Сабақ алдында жақын жатқан бағдаршам бар көшемен бұрылыстарға мақсатты саяхат жасалады. Бұл саяхатта балалар мен бірге бағдаршамның жұмысына, машиналардың әрлі-берлі жүруіне, жүргізушілерге көңіл аударып, бақылау жасайды


Тақырыбы:Балалардың көшеде,жолда жүру ережелері Мақсаты



бет11/11
Дата20.03.2022
өлшемі123,09 Kb.
#136457
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ж.Ж.Е2021-22ж2 сынып

Тақырыбы:Балалардың көшеде,жолда жүру ережелері
Мақсаты:
Жолда жүру ережесін сақтауға, оқушыларға жол белгілерін білу не ушін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол белгілерінің суреттері.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Біздін қаламызда әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұхият болуы қажет. Бағдаршам – өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
- Балалар, алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болған. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. 1914 жылдары америка қалаларында екі түсті (қызыл, жасыл) электрлі бағдаршам болды. 1918 жылдан бастап үш түс қолданысқа енді. Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қалаларының көшелерінің қиылысынан орын алды.
Ия, бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан өтуге болмайды. Бағдаршамның үш көзі – үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыс жолдарда адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді. Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады. – Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлікпен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор. Бағдаршам болмағанда көліктер соқтығысып, жол апаты көп болар еді. Біздің өмірімізді сақтайтын осы бағдаршам. Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай болған жөн. Көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға болмайды.
1 - оқушы: Сапар шексек сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай,
Автобуспен жүреміз.
2 - оқушы: Көлік, көлік, көлік,
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен, көшелермен
Күнде тынбай жүреміз.
3 - оқушы: Тәртіп бұзсақ абайсыз,
Жағдай туар қолайсыз.
МАИ қызметкерлерінен
Сан кешірім сұраймыз.
4 - оқушы: Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден
Сау – саламат жүреміз.
5 - оқушы: Үш түсті түрі бар,
Жөн сілтер тілі бар.
Бағдаршам дегеннің
Сырын жақсы біліп ал
6 - оқушы: Қызыл көз жанарда
Тоқтай қал әманда
Сары түс ескерту,
Дайын бол табанда.
7 - оқушы: Жасыл көз жарасты,
Алдыңнан жол ашты.
Өте бер асықпай
Жолыңмен қарасты.
8 - оқушы: Ештеңе жоқ алаңдар,
Өте берер адамдар.
Жол шетінде тұратын,
Жол белгіге қараңдар!
9 - оқушы: Жарасып - ақ кетер ек,
Машиналар өте көп.
Жолдан өтем асықпай,
Велосипед жетелеп.
10 - оқушы: Жол көліктің жүрегі,
Машина көп жүреді.
«Қауіп жоқ» − деп ойлама,
Жолда футбол ойнама!
11 - оқушы: Ата – ананың сенімін,
Еске ұстап ақтай біл.
Жолдан өтер жаяудың,
Ережесін сақтай біл!
12 - оқушы: Айнала қауіп бар ойла,
Жан-жағына қарайла!
Сырғанасаң көшеде,
Машина жолын абайла
13- оқушы:
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
14 – оқушы:
Көшеде бағдаршам болмаса
Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе
Кідірме, абыржып онда аса
Сенгейсің өзіңнің көзіңе
Мұғалім: Балалар, мен сендерге мынадай жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріндерші.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Аузы жоқ сөйлейді. (бағдаршам)
Мұғалім: Бағдаршам - өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам жоқ көшелерден өтетін кезде, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз. Бағдаршам жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.
Балалар бүгін бізге қонаққа бағдаршам келіпті, бағдаршамның сендерге әкелген тапсырмалары бар екен.
Бағдаршам: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе, құрметті бағдаршам?
Бағдаршам: Балалар, мен бүгін сендерге сұрақтар, ойын, сөзжұмбақ әкелдім. Енді ойнымызды бастайық.
Мұғалім: Бағдаршам ойынының шарты. Таяқшаларды алғаннан кейін оқушылар үш жерге топталып тұра қалады, бағдаршам белгілерді көтереді: қызыл көтергенде - тұр, сары - күт, жасыл - жүр.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба.
Балалар, қараңдаршы бағдаршам сендерге ойын ойнату арқылы сұрақтар қойып, білімдеріңді сынға салғысы келіп тұр. «Қай топ данышпан ?». Ол үшін үш топқа қызыл, сары, жасыл түстер болып бөлінеміз.
Қызыл түсті топқа арналған сұрақтар.
1. Балалар, бағдаршам алғашқы кезде қанша түсті болды?
2. Қандай түсті?
3. Ал біздің көшелердегі бағдаршамның неше көзі бар?
4. Қандай түстер? (балалардың жауабы)
Сары түсті топқа арналған сұрақтар.
1. Суреттен не көргенін айтып беріңдер?
2. Көлік аттарын атаңдар?
3. Бағдаршамның қызметі қандай?
4. Адамдар қай жолмен жүру керек?
Жасыл түсті топқа арналған сұрақтар.
1. Бағдаршам жолдың қай жерінде орналасқан?
2. Алғашқы бағдаршам қайда орналасқан?
3. Оны ойлап тапқан адамның есімі барма?
4. Біздің ауданымызда бағдаршам барма?
Көрініс: Үш оқушы бағдаршам болып тұрады. Бір оқушы мектептен шығып жолдан қалай өту керектігін корсетеді.
Қызыл: Тоқтап тұрады.
Сары: Дайындалады.
Жасыл жанғанда: Жолдан өтеді
Бағдаршам:
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жолда жүру ережесі - заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.
Қорытынды.
Мұғалім: Ал балалар біз бүгін не үйрендік, немен таныстық?
- Жолда жүру ережелерімен, бағдаршаммен.
- Бағдаршамның бізге пайдасы бар ма?
- Бар, ол бізді жол апатынан сақтауға көмектеседі.
- Бағдаршамның тілін алуымыз керек пе?
- Тілін алуымыз керек.
- Осымен сабағымыз аяқталды

15.04.22ж


Тақырыбы: Қай жерлерден өтуге болады
«Ескерту белгісі»
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.
Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.
Ескерту белгілері - жолдың қауіпті бөлігінің
жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл
жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы
үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін
айқындайтын шартты белгілер салынады.

«Тыйым салу белгісі»


Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын,
Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың.
Тыйым салатын белгілер.
Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен
беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне
тыйым салады .

«Нұсқау белгісі»


Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,
Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
Нұсқау белгілері – бұл топтағы белгілер
жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер
жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да
болмасын көлік түрлерінің біреуінің
нақты бағыттағы қозғалысына рұқсат
береді.

«Ақпараттық көрсеткіш белгісі»


Баратын сапардың жақынын, қашығын,
Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпенен боялған төртбұрыш, шырағым.
Бұл топтағы белгілер жол қозғалысына қатынасуларға,
жаяу жүргіншілер өтпесі орналасқан жер, қоғамдық көлік
аялдамасы, көлік тұратын орын туралы хабарлайды.
Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде
жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты
белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс
бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе
жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м
қашықтықтан анық көрінетіндей болып
жарықтандырылады.

Жаяу адамның міндеттері.


1. Жаяулар тратуардың немесе жаяу
жолдың оң жағымен, ал олар болмаса, жол
жиегімен немесе велосипед жолымен жүруі
тиіс.
2. Жолдан өтіп бара жатқанда жаяулап
себепсіз кедергі немесе тоқтап қалмауы
тиіс. Көшеден өтпес бұрын алдымен сол
жаққа, ал көшенің ортасына жеткенде оң
жаққ қарау керек.
3. Жарқылдақ маягі және арнаулы дыбыс
белгісі қосылған көлік жақындағанда
жаяулар жолдан өтпей тоса тұруы керек.
4. Қараңғыда жүргізушілер көлік айдап
бара жатқанда, жаяу адамдар үстіне жарық
қайтарғыш тағып алу керек.

Енді жол ережесіне


байланысты білімдеріңді
сынға аламыз. Біз
сендерге жолда жүру
тәртібіне байланысты
бірнеше сұрақтар
береміз. Кім жылдам?
Өздерінің ептілігі мен
жылдамдықтарыңды
көрсетіңдер.

1. Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді


қалай атаймыз? Балалар!
Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз.
Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз?
2. Балалар, жолдағы жол белгілері не үшін
керек деп ойлайсыңдар?
3. Тротуар деген не?
4. Жол белгілері қандай топтарға бөлінеді?

Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін


жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң
сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт
емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен
жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің
міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп
төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды
тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін
есіңнен шығарма!
Қай көше , қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі –заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен-кіші, баршамызға.
Жол тәртібін білейік
Аман есен жүрейік!

29.04.22ж


Тақырыбы:Жолда жүру белгілері және таңбалары
Құрметті оқушылар, бейнебаяннан көргеніміздей бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Неліктен мен сіздерге қызыл, сары, жасыл жетондар арқылы топқа бөлдім. Бұның сыры неде?
- Дұрыс айтасыздар, жолда жүру ережесі, бағдаршамның адам өміріндегі маңызы туралы болмақ. Сабағымыздың басты мақсаты егемендігі мен елдігі орнаған осындай Қазақстан атты бейбіт өлкемізде сәбилердің қуанышты күлкісі мен аналарымыздың әсем жүзі бақытқа толы болса дейміз, ол үшін әр азамат өмір қауіпсіздігін сақтап, жол тәртібін білу керек. Біз бүгін осы мақсатта жол ережелері өлкесінде қонақта боламыз. Сәт сапар, Жас ұлан!

«Жол жүру белгілері және олардың қолданысы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі машинаның аз кезінде-ақ туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен ауыстырылатын және алмастыру үшін арнайы адам тұратын еді және ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 жылы америкада электр бағдаршамы пайда болды.


Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. Қазақстанда 1917 жылға дейін 127 км ғана жол болса, елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдарының ұзындығы отыз км дейін жетті. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады.


- МАИ қызметкері дегініміз кім? Дұрыс айтасыздар, бүгін бізге МАИ қызметкері келген екен. Сіздердің ұшқыр ойларыңыз бен білімдеріңізді сынап көрмекші.


- Әр бір аймақтың өмірі көлікпен тығыз байланысты. Сондықтан жолда жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін білулерін керек. Әрбір жаяу жүргінші, әр бала жол бойында аса сабырлылықпен аспай-саспай жүріп тұруға тиіс. Сол себепті сіздерге қояр бірнеше сұрағым бар. Бірінші, жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?

Жаяу жүргіншілер жиек жолмен жүруге тиіс. Ал жол үсті тек көліктің жүруіне арналған. Жаяу жүргіншілер жиек жолдың тек оң жағымен жүреді, сонда қарсы келе жатқан адамдарға бөгет жасамайтын болады.


- Топталып келе жатқан жүргіншілер жол бойымен қалай жүруі керек?

Бір топ жаяу жүргінші тек жиек жолмен немесе келе жатқан көлікке қарсы бағытта жолдың сол жақ жиегімен екі қатардан аспай жүру керек. Олар жолды кесіп өтпек болса, екі көшенің немесе жолдың қиылысқан тұсына тоқтау керек. Негізінен жол тәртібін сақтап, жаяу жүргіншіге арналған жолмен немесе бағдаршамнан өтуі керек


- Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?
Жүгіріп келе жатқан адам айналасын бағдарлай алмай қалады және қарсы келіп қалған көлікті байқағанмен, сасқалақтап жарақаттануы мүмкін. Сондықтан әр кез сақ болып, асықпай жүрген абзал.

- Көліктің оңға бұрылатынын қалай білуге болады?


Оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады.


- Аялдамаға тоқтаған автобустың қай жағынан өту керек?


Аялдамаға тоқтаған автобустың алдынан да, артынан да өтуге болмайды. Сол айналада жол өткелі болуға тиіс, содан өту керек.
- Жол үстінде топталып жүрудің қауіптілігі неде?

Топталып келе жатқан балалар өзара әңгімеге айналып, жолда жүру ережесін ұмытып кетуі мүмкін. Сондықтан жол өткелдерінде әңгімені қойып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек.


- Жарайсыңдар, балалар, жол қауіпсіздігі туралы білімдерін жоғары екені көрініп тұр. Енді балалар www.bilimland.kz порталындағы «Видеожинақ» ресурсын көруге шақыра


- Балалар, мұқият тыңдасақ, мен сендерден осы бейнебаяннан алған білімдерінді тексеріп, емтихан аламын. Мына жерде көлік жолы Мына машинаға отырып, осы кедергілерден дұрыс өтіп, қандай белгі екенін атап беруіміз керек. Кімде-кім жол тәртібін сақтап, мүдірмей жауап берсе, жас инспектор куәлігіне ие болады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. (Әр дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдызша беріледі)

- Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар. Бүгінгі тамаша сабақ үшін сіздерге алғысым шексіз. Сіздер секілді білімді ұрпақ тұрғанда еліміз аман, жұртымыз тыныш, сәбилеріміздің жарқын күлкісі мәңгі естіледі деген үміттемін. Сабақта білімімен топта ерекше көзге түскен оқушыларды ортаға шақырамын.



 «Бағдаршам» әні.
«Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт,
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі – заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен-кіші, баршаңызға» – дей келе бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
Хормен:
Жол тәртібін білейік,
Аман-есен жүрейік.
Қазақ атты елімде,
Бақытты өмір сүрейік!

13.05.22ж


Тақырыбы:Жаяу жүргіншілер жолы
Мақсаты:Балаларға жаяу жүргіншілер жолы туралы түсіндіре отырып ережелерді есте сақтауға
Баулу.
Жолдағы қозғалыс жаяу жүргіншілердің қозғалысы тротуарларда немесе жаяу жүргіншілер жолдарында, ал олар болмаған кезде - жолдармен жүруі керек. Тротуарлар, жаяу жүргіншілер жолдары немесе арқандар болмаған кезде, мүмкін емес жерде жаяу жүргіншілер велосипед жолымен жүре алады немесе жүріс бөлігінің шетінде бір қатарға боладыЖолдардағы қозғалыс вагонның шетіне жылжу кезінде жаяу жүргіншілер қозғалысқа қарай жүруі керек көлік құралы. Жолдарда немесе қараңғыда немесе көрінбейтін жағдайда жолдармен жүру немесе жеткіліксіз болған кезде, жаяу жүргіншілерге көрсетілімдерге пайдалы элементтер бар және көлік құралдарының жүргізушілері осы нысандардың көрінуін қамтамасыз етуге шақырылады.Аяқ бағандарының қозғалысы Ұйымдастырылған жаяу жүргіншілердің жолдарындағы қозғалыс жолында қозғалыс жолында тек төрт адамнан аспайтын көліктер қозғалысымен ғана рұқсат етіледі. Сол жақтағы бағанның алдыңғы жағынан және артында қызыл жалаулармен және қараңғыда және қараңғыда және көріну жеткіліксіз болуы керек - шамдармен бірге, шамдармен: Алдыңғы - ақ, артқы, қызыл. Балаларға арналған топтарға тек тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарында, жолдарда да, олардың жоқтығы, сонымен бірге күндерде де, тек күннің жарқын уақытында, тек ересектермен бірге жүреді.Жолдың өтуі жаяу жүргіншілердің өту ережелері жаяу жүргіншілердің өтуі, соның ішінде жер асты және одан жоғары жерлерден өтуі керек, олардың ішінде тротуарда немесе Ооколин бойымен қиылыста. Көрнекілік аймағында өтпелі немесе қиылысулар болмаған кезде, жолды екі бағытта екі бағытта да жақсы көрінетін жерлердегі жерлерде жолдың жиегіне оң жақ бұрышта жылжытуға рұқсат етіледі.Жаяу жүргіншілерге реттелмейтін өткелдердің қиылысы Жаяу жүргіншілерге ауысулар Жолданған жаяу жүргіншілерге жақын көліктерге дейінгі қашықтықты, олардың жылдамдығын бағалай алады және олар үшін ауысуы қауіпсіз болатынына сенімді болады. Жаяу жүргіншілердің ауысуынан тыс вагондарды кесіп өткен кезде жаяу жүргіншілер, сонымен қатар, көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасамауы және жақын көлік құралдарының немесе басқа кедергілерге немесе жақындайтын көлік құралдарының жоқтығына көз жұмсамай-ақ кетуі керек.Жолдың жолдың қиылысы, жаяу жүргіншілер жол жүру немесе тоқтамауы керек, егер ол жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпесе, тоқтап қалмауы керек. Өтпелігін аяқтауға уақыты жоқ жаяу жүргіншілер қарама-қарсы бағыттардың көлік ағындарын бөліп көрсетуді тоқтатуы керек. Ауысуды жалғастыру үшін тек қозғалыс қауіпсіздігі және бағдаршамның сигналын ескере отырып ғана сенімді болуы мүмкін
Көк жыпылықтайтын көліктер мен арнайы дыбыстық сигналмен жақындағанда, жаяу жүргіншілер жүріс бөлігінің өтуінен аулақ болу үшін, ал олар осы көліктерге жол беруі керек және олар жолды дереу шығарып алуы керек.Бағыт көлік құралдары мен таксиді тек жүріс бөлігінің үстінде жиналып, олар болмаған жердегі қону платформаларында күтеді - тротуарда немесе бүйірде. Көшірілген қону платформаларымен жабдықталмаған көлік құралдарының аялдамалары болған жерлерде, оны тоқтағаннан кейін ғана көлікке отыруға рұқсат етіледі. Алдын ала түскеннен кейін, бұл жолды кетірмей, жолды босату қажет.
Бағдаршам Бұл бағдаршам айқын, жасыл-жүру, сары, қызыл, қызыл тұр! Көрсеткі бағдаршам көліктік шамдар көлік қозғалысын реттеу үшін қолданылады, егер бағдаршам жаяу жүргіншілердің силуэті түрінде жасалса, онда бағдаршамның қосымша шектеулерін анықтайды, содан кейін оның әрекеті тек жаяу жүргіншілерге қолданылады. Бұл жағдайда жасыл сигнал мүмкіндік береді, және қызыл жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым саладыЖаяу жүргіншілердің сол және оң жағындағы реттеу сигналдарын жүргізу бөлігін жылжытуға рұқсат етіледі; Кеуде және артынан жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады. Жаяу жүргіншілерге көлік жүргізу бөлігін реттеушінің артына жылжытуға рұқсат етіледі. Ереженің 6.14-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық көліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады.Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін Жауапкерлер «Кодекстен» Ресей Федерациясы жөнінде Әкімшілік құқық бұзушылық«N 195-ФЗ-ден Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жаяу жүргіншілердің нормаларын реттеу
Жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерімен бұзушылықтарды бұзу үшін жауапкершілік - ескертуге немесе қабаттасуға әкеледі Әкімшілік айыппұл екі жүз рубль мөлшерінде. Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу, көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасауға, үш жүз рубльге әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады. Жаяу жүргіншілердің абайсыздыққа әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу жарық тудырады немесе орта ауырлық Жәбірленушінің денсаулығына зиян - мыңнан мың бес жүз рубльге дейін әкімшілік айыппұл салуды талап етеді.
Бұл жоба қала тұрғындары мен қала көшелеріндегі мектепке дейінгі мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің ерекше маңыздылығына байланысты жасалды. Ресейде жыл сайын 2000-ға жуық бала қайтыс болып отыр, 20000-нан астам адам жарақат алды.
Жыл сайын баланың әр жүзден бір бөлігі жарақат алу салдарынан ауруханаға кіреді. 4 жастан асқан балалар үшін көлік жарақаттары Өлім мен мүгедектіктің себептері арасындағы алғашқы орындардың бірінде орналасқан. Жыл сайын бұл қауіп көлік құралдарының өсуіне және жолдың мәдениетінің төмендеуімен артып келеді.Жолдардағы жиі қайғылы жағдай жол ережелеріне сәйкес келмейді, олардың білмеуі. Оқыту ережелері Қауіпсіз мінез-құлық Бұл GEF талаптарының бірі.Жобаның өзектілігі - бұл балалардың әлеуметтік қызығушылықты қанағаттандыруға бағытталған танымдық дамуы тек ересектердің басты басшылығының жағдайында ғана қалыптасады.Мүмкіндігінше ертерек ояну, жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысының практикалық дағдыларын дамытуға деген ұмтылысты дамыту және арттыру маңызды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет