Сабақ алдында жақын жатқан бағдаршам бар көшемен бұрылыстарға мақсатты саяхат жасалады. Бұл саяхатта балалар мен бірге бағдаршамның жұмысына, машиналардың әрлі-берлі жүруіне, жүргізушілерге көңіл аударып, бақылау жасайды



бет5/11
Дата20.03.2022
өлшемі123,09 Kb.
#136457
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ж.Ж.Е2021-22ж2 сынып

Көрнекі құралдар: презентация, бейнематериал,суреттер
Әдістер:түсіндірмелі, сұрақ-жауап, көрнекілік.


Сабақ барысы:
Автобус - жүргізушінің орнын қосып есептегенде отыратын орны 8-ден артық, жолаушылар тасымалдауға арналған автомобиль.Үлкен класты автобус - ұзындығы 10,5 метрден 12 метрге дейінгі автобус.Қалалық автобус - қала ішінде және қала маңындағы бағытта жүреді.
Алғашқы троллейбус Германияда Вернер фон Сименстың арқасында жасалған. Ең алғашқы троллейбус 8 доңғалақты арбадай болған. 1882 жылы АҚШ Шарль ван Депуле «тролейбустық ролик жасаған».Алғашқыда олар тек поездың вагондарына комекші ретінде орнатылған, кейіннен адам таситын қоғамдық көлікке айналды.
Жол белгілерінің түрлерін түсіндіру.Автобус белгілерің жаттату.

1. Ала таяқ ұстаған,


Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып алысқа жеткізген. (жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
5. Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты. (велосипед)
6. Өзі тым күшті,
Аяғы тісті. ( трактор)
7. Төрт аяғы домалақ,
Адамсыз жүрмейді. ( машина)
8. Екі ағасы қашады,
Екі ініс қуады. ( машина дөңгелектері)
9. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөнейді. (трамвай)
10. Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы балалар
Бұл жұмбақтың шешуін. (жол)

1. Қоғамдық транспорттан шыққаннан кейін көшеден қалай өту керек?


2. Жол таңбасы қандай екі түрге бөлінеді?
3. Жаяулар өтпесі қалай белгіленеді?
4. Бағдаршамда сигналдар қалай орналасқан?
5. Жол белгілері қандай топқа бөлінеді?
6. Балалардың суреті салынған белгі қайда орнатылады?
7. Оқушылардың велосипедпен көшеде және жолда қай жастан жүруіне рұқсат етіледі?
8. Велосипедпен жолға шығарда нені тексеру қажет?
9. Көшеден, жолдан қай жерде өтуге болады?
10. Габариттік оттар қай кезде жанады? (фарлар)
11. Жүргізушілер сыртқы жарық приборларын не үшін қосады?
12. «Тротуар» деген сөз нені білдіреді?

Белсенді қатысқан оқушыларға ынталандыру жұлдызшаларын беру.


Алған білімдерін қорытындылауды үйренеді.

14.01.22ж






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет