Бауыржан Момышұлы (1910—1982) Әлия Молдағулова(1925-1944)
Бүгін сабақта Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларымыз туралы оқимыз
Оқулық бойынша жұмыс 131-132 бет «Батыр Бауыржан», 134-136бет «Кобаттың әңгімесі»
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-тізбек бойынша оқу
тұтас оқу
мәтіндерде кім, не туралы айтылған?
Сөздік жұмыс: деректі әңгіме-нақты болған оқиға
1941 жылы қандай оқиға болды?
Полк командирлері не үшін жиналды?
Бауыржан жігіттерге не айтты?
Мәтіндегі мақалдарды оқы
Әңгімені айтып отырған кім?
Комбатқа мергендер неге ұнамады?
Әлия қандай қыз екен?
Оны неден аңғарды?
Сергіту сәті
3.Жаңа білімді бекіту:
-Мәтіндерді мәнерлеп тұтас оқу
-мәтінді іштей тұтас оқу
- мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
Дәптермен жұмыс: мақалдарды теріп жаз:
«Төртеуі түгел болса, төбедегі келер, алтау ала болса, ауыздағы кетер»
«Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді»
«Ел намысы-ер намысы»
«Қазақ баласы-ар мен намыс иесі»
136 беттегі сөзжұмбақты шеш.
4. Үйге тапсырма: 131-132 бет әңг.,№8 тап.,134-136бет оқу, әң
Күні:
Сабақ: ана тілі
Тақырыбы: М. Тәнекеев «Қажымұқан» К. Қазыбаев «Ту тіккен Рақымжан»
Мақсаты мен міндеттер: мәтіндерді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: суреттер Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағулова., Қажымұқан
Достарыңызбен бөлісу: |