Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжі
Топ: ФДК - 301
Күні:
Пәні: Биохимия
Сабақ жоспары
Сабақ №9, 10
Тақырыбы: Ақуыздарға түсті реакциялар.
Сабақтың мақсаты: Ақуыздардың физико – химиялық қасиеттерімен, ақуыздарға түсті реакциялармен студенттерді таныстыру.
Білімділік: Ақуыздарға түсті реакциялар, ақуыздардың бөлінуі, қорытылуы және сіңуі жайында мағлұмат беру.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, студенттерді ұжымдық жұмыс жасай білуге баулу, тұжырымдау, логикалық сұрақтар арқылы ой – өрісін, дүниетанымын кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді дұрыс шешеім табуға үйрету, дербестік пен жауапкершілікке, адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап
Сабақтың материалды-техникалық көрнекілігі: кеспе қағаздар, слайд
Сабақтың өзіндік жұмыстардың түрлері: Тақырыптық плакаттар, сызбалар
Пән аралық байланыс: Химия, биология
Сабақтың мазмұны және барысы
Ұйымдастыру бөлімі: 2 минут
Амандасу. 1) Сабаққа деген ынтасын, көңіл – күйлерін сұрау. 2) Түгендеу. 3) Сабақ ережелерін қайталау.
Үй тапсырмасын сұрау: 25 минут
Жоспар бойынша тақырыпқа дайындалу. Дәптерге берілген дәрісті жазу.
Практикалық жұмыс тапсырмаларын түсіндіру: 15 минут
Жоспары:
1. Сұрақтарға жауап бер.
2. Тапсырмаларды орында.
3. Глоссарий
Студенттердің өз бетімен жұмысы: 35 минут
Сабақты қорытындылау: 3 минут
Тестпен жұмыс, бақылау сұрақтары
Үй тапсырмасы: 10 минут
Берілген тапсырмаларды орындау.
Практикалық жұмыс №4
Тақырыбы: Ақуыздарға түсті реакциялар.
Мақсаты: Ақуыздардың физико – химиялық қасиеттерімен танысу. Ақуыздарға түсті реакциялар.
Жоспары:
1. Сұрақтарға жауап бер.
2. Тапсырмаларды орында.
3. Глоссарий
1. Сұрақтарға жауап бер.
1. Ақуыз дегеніміз не?
2. Ақуыздардың құрылымы мен құрамы туралы не білесің?
3. Ақуыздардың жіктелуі?
4. Ақуыздар қайда түзіледі?
2. Тапсырмаларды орында.
1. Қандай тағамда ақуыздың үлесі көп. Бір мысалды таңдап, кішігірім баяндама жаса.
2. Ақуыздың құрылымдық деңгейлерін сипатта.
3. Ақуыздың химиялық қасиеттері. Сапалық реакциялар (түсті реакция).
а) Ксантопротеинреакциясымен (грек. ксанты — сары) құрамында бензол ядросы бар ақуыздар концентрлі азот қышқылымен сары түс береді.
ә) Биурет реакциясы. Мыс (II) гидроксидінің сілтідегі ерітіндісімен ақуыздарға әсер еткенде, ашық күлгін түс пайда болады. Бұл реакция ақуызтардың құрамындағы пептидтік байланыстарды анықтайды.
б) Құрамында күкірті бар ақуыздарға қорғасын ацетатын және сілті қосып қыздырғанда, қорғасын сульфидінің қара тұнбасы түзіледі.
Тапсырма: жоғарыда айтылғандардың химиялық реакцияларын жазып көрсет.
3. Глоссарий
Ақуыз — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер.
1) қарапайым ақуыздар – протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар);
2) күрделі ақуыздар – протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады.
Қан құрамындағы ерекше ақуыз – гемоглобин бүкіл денеге оттек таратады.
Достарыңызбен бөлісу: |