Сабақ №9 Мерзімі: 27. 10. 2012ж. Мұғалім: Актанберлиева Шолпан Казнабиқызы 5А сынып


Мұғалім: Бұл халықтың аспаптық, вокалдық шығармалары раг



бет2/2
Дата26.01.2018
өлшемі5,13 Mb.
#34052
түріСабақ
1   2

Мұғалім:

  • Бұл халықтың аспаптық, вокалдық шығармалары раг деп аталатын дәстүрлі дыбыс ырғақтардың негізінде құрылады. Үнді халқында аспаптық, вокалдық музыкамен қатар, ең жоғарғы деңгейде дамыған өнер түрі – би өнері. Бұл халық өзінің ойын, әңгімесін би қымылдары арқылы өте шебер жеткізеді.

  1. Сергіту сәті:



  • Енді бір сергіп алайық. Гүлім бізге үнді би элементтерін көрсетсін, біз қайталаймыз.

(Үнді музыкасы орындалып турады)

  • Келесі біздің аялдамамыз Түркия. Түркия туралы кім дайындалып келді.



  • Түрік музыка өнері, музыка мәдениеті барынша дамыған. Сықақ әні мани, лирик. әндері тюркю, қошма әндерінен Орт. Азия халықтарының және қазақ халқының музыкасымен әуендік сабақтастық байқалады. Дәстүрлі түрік музыкасының араб-иран мәдениетімен байланыстылығы ладтар (мақамдар) мен фасильдердің етенелігінен көрінеді. Түріктің халық музыкасы қысқа қайырымды диапазонының ықшамдылығымен, ұзақ қайырымды диапазонының кеңдігімен ерекшеленеді. Түрік музыкасында хиджаз, зенгуле, курды, гулистан секілді мақам көп. Түріктер-дің халықтық саз аспаптары түрі жағынан аса бай. Шекті аспаптары мейдан, сарай сазы, бозық, бағлама, тамбур жура, булгари, чалғы, чеку, чоғыр дабылғы, дыңғыра, кеманча, кожесан, гумуз, тар, рұзба, чеште, бункар. Би музыкасының тынысы боп есептелетін үрлемелі, ұрмалы аспаптарына ребаб, тамбур, уд, ковар, дюдюк, зурна, дэф, давул, т.б. жатады.




  1. Түсініктерін тексеру. Тақырыпты бекіту.

Тест флипчарт арқылы

        1. Моринхур - қай елдің аспабы.

А) Қытай В) Монғолия С) Түркия

        1. Балабан қандай аспап

А)Ұрмалы В)Үрмелі С)Шертпелі

        1. ЮНЕСКО шешімімен мәдени мұра ретінде сертификат алған аспап

А)Эху В)Ситар С)Моринхур

        1. Музыкада неше нота бар?

А) 5 В)7 С) 9

        1. Үнді халқында ең жоғарғы деңгейде дамыған өнер түрі.

А) Аспаптық Өнер В) Би Өнері С) Вокалдық өнер

        1. Бесінші нота

А) Си В) до С) соль

        1. Қытай астанасы

А) Пекин В) Шанхай С) Делли

        1. Анкара - қай елдің астанасы

А)Үнді В) Қытай С) Түрік

        1. Түрік музыкасында көбінесе қандай музыка кеңінен қолданылады.

А) Вокалдық жанр В) Аспаптық жанр С) Би өнері

        1. Ре нотасы қайда орналасқан

А) Екінші сызықтың өзіне В) Үшінші сызықтың өзіне С) Бірінші сызықтың астына

  1. Ән орындау: «Дос болайық бәріміз»

  2. Үй тапсырмасы: Тақырыпты қайталау. Башқұр мен татар

музыкасы туралы мәлімет жинақтау.

Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.

27. 10. 2012жыл __________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет