Мұғалім: Халқымыздың аяулы азаматы, белшілі ғалым, дарынды композитор А.Жұбановтың жан-жақты шығармашылығы ұлттық музыка өнерміздің мәңгі көнермейтін тарихи беті. Бар саналы өмірін ол қазақ сазының өсуі мен өркендеуіне арнап өлмейтін, өшпейтін із қалдырды. Ғасырлар бойы атадан балаға таралып келген салт-дәстүрі, әдет-ғұрып, тіл мен мәдениетін жетік білген А.Жұбанов музыка жанрының барлық саласында жемісті еңбегімен көзге түсіп, қайтпас қажырлылық танытты. А.Жұбановтың табандылықпен Республикада тұңғыш тұсау кескен халық аспаптар оркестрін ұйымдастыруы, дирежерлығы, ән мен күйлерді камералық, сифониялық, опера шығармаларын жазған композиторлық дарыны бар. Сондықтан оның есімі туған халқының арасында аса құрметпен аталады. Бүгінгі сабақта оның ән жанрына аспапқа арналған шығармаларымен танысамыз.
Композитордың әндері ең көп тараған «Ақкөгершін» әні жастардың сүйікті шығармасы болды. Бұл әнді фортепиано сүймелдеумен оқушылар әндетті.
Жұбановтың «Қарлығаш» әні дауыста жазылған хорға арналған ән деп айтуға болады. Бұл екі әнді де оқушыларымыз ұлттық аспаптарда ойнап жүр.
А.Жұбановтың «Қарлығаш» әнін Н.Ерқосаева орындауда
«Қарлығаш» әнін «Абай» операсында пайдаланды. Ахмет Жұбанов фортепианоға арнап «10 Тәжік биі», «8 Қазақ биі», «5 Қобызға және скрипкаға арналған пьеса» шығармаларын жазды. «Тәжік биі» шығармасында Тәжік халқының аспабы доира үні естіледі, көңілді бидің көріністерін береді. Музыкасы тыңдалды. «8 қазақ биі» шығармасында Қазақстанның кәсіби музыкасы бұл музыка 8 бөлімге бөлінеді.
«Ақсақ-Құлан»
«Жайлау»
«Қыз Ақжелен»
«Қызыл қайың»
«Керуен»
«Саранжап»
«Ақжелен»
«Би күйі»
Қазақ күйлерін фортепиано аспабында көрсете білді. Қобызға арналған «5 пьеса» кітабында ұлттық аспабымыз қобызға арнап 5 бөлімді шығарма жазды.
«Вальс» - халық әндерінің жарқын үнін би элементтерімен ұштастырады.
«Ария» - сезімнің жоғарғы шыңын нәзік сезіммен көрсетеді.
«Романс» - табиғаттың көріністерін береді.
«Жезкиік күйі» - бұл күй жанрына жататын ырғақтары ойнақы киіктің мінезін береді. Қобыз аспабында тыңдау.
«Көктем» - адам өмірінің сұлұлығын табиғаттың көркемдігін көрсетеді.
А.Жұбановтың «Көктем» шығармасын қобызшылар ансамблі
Мұғалім: А.Жұбановтың қандай шығармасын алсақта үнінің байлылығымен сазының әдемілігімен мектеп оқушыларына үйренуге тартымдылығымен ерекшеленеді. Бұл кісінің шығармалары музыка мектептерінде оқушылар үнемі пайдаланады. Оқушылардың білімін тексеру мақсатында білемін, үйренгенім, үйренгім келеді кестесін толтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |