4. Үйге тапсырма: 93 бет мәнерлеп оқу., сурет сал.
Күні:
Сабақ: ана тілі
Тақырыбы: Сырбай Мәуленов « Мен елімді сүйемін» Өз біліміңді тексер.
Мақсаты мен міндеттер: мәтіндіі оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: мәтінді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: мемлекеттік рәміздер суреттері.
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау; Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру
Б. Соқпақбаев «Сен ұйықтап жатқанда»- жоспар бойынша әңгімелеу.
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Сырыбай Мәуленов – 1922-1993- көрнекті ақын.
Оқулық бойынша жұмыс 97-98 бет «Мен елімді сүйемін»
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-тізбек бойынша оқу
тұтас оқу
мәтінде не туралы айтылған?
мәтіннен жазушының көңіл-күйін түсініп оқы.
-Шығармадағы негізгі ойды ата: туған ел, туған жер, туған тіл.
Сергіту сәті
3. Жаңа білімді бекіту:
Сызбадағы сөздерді пайдаланып ,мәтінді әңгімеле:
Бәрі де керемет сипат!
|
Ана әлдиі көгілдір аспан
Әже ертегісі Сағынасың, көгілдір көл
түсіңе енеді көк шөп
Жеңге әзілі шағала
Балғын шақ Туған жер құлыншақ
Балалық шақ мөлдір ауасы
Туғандрадың күлкілері үйдің табалдырығы
|
Мәтін бойынша сурет салып көр- өзіндік жұмыс
«Туған елім, туған жерім» бөлімі бойынша тест
. 1 Қазақстан туындағы еркіндіктің, тәуелсіздің, бостандықтың нышаны-
А) күн
Ә) өрнек
Б) қыран
В) жұлдыз
2. Елтаңбадағы «Отан от басынан басталады» деген киелі ұғым не арқылы бейнеленген?
А)тұлпар
Б) шаңырақ
Ә)күн
В) жұлдыз
3. Қазақстан Республикасы Әнұранының әнін кім жазған?
А) Ш. Қалдаяқов
Ә) Ж. Нәжмеденов
Б) Н. Назарбаев
В) М. Әлімбаев
4.Тәуелсіз елдің балаларын еңбекке, адалдыққа шақыратын мәтінді ата.
А) Ш. Құдайбердіұлы Бостандықтың таңы атты
Ә) С. Мәуленов Мен елімді сүйемін
Б) С. Сейфуллин Туған ел
В)Д. Әбілев Туған тілім
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны мен Ш. Құдайбердіұлының «Бостандық таңы атты» мәтіндерінде қайталанатын сөзді тап
А)бірлік
Ә) қазағым
Б) еркіндік
В) елім
6. Д. Әбілевтің «Туған тілім» өлеңінің 1-ші шұмағы қалай аяқталады?
А) Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Ә) Туған тілім –далам тілі-өз тілім! Туған тілім-адам тілі- өз тілім!
Б) Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып –ақ алыңдар.
В)
7. «Туған жерсіз адамның күні жоқ» кімнің шығармасынан алынған?
А) С. Сейфуллин Туған ел
Ә) Ә. Кекілбай Ауыл таңы
Б) С. Мәуленов Мен елімді сүйемін
В) Ш. Құдайбердіұлы Бостандықтың таңы атты
8. Қай өлеңде туған жерді анаға теңейді?
А) М. Мақатаев Үш бақытым
Ә) Д. Әбілев Туған тілім
Б) С. Сейфуллин Туған ел
В) Ш. Құдайбердіұлы Бостандықтың таңы атты
9 .М. Мақатаевтың «Үш бақытым» деп отырғаны-... ?
А) білім, өнер, ғылым
Ә) бейбітшілік, ынтымақ, бірлік
Б) Отан, халық, тіл
В) әке, ана, бала
10. Туған тіл туралы жырлаған ақынды ата.
А) М. Мақатаев
Ә) Д. Әбілев
Б) М. Жұмабаев
В)Т. Айбергенов
4. Үйге тапсырма: 97-98 бет түсініп оқы, әңгімеле.
Күні:
Сабақ: ана тілі
Тақырыбы: «Халық қорғаны». «Алмас қылышты ардагер» ел аузынан
Мақсаты мен міндеттер: мәтіндерді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық:өлеңді, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: мемлекеттік рәміздер суреттері.
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау; Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру.
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Ата-бабам тарихы-менің тарихым- бөлімін бастаймыз
102 беттегі сурет бойынша жұмыс:
-Суретте кімдер бейнеленген?
-Суреттегі ақ боз атқа мінген батырды кім дер едіңдер?
-Олардың қазақ батырлары екенін неден аңғардыңдар?
-Қазақ батырлары неге атқа қонды?
Оқулық бойынша жұмыс 102-107 бет «Халық қорғаны» «Алмас қылышты ардагер»
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-тізбек бойынша оқу
тұтас оқу
Сөздік жұмыс: шұбырынды, жасақ, ақылгөй, жарақ, жарым, пырақ.
мәтінде не туралы айтылған?
Сөздік жұмыс: мәміле, тоқырау, уәж, ірігенді ширату, буырқану.
Сергіту сәті
3. Жаңа білімді бекіту: мәтінге сүйеніп сызбаларды толтыр
Екі мәтінді салыстыр: кестені толтыр:
Жоғарыдағы мәтіндер арасында сурет пен байланысы бар ма ? Қандай?
Сызбаны толтыр:
Бұқар жыраудың теңеулері Халықтың батырға құрметі
Қабанбай
Достарыңызбен бөлісу: |