Сабақ: 9 Күні: Сабақтың тақырыбы: Әл-Фараби "Қашықтасың, туған жер "



бет2/5
Дата26.06.2018
өлшемі495,33 Kb.
#44702
түріСабақ
1   2   3   4   5

Түсіну.

Қолдану.

Талдау.





1. Сынып ішін ұйымдастыру. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу. Шаттық шеңберін құру.

2. Топқа бөлу. Қолдарындағы әр түрлі геометриялық фигураларға байланысты топтарға бөлінуді ұйымдастыру.

3. Үй жұмысы: "Тақия тастау" әдісі
4. Әбу насыр Әл-Фараби туралы әдеби білім беру.

Қазақ даласы Х-ХІІ ғасырларда араб халифатының қарамағында болды. Ислам діні тарады. Ислам мәдениетін жасауда қазақ жерінен шыққан көптеген ақын-ғалым, ойшылдардың үлесі мол болды. Әбунасыр Әл-Фараби, Ғаббас Әл-Жауһари,

Әл-Сығанақи сияқты тұлғалар шықты. Поэзияда – парсы тілі, ғылымда араб тілі басым болғанына қарамастан, Ахмет Иасауи, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқаридай түркі даналары еңбектерін өз ана тілінде жазды. Түркі тілінің қасиетін әлемге танытты. Ал бүкіл өмірін араб жерінде өткізген Әл-Фараби өз еңбектерін араб тілінде жазуға мәжбүр болды.

Бұл дәуір әдебиеті туындыгерлерінің шыққан ортасына қарай Сыр бойы әдебиеті және Қарахан әдебиеті деп екіге бөлінеді. Сыр бойы әдебиетіне Әл-Фараби, Ахмет Йасауи, Ахмет Йүгінеки Сүлеймен Бақырғани, ал Қарахан әдебиетіне Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари жатады.

Әбунасыр Әл-Фараби Отырар қаласында туып, он алты жасында оқу іздеп Бағдатқа барады. Араб, парсы, грек тілдерін үйренеді, ғылымды меңгереді. Күндіз бағбан болып, түнде ғылыммен айналысады. Ол жүз елуге тарта ғылыми еңбектер жазып қалдырған. Музыка, математика, логика, философия, астрономия, әдебиеттану ғылымдарымен айналысқан, «Музыканың үлкен кітабы» деп аталатын еңбегінде сол кезде түркілердің музыкалық аспабы болған тоғыз ішекті домбыраның құрылысын сипаттаған. Шығыс ғалымдары Әл-Фарабиге Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деген атақ берген.

Әл-Фараби ежелгі грек оқымыстылары: Платон, Аристотель, Пифагор, Евклид, Птолемей еңбектерін меңгеріп, оған араб тілінде түсініктеме жазған. Ізгілікті мемлекетті сипаттайтын «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы» трактаты бар.



Фараби «Өлең өнерінің қағидалары» кітабында ақындарды үш топқа бөліп, поэзияның қыр-сыры туралы айтады. Табиғат берген қабілетті шығармашылық ізденіспен толықтырып отыру керектігіне көңіл аударады. Ол өзі де өлең жазған ақын, әлемдік өркениетке зор үлес қосқан ойшыл.
4. "Қашықтасың, туған жер..." өлеңін мәнерлеп оқу
5. Сергіту сәті.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет