Тақырыбы:Трамвайда және көліктің басқада түрлерінде сапарға шығу Мақсаты: Балалардың қай жерде ойнауға және қай жерде ойнамау туралы білімдерін кеңейту. Ойын арқылы бағдаршам, негізгі жол, жиек жол, машина түрлері жайында нақтылай білім беру. Қарапайым көшеде жүру ережелерін естеріне сақтау. Өзара сыпайы болуға, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Хат, бағдаршам, жеке суреттер, көше қилысының макеті, ала жол, жол белгілері.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері: -Балалар, бүгін «Қай жерде ойнауға болады және қай жерде ойнауға болмайды-?» яғни жолда жүру ережесімен танысамыз. - Жол ережесін бұзуға бола ма - ? - Қандай бала жол ережесін бұзбайды - ?
- Жолдың арғы бетіне қалай өту керек - ?
Тақтада не көріп тұрсыңдар-?
Үш түсті кім атап береді-?
Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Жасыл көзі «жүр»дейді,
Қызыл көзі «тұр»дейді.
Сары көзі «дайын бол»дейді.Бұл не-? (Бағдаршам).
- Балалар бүгін жұмысқа келе жатқанда пошташы мына хатты берді, бұл кімнен екен? Ашып оқиық. «Мен Данияр кездей соқ оқиғаға тап болдым, Жол үстінде ойнаймын деп жаман жағдайға ұшырадым. Қай жерде ойнауға болады және қай жерде ойнауға болмайды? Маған көмектесулеріңді сұраймын», - деп сұрапты, балалар, біз Даниярға көмектесемізбе?
Балалар: - Әрине көмектесеміз. (Осы кезде есікті тықылдатып, Данияр мен дәрігер кіреді)
Мұғалім: - Балалар, бізге Данияр мен дәрігер қонаққа келді. Данияр саған не жағдай болды?
Мысық:- Менің қатты ойнағым келіп, жолда ойнап едім жаман жағдайға ұшырадым. Дәрігер маған бірінші жәрдем көрсетті. Мені сендерге әкелді. Дәрігер: - Сендер Даниярға қай жерде ойнауға болмайтынын үйретесіңдер ме?