Сабақ: ана тілі Тақырыбы: М. Ғабдуллин «Батыр Бауыржан»



Дата10.06.2017
өлшемі72,01 Kb.
#18914
түріСабақ
Күні:27.11.2013 жыл

Сабақ: ана тілі

Тақырыбы: М. Ғабдуллин «Батыр Бауыржан»

1.Білімділік: мәтіндерді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, оқушыларға қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы болған Бауыржан Момышұлы, Нүркен Әбдіровтың ерліктері жайлы мағлұмат беру.Түсініп оқып, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісі мен білім, қызығушылық, есте сақтау іскерлік, шапшаңдық жігерлік қабілеттірін ынтасын дамыту .Талдау қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: Оқушылардың бойындағы патриоттық сезімдерін оятып және дамыта отырып тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын технологиялар:

1.Топтастыру әдісі.

а) АКТ-ны пайдалану

ә) Топтастыру әдісі

б) ТВ-шоу әдісі

в) Конверт тарату

г) Постер әдісі



2.СТО

а) Топпен жұмыс

ә) Ой шақыру

б) Миға шабуыл.



3.Шығармашылықпен жұмыс.

а) Суретке қарап әңгіме құрап жазу.

ә) Сұрақ жауап минуты.

Сабақ түрі : аралас, панорамалық сабақ.

Пән аралық байланыс:қазақ тілі, математика,тарих,өмірмен байланыс.

Көрнекіліктер: Қазақ зиялыларының суреттері,желтоқсан құрбандарының суреті,

М.Ғабдуллин,Н.Әбдіров,Б. Момышұлы суреттері,постер,слайдтар,карта.



Әдіс-тәсілдер: топтық,жұптық , талдау, сипаттау

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі :

1.Оқушылардың көңіл күйіне назар аудару.

2.Оқушыларды,оқу құралдарын түгелдеу.

3.Оқушыларды топқа бөлу.

Стол үстіне топтың аты жазылған кпрточкаларды көрсетпей қоямын,оқушылар біреуден алып сол бойынша сол топқа орналасады.

1-топ «316-дивизия», 2-топ«Қызыл жұлдыз»

3-топ «Ұшқан ұя», 4-топ«1941-1945 жыл»

5-топ «Батыр Бауыржан»



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Өлеңді мәнерлеп жатқа айту.

2.Үйге қосымша, өз тұрған жерлеріңде Кеңес Одағының Батырлары атында көше ,мектептер болса,олар туралы деректер жинап дәптерге жазып келу берілген болатын. Сол деректерді оқыту

3.Оқушы еңбегін формативті түрде жүйелі бағалап отыру.



ІІІ.Жаңа сабаққа ену.

а) Бауыржан Момышұлы туралы видео-трэйк ролик көрсету .

ә) «Миға шабуыл»

1)-- Балалар бұл видео-трэйк ролик кім туралы?

2) – Қалай ойлайсыңдар мен неге Бауыржан ата туралы қысқа видео ролик

көрсеттім?



3) -- Бауыржан ата мен Нүркен аталарыңның арасында қандай байланыс болуы мүмкін?

б) «Ой шақыру»

а) 316 саны неше таңбалы сан?

ә) «Қызыл », «Батыр » сөздері қай сөз табына жатады?

б) Неге топтың аты «316-дивизия», «Қызыл жұлдыз», «Ұшқан ұя»,

«1941-1945 жыл», «Батыр Бауыржан» деп аталды деп ойлайсыңдар?

Балалар өз топтарының аталуы жөнінде 1-2 ауыз сөзбен баяндайды.

Өзім әңгімелеп беремін.

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы болды. Соғыстың алғашқы күнінен бастап қазақ халқы да фашизмге қарсы аттанып, соғысты жеңіспен аяқтау үшін барлық күш-жігерлерін жұмсады,асқан ерліктер көрсетті.

Топпен жұмыс.

Әр топтан диктор сайлап , әңгімені бөліп беремін. Диктор мәнерлеп оқып, өзінің түсінгенін оқушыларға түсіндіруге тырысады.



ТВ Шоу тәсілі.

«Бәрі есімде»- бағдарламасы бойынша арамыздан бір теле жүргізуші сайлап алайық.

Жүргізуші әр топқа сұрақтар қояды.

  • Мәтіндерде кім, не туралы айтылған?

  • 1941 жылы қандай оқиға болды?

  • Полк командирлері не үшін жиналды?

  • Бауыржан жігіттерге не айтты?

  • Бозжанов жауынгерлер атынан не айтты?

  • Жүргізуші әр топқа 2 сұрақтан салынған суретті конверт береді.

Ол конвертте деңгейлік,шығармашылық сұрақтар жазылған.

100 Б.Момышұлының қандай нақыл сөздерін білесің?

доллар: Б.Момышұлының қандай ннаградаларын білесіңдер?

10000 тг: Б.Момышұлы қай күні туылған?

Б.Момышұлының қандай өнері бар?



10000 тг: Б.Момышұлы қай жылы «Халық қаһарманы» атағын алды?

Б.Момышұлының қандай өнері бар?



5000 тг: Б. Момышұлы қай жерде дүниеге келген?

Оның ұлының есімі кім?



2000 тг: Б. Момышұлы қай жылы туылған?

Б.Момышұлының қандай шығармалары бар?



100 доллар - 10 балл.

10000тг--- 8 балл.

10000тг--- 8балл.

5000тг--- 6 балл.

2000тг— 5 балл.

Сергіту сәті:Семантикалық картамен жұмыс.




Абай

Құнан


баев

Шоқан Уали-

ханов


Бауыр

жан


Момышұлы

Қабан-

бай


Төле би

Ыбырай

Алтынса


рин

Сәкен

Сейфуллин



Қайрат Рысқұл

бе ков



Нүркен Әбдіров

Тарихи адамдар




























Қазақ батырлары




























Ұлы Отан соғысының батырлары




























Желтоқсан оқиғасының құрбандары




























Қазақ зиялылары




























Жұмыстарының қорытындысы бойынша оқушыларды формативті бағалау.

9 жауап— 10 балл.

8-7 жауап 9 балл.

6-5 жауап 7 балл.

4-2 жауап 5 балл.

1-жауап 2 балл.

3.Жаңа білімді бекіту:

Дәптермен жұмыс: мақалдарды көшіріп жазу:

«Төртеуі түгел болса, төбедегі келер, алтау ала болса, ауыздағы кетер»

«Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді»



«Ел намысы-ер намысы»

4. Үйге тапсырма: Суретке қарап «Батыр Бауыржан»тақырыбына әңгіме құрап жазу. Түсініп оқып келу.

Ой шақыру:

Постер әдісін пайдалану.

«Қазақ баласы - ар мен намыс иесі» дегенді қалай түсінесің? Өзің осы атаққа лайық болатындай не істеп жүрсің?

Қорытындылау:топ басшысымен бағалау критериін талдау.

«Ең жоғарғы дәрежелі ,білімді» топ.—50 балл.

«Білімді жас ұрпақ» тобы –40-45 балл.

«Екпінді ,алғыр» топ---30-35 балл.

«Білегеш» топ—20-25 балл. Т.с с


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет