Сабақ 9 «ә»- сынып Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Құсаинова Ж. У



Дата07.05.2017
өлшемі156,13 Kb.
#15707
Талғар ауданы Тұздыбастау ауылы № 31 орта мектеп

Тақырыбы:

«Жыраулар поэзиясы»
( ашық сабақ 9 «ә»- сынып)



Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Құсаинова Ж.У.

Оқушылармен сәлемдесу, жаңа сабаққа дайындау, сәттілік тілеу. Құрметті оқушылар, мен бүгінгі сабақты Асанқайғының бір ауыз өлеңімен бастағым келіп отыр.

Арғымаққа міндім деп

Артқы топтан адаспа!

Күнінде өзім болдым деп

Кеңпейілге таласпа!

Артық үшін айтысып,

Достарыңмен санаспа!

Ғылымым жұрттан асты деп

Кеңессіз сөз бастама!

Жеңемін деп біреуді

Өтірік сөзбен қостама!.- өмір тәжірибесінен түйген парасатты толғам-танымы терең ойлары сіздерге үлгі-өнеге.

Жыраулар әлемі- ұлттың уызы, биік санасы мен көркем ойдың, елдігіміздің көрінісі. Оқушылар біздер өткен сабақта  ежелгі дәуір әдебиетін қорытындыладық, үйден  жыраулар поэзиясы туралы ізденіп келуге тапсырма берілді. Ендеше бүгін жыраулардың өмірі мен шығармашылығына толығымен тоқталамыз.

Топқа жырау өлеңдер арқылы бөліну

Ат салмай өтер күн қайда?

Еңісі биік боз орда

Еңкейе кірер күн қайда?  (Доспамбет )

Қайран менің, Еділім,

Мен салмадым, сен салдың… (Қазтуған)

Еділді көріп емсеген,

Жайықты көріп жемсеген

Таудағы тарлан шұбар біз едік. (Махамбет).1-тапсырма


  1. Жыраулар поэзиясының өкілдері кім болып табылады?

  2. Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыптары?

  3. Жыраулар поэзиясының өкілдері мен кейінгі тұлғалар арасындағы байланыстар қандай?

  4. Жыр

  5. Жыршы

  6. Жырау

  7. Толғау

  • 3-тапсырма: Жырдың көркемдік ерекшеліктері

Жабағылы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер. (Қазтуған)

Жауабы: Жырау «ж» дыбысын тамаша сөйлете білген. Дауысты дыбыстарды да шебер қолдана отырып, жыраулар өлеңнің музыкалық сазын күшейткен. Шын көркемдік тәсіл арқылы олар оқушысын шығарманың ішкі иірімдеріне ендірумен қатар, эмоциялық әсерін үстей түскен.

Уа, қарт Бөгембай!


Құяр жалын аспаннан
Қара бұлт торласа,
Пәлекет елде көбейер
Жігітті жігіт қорласа.
Ақбөкен келіп жығылар,
Алдын қазып орласа,
Пеңденің бағы ашылмас,
Маңдайы қалың сорласа… – (Ақтамберді)

Жауабы: Жырау табиғат пен адам тағдырын жарыстыра, салыстыра бейнелей отырып, өлеңнің мән-мазмұнын терендеткен, әсерлі еткен. Мұнан жыраулар поэзиясының көркемдік сапасын айқын аңғаруға болады.

- Алп, алп басқан, алп басқан


Арабы торым өзіңсің”
“Ор, ор қоян, ор қоян,
Ор қоян атлы бір қоян”  (Шалкиіз).

Жауабы: Көне жыраулық поэзияның өзіндік ерекшеліктерінің бірі — өлең жолдарында алғашқы сөздердің, кейде тіпті сол алғашкы сөздердің басқы буындарының қайталануы. Бұл қайталаулар — толғаудың құлақ күйі іспеттес.


3-тапсырм: Үн таспадан толғаулар тыңдау. «Меломан» студиясы шығарған «Қазақтың жыр-термелері» тыңдата отырып екі топтан жыраулар поэзиясының өміршеңдігі туралы айтады.

4-тапсырм: Егер сендер XXI ғасыр жыраулары болғандарыңда не жайлы жырлар едіңдер? (егемендік туралы, бірлік туралы, отансүйгіштікке шақырар едім)

5-тапсырм: Кімнің шығармасы? Шарты: берілген толғаулардың қай жыраудың екенін табуларыңыз керек.

  • «Құйрығы жоқ жалы жоқ», «Еділ бол да, Жайық бол», «Ай, хан», «Таза мінсіз асыл тас», «Бұл заманда не ғаріп» (Асан қайғы)

  • «Мадақ жыры», «Алаң да,алаң, алаң жұрт», «Қайран менің Еділім». (Қазтуған)

  • «Тілек», «Жиырма деген», «Ай, Абылай,Абылай», «Кәрілік туралы», «Жар басына қонбаңыз» (Бұқар жырау)

6-тапсырма: «Рухани жалғастық»тапсырмасы.  Шарты: Жыраулар поэзиямен таныса отырып, қазіргі заман ақыны , былтыр өмірден өткен ақын апамыз Фариза Оңғарсыновамен байланыстыру.

Жауабы: Иә, біздің жырауларымыз елінің азаттығын ойлады, ұрпақтарының ештеңеден тарлық көрмей бейбітшілікте өмір сүруін тілеп өтті. Біздерге көп мұралар қалдыруымен қатар, мол өнеге өшпес іздерін салып кетті. Фариза апамыз да қазіргі заман ақыны бола тұра, жыраулардың мұңын түсінді, поэзияны жанымен сүйді, жырын ұқты, ұрпаққа насихаттады, өзі де еңбектер жазды. Соның ішінде айтар болсам, «Толғау»,  «Бұқар жыраудың Абылайға айтқаны»,  «Абылайдың Бұқарға айтқан жауабы»,  «Абылайдың жауабы»,  «Жігіттерге», «Ақкенженің өсиеті»,  «Өмір» т.б өлеңдерін атауға болады.

 

Ақын мен жыраудың



Ұлы Абай мен Жамбыл жыршы

Көрініс көрету шешендіктен ?


Пәні


9 «ә»-сынып. Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы

Жыраулар поэзиясы

Сілтеме

Александер және Мерсер ( 2008ж.), Блум таксономиясы,

Марта Бронсон ( 2002ж.) Өзін-өзі реттеу, Нұсқаулық Кейс стади.

оқулық.


Жалпы мақсаттар

XIV-XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясы және жыраулардың өмірбаяны туралы білімдерін жинақтап, кеңейтіп, пысықтайды, толықтырады; Жырларды мәнерлеп, сауатты, нақышына келтіріп оқи білуге баулиды, танымдық деңгейін көтереді, ой-өрісін, логикалық, есте сақтау, ойлау және шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді, тірек сызбаларды қолданып ауызша тілді дамытады, сөздік қорды молайтады; Топтық жұмысқа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері

  • қызығушылығы оянады;

  • топпен жұмыс жасауды үйренеді;

  • бірін-бірі тыңдайды;

  • топ ережесіне бағынады;

  • өзін-өзі реттейді;

  • бірін-бірі бағалауды үйренеді;

  • тақырыпты меңгеріп, өмірде пайдалануға дағдыланады;

Негізгі мақсаттар

Өзін-өзі реттеу, топпен жұмысқа жұмылдыру,

Өз бетімен білім алуға жетелеу.





  • Сабақтың барысы
    І. Ұйымдастыру кезеңі
    1. Оқушыларды түгендеу;
    2.ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Зымыран сұрақтар

(Оқушылардан сұрау)
Шешендік сөз дегеніміз не ?

  • Шешендік сөздерге не жатады?

  • Қазақтың шешендерін атаңдар .

  • Атақты қазақ билерін атаңдаршы ?

  • Жеті жарғыны жазған кім?

  • Ханға кім ақылшы болған?

Білу

Жаңа сабақ: Сабаққа дайындықтарын бақылау;
 Олар қай ғасырда өмір сүрген?
 Балалар, биыл қай жыл?
 Біз қай ғасырда өмір сүрудеміз?
 Біз қай ғасыр әдебиетін оқып жатырмыз?

Түсіну

III. Жаңа сабақ: Жыраулар поэзиясы

Асанқайғының бір ауыз өлеңімен бастағым келіп отыр.

Арғымаққа міндім деп

Артқы топтан адаспа!

Күнінде өзім болдым деп

Кеңпейілге таласпа!

Артық үшін айтысып,

Достарыңмен санаспа!

Ғылымым жұрттан асты деп

Кеңессіз сөз бастама!

Жеңемін деп біреуді

Өтірік сөзбен қостама!.- өмір тәжірибесінен түйген парасатты толғам-танымы терең ойлары сіздерге үлгі-өнеге.

Жыраулар әлемі- ұлттың уызы, биік санасы мен көркем ойдың, елдігіміздің көрінісі. Оқушылар біздер өткен сабақта  ежелгі дәуір әдебиетін қорытындыладық, үйден  жыраулар поэзиясы туралы ізденіп келуге тапсырма берілді. Ендеше бүгін жыраулардың өмірі мен шығармашылығына толығымен тоқталамыз.
● Толғау дегеніміз – қазақ әдебиетінде ақындар шығармашылығында, әсіресе жыраулар поэзиясында жиі орын алған жанр. Толғау өлеңде ақын өмір қоғам, адам тіршілігі, жақсылық, жамандық т.б жайлы ақыл-өсиет, насихаттық тұрғыда ой-қозғайды.
Бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерге жазыңдар.
● жырау дегеніміз - өз жанынан жыр шығарып айтатын, суырып салма ақындық қасиет пен шешендік қасиеті қатар сақталып жататын дарынды ақын, дуалы ауыз шешен, ақылгөй дана, ойшыл адамдар
● Жыршы– жыр айтушы, таратушы, көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштар.Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады.
● «Жыр-(көне түркі тілінде «иыр») деген сөзінен шыққан. Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан.
● Жырау әдебиетінің негізгі өкілдері: Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марқасқа, Қазыбек, Ақтамберді, Бұқар және т.б
● Шалкиіз жырау - қазақ әдебиетіндегі тарихындағы жыраулық поэзияның атасы болып саналады.


Қолдану


«Ой толғаныс» Сауал хат

Тапсырмалар:

1-топ .

Жырдың шығу тарихы

2-топ.

Жырдың негізгі тақырыбы және туу себептері

3-топ.

Жырдың көремдік ерекшелігі неде?

4-топ.

Қазіргі жырауларды және олар қандай тақырыптарды жырлайды

Сергіту сәті

« Ана өсиеті » термесін тыңдау

Талдау

Тапсырмалар:

1-топ .

ХХІ ғасыр жыраулары болғанда не жайында жырлар едім



2-топ

Ақын мен жыраудың айырмашылығы мен ұқсастығы

3-топ.

«Қазақтың жыр-термелері» тыңдата отырып екі топтан жыраулар поэзиясының өміршеңдігі туралы айтады.

4-топ.

Толғау дегеніміз не?



Жинақтау


Ұлы адамдардың стратегиясы

Бағалау

критерийлері



  • топ ережесіне бағынуын

  • белсенділігін

  • постермен жұмыс жасай алуын

  • бірін-бірі бағалауын

Келесі тапсырма


  • Жыраулар туралы мәлімет дайындау



Тексерілді:



Талғар ауданы Тұздыбастау ауылы № 31 орта мектеп







Тақырыбы:



«Жыраулар поэзиясы»
( ашық сабақ 9 «ә»- сынып)







Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Құсаинова Ж.У.



« Сауал хат »

1-нұсқа
1. Жыр қандай сөзбен айтылады?


а) жатқа
в) жазбаша
с) көркем
д) қара
е) қаратпа
2.Шешендік сөздер бұл -
а) ауыз әдебиетінің бір саласы
в) өлең
с) тақпақ
д) жыр
е) мақал-мәтел
3. Шешендік сөздерге не жатады?
а) әңгімелер
в) мысалдар
с)суреттер
д) жырлар
е) тілектер, даналық сөздер
4. Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды ?
а)12-18 в)13-18 с)15-18 д)5-10 е)18-20
5.Қазақтың жыраулары кімдер?
а) Абылай
в) Төле би,
Қазыбек би,
Әйтеке би
с)Абай
д) Мұхтар
е) Ыбырай
6.«Жырау» деп кімді айтады?
а) ғалымды в) данышпан адамды с) терең мағыналы, ой толғайтын кемел ақынды д)ұрысқа, соғысқа е) патриоты
7. Жыраулар поэзиясы қай ғасырдан бастап өріс алады ?
а) 5 в)8 с)15 д)17 е)18
8. «Өсиет » сөзініңі аудармасы:
а) совет
в) этапы
с) агитировать
д)назидание
е) почитали
9. Шешендік сөздер дегеніміз не?
а) үлгілі ойлар, тұжырымдар в) мақалдар с) сөздер д) түйіндер е) әндер
10) Жыраулар поэзиясының атасы:
а) Асан қайғы в) Бұқар с) Қазтуған д) Шалкиіз е)Жиембет
2-нұсқа
1. Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды ?
а)12-18 в)13-18 с)15-18 д)5-10 е)18-20
2. Шешендік сөздер дегеніміз не?
а) үлгілі ойлар, тұжырымдар в) мақалдар с) сөздер д) түйіндер е) әндер
3. Жыр қандай сөзбен айтылады?
а) жатқа в) жазбаша с) көркем д) қара е) қаратпа
4. Жыраулар поэзиясының атасы:
а) Асан қайғы в) Бұқар с) Қазтуған д) Шалкиіз е)Жиембет
5. «Насихаттау » сөзінің аудармасы:
а) совет
в) этапы
с) агитировать
д)назидание
е) почитали
6. Шешендік сөздерге не жатады?
а) әңгімелер
в) мысалдар
с)суреттер
д) жырлар
е) тілектер, даналық сөздер
7. Шешендік сөздер бұл -
а) ауыз әдебиетінің бір саласы
в) өлең
с) тақпақ
д) жыр
е) мақал-мәтел
8. Жыраулар поэзиясы қай ғасырдан бастап өріс алады ?
а) 5 в)8 с)15 д)17 е)18
9. «Жырау» деп кімді айтады?
а) ғалымды
в) данышпан адамды
с) терең мағыналы, ой толғайтын кемел ақынды
д) ұрысқа, соғысқа
е) патриоты
10. Қазақтың жыраулары кімдер?
а) Абылай в) Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би с)Абай д) Мұхтар е) Ыбырай










  • Ой жинақтау:Сабаққа

Оқушылармен сәлемдесу, жаңа сабаққа дайындау, сәттілік тілеу. Құрметті оқушылар, мен бүгінгі сабақты Асанқайғының бір ауыз өлеңімен бастағым келіп отыр.

Арғымаққа міндім деп

Артқы топтан адаспа!

Күнінде өзім болдым деп

Кеңпейілге таласпа!

Артық үшін айтысып,

Достарыңмен санаспа!

Ғылымым жұрттан асты деп

Кеңессіз сөз бастама!

Жеңемін деп біреуді

Өтірік сөзбен қостама!.- өмір тәжірибесінен түйген парасатты толғам-танымы терең ойлары сіздерге үлгі-өнеге.

Жыраулар әлемі- ұлттың уызы, биік санасы мен көркем ойдың, елдігіміздің көрінісі. Оқушылар біздер өткен сабақта  ежелгі дәуір әдебиетін қорытындыладық, үйден  жыраулар поэзиясы туралы ізденіп келуге тапсырма берілді. Ендеше бүгін жыраулардың өмірі мен шығармашылығына толығымен тоқталамыз.



  • Шешендік сөз дегеніміз не ?

  • Шешендік сөздерге не жатады?

  • Қазақтың шешендерін атаңдар .

  • Атақты қазақ билерін атаңдаршы ?

  • Жеті жарғыны жазған кім?

  • Ханға кім ақылшы болған?

  • Олар қай ғасырда өмір сүрген?
    v Балалар, биыл қай жыл?
    v Біз қай ғасырда өмір сүрудеміз?
    v Біз қай ғасыр әдебиетін оқып жатырмыз?


Зымыран сұрақтан:

  • Жыр дегеніміз не?

  • Жырау деген кім?

  • Жыршы деген кім?

  • Тоғау дегеніміз не?

  • Жырау әдебиетінің негізгі өкілдері

  • Жыраулық поэзияның атасы


1-топ .

Жырдың шығу тарихы

2-топ.

Жырдың негізгі тақырыбы және туу себептері

3-топ.

Жырдың көремдік ерекшелігі неде?

4-топ.

Қазіргі жырауларды және олар қандай тақырыптарды

жырлайды

Постермен жұмыс

1-топ .

Егер сендер XXI ғасыр жыраулары болғандарыңда не жайлы жырлар едіңдер?

2-топ.

Ақын мен жыраудың айырмашылығы және ұқсастығы

3-топ.

Жыраулардың өмірщеңдігі

4-топ.Толғау дегеніміз не?

Кім жақын?

Тату болса ағайын жақын,

Ақылшы болса, апайың жақын.

Бауырмал болса, інің жақын,

Инабатты болса, келінің жақын.

Қазыбек бидің  бұл толғауын қандай толғауға  жатқызамыз?  / шешендік толғау/



Эпифора-өлең тармақтарының соңында сөз немесе сөз тіркесінің қайталануы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет