Сабақ №9 Сабақтың тақырыбы: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы. Есеп шығару. Сабақтың мақсаттары



Дата18.02.2017
өлшемі71,53 Kb.
#10043
түріСабақ
Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі

Алтынбеков Аян Серікұлы

Сынып: 11 А/В-п

Күні: 12/09/2011

Пәні: Физика.


Сабақ № 9

Сабақтың тақырыбы: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы. Есеп шығару.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:

Қисықсызықты қозғалыстың физикалық табиғатын түсіндіру.



Дамытушылық:

Есеп шығару жоспарын құру және оны жүзеге асыра білу машығын жетілдіру.



Тәрбиелік:

Талдау, салыстыра ойлаудың тәрбиеленуіне жағдай жасау



Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Үй жұмысын тексеру.

Сабақтың барысы:
Бастапқы жылдамдығы υ0 болатын дене көкжиекке α0 бұрыш жасай лақтырылды. Суретке назар аударайық. Қозғалыстың толық уақытын, максимал ұшу қашықтығын хмакс, максимал көтерілу биіктігін умакс табу керек. Есептің шығарылуы қозғалыстардың өзара тәуелсіздігіне сүйенеді: дененің Ох осі бойымен қозғалысын Оу осі бойымен қозғалысына тәуелсіз деп қарастыруға болады. Ох осі бойымен денеге ешқандай күш әрекет етпейтін болғандықтан, Ньютонның 1-заңына сәйкес қозғалыс бірқалыпты. Траекторияның кез келген нүктесінде .

Ох осі бойындағы қозғалыс теңдеуін жазамыз: , демек



Оу осі бойынша:



немесе

у=0 деп алып, толық ұшу уақытын формуладан табуға болады:



Максимал ұшу қашықтығы





теңдеуден көріп отырғанымыздай, максимал ұшу қашықтығы (берілген кезінде) қосындысы 900 болатын әр түрлі және бұрыштары кезінде де бірдей болады екен, яғни .
Бұл тригонометриядан белгілі тригонометриялық тепе-теңдікті ескерсек, онда

түріне келеді, сондықтан берілген жылдамдықта кезінде ғана ұшу қашықтығы максимал болады.



Ұшу уақытының жартысын формуласын қолданып, ymax формуласын шығарайық.


Жоғарыда көрсетілген формулаларды қолдана отырып, t уақыттын формуласын шығарайық.




Бұл парабола теңдеуі. Яғни көкжиекке бұрыш лақтырылған дененің теңдеуі.


Жаңа тақырып бойынша қосымша сұрақтар:

  1. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысы еркін түсу бола ма? Неліктен?

  2. Бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысын оқып-үйренгенде біз қандай принципті пайдаланамыз? Осы принциптің мазмұны қандай?

  3. Бұрыштарының қосындысы 900 болатын көкжиекке бұрыш жасай модулі әр түрлі жылдамдықпен лақтырылған денелердің ұшу қашықтығы бірдей болатынын дәлелдеңдер.

  4. Ауа кедергісі жоқ жағдайда көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің көтерілу уақыты мен одан қайта түсу уақытының теңдігін дәлелдеңдер. Егер ауаның кедергі күші әрекет етсе, осы уақыттар тең болып қала ма?

  5. Көкжиекке 450 бұрыш жасай лақтырылған дененің ұшу қашықтығы ең үлкен мәнінде болатынын қалай дәлелдеуге болады?

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.



Үй жұмысы

Есептер жинағы: 2.20 – 2.25



Тексерді:

Кафедра меңгерушісі: Кажкенова Д.М.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет