Ойылуды емдеу
Ойылудың төрт кезеңі бар.
Бірінші кезеңінің белгілері: теріде анық шеттері жоқ, түсі – ақ, көк немесе қызыл дақтар анықталады
Жүргізілетін шаралар. Жеңіл уқалау мен теріні антисептик ерітіндісімен өңдеу (камфор спиртінің 10% ерітіндісі, салицил спиртінің 1% ерітіндісі, жартысы су мен этил спиртін 70% және басқалармен) УФО жүргізу астына резеңке дөңгелек салу керек.
Ойықтың екінші кезеңінің белгілері: көпіршіктің пайда болуы.
Жүргізілетін шаралар: көпіршікке бриллиант жасылының 1-2% ерітіндісі мен калий перманганат 5-10% ерітіндісінің қосындысын жағады. Айналасын антисептик ерітіндісімен өңдейді (камфор спиртін 10% ерітіндісі мен этил спиртінің жартылай су қосылған этил спиртінің 70%), УФО жүргізу, дөңгелек резеңке салу.
Ойықтың үшінші кезеңінің белгілері: көпіршік жарылып, жара (ойылу) пайда болады.
Жүргізілетін шаралар: УФО қолданылады, майлы таңғыш, (1% синтомицин эмульсия, Вишневский майы, левомиколь,10% стрептоцид, облепиха майлар және тағы да басқалары) арасында резеңке дөңгелекті салады.
Ойықтың төртінші кезеңінің белгілері: терінің, май қабатының және басқа жұмсақ ұлпалардың жансыздануы-некрозы дамиды.
Жүргізілетін шаралар: некроз тоқтағаннан кейін өлген ұлпаларды хирургиялық жолымен алып тастайды ,жараға калий перманганатының 0,5% ерітіндісі немесе 1:5000 фурацилин ереітіндісі бар таңғыш салады. Ірін болған жағдайда – антисептиктер ерітіндісімен шаяды (1:5000 фурацилин ерітіндісі, сутегі тотығының 3% ерітіндісі, калий перманганаты 0,5% ерітіндісі), таңғышы таңады. Жараны тазалап толығымен майлы таңғышқа көшеді, жараның жазылуына көмектесетін майларды қолданады (солкосерил, опипон және басқалары).
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Ойықтың пайда болуының барлық кезеңдерінде ойықтың алдын-алу шараларын күшейту керек.
Терінің тесілүінің дамуын сандық бағалау ұшін бірнеше шкалалар берілген. Егде пациенттерге медбикелік күтім көрсетудегі ,ғылыми зерттеулер үшін Нортон өз әдісін ұсынған.Нортон шкаласы бойынша сандық балдар қанша аз болса,терінің тесілу қаупі соншама зор болады.
Достарыңызбен бөлісу: |