлшері мүлдем азаяды. Периодтың соңында ішек-қарын жұмысы нашарлап, іш өте бастайды. Өңеш, екпе асқынып, ас қорыту, тыныс алу, кілегей қабаттарына қан құйылады. Кейбір малдардың жүні түсе бастайды. Бұл период аяқталғаннан кейін үшінші кезең - клиникалық белгілері толық айқындалған кезең басталады. Аурудың белгілері 3-і, 6-шы аптада байқалады.
Үшінші кезеңге тән жалпы сипат, ол геморрагиялық синдром, қан түзейтін мүшелерде үлкен өзгерістер басталады.Ас қорыту, жүрек қан тамыр мүшелерінің қызметібұзылады.Малдың температурасы жоғарылайды. Сілекей қабықшаларға қан құйылады.Бұл кезеңде көзге ерекше түсетіні ол лейкоциттер санының күрт темендеп 1000-ға жетуі, бұл аса қауіпті жағдайды көрсетеді, ал тромбоциттер мүлдем жоғалады. Қызыл қан түйіршіктері біртіндеп азайып, қанда эритробласт, мегалоциттер шыға бастайды. Лейкоциттердің активтілігі төмендеп, қанның бактерияларға қарсы күресі нашарлап, жануар жұқпалы ауруға ұшырайды. Үшінші периодтың ұзақтығы дозаға байланысты болады. Доза үлкен болса, жануар бірінші кезеңде немесе үшінші кезеңде шығ-ынға ұшырайды. Үшінші кезеңде аман қалған жануар бойында төртінші кезең, қайтадан қалыпта кезеңі басталады.Егер жануар алған доза аз болса, онда сауығу толық және жылдам жүреді. Ал,доза ӨД 50/30, Өд 100/30 болғанда жануарлардың сауығуы ұзаққа 8-9 айға созылады, бірақ малдың жұқпалы емес ауруларға төзімділігі шаруашыллыққкерегі бар көрсеткіштер төмендеп, өмір сүру уақыты қыққарады. Жануар ауруы аса асқынған болса, онда өмір сүруі10-20 күннен аспайды. Доза аса жоғары болса, онда жануар сәуле астында немесе 2-3 күнде өледі, өйткені: оттегі жетіспейді, фермент ендіруі тоқталады, ағза уланады, өкпе ісінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |