Сабақтың басы:
10 мин
Сабақтың ортасы:
25
мин
|
«Қарсы жүгіру». Бұл ойынға қатысатын екі команда А сөре сызығының және В сөре сызығының артынан орын алып, бағандарға тұрады. С мәре сызығы сөре сызығынан (А және В) 9 м арақашықтықта орналасқан. Белгі бойынша командалардың бірінші нөмірлері бір уақытта бастап, С мәре сызығына қарай жүгіреді. Бірінші болып мәреге жеткен жүгіруші өз командасына 1 балл алып келеді. Әрбір команда алған балдарды есептегеннен кейін, жеңімпаз команда анықталады.
1.Қарқынмен 60-80 м жүгіру.
1.Арнайы жүгіру жаттығулар
а) бір қалыпты жүгіру;
ә) аяқты артқа сермеп жүгіру;
б) санды жоғары көтеріп жүгіру;
в) адымдап жүгіру;
г) жылдам жүгіру.
Cөрелік тұрыс техникасы.
«Сөреге!» деген пәрменен кейін жүгіруші сөре сызығынан 1,5 табан аралығында тұрып, жүгіру жылдамдығын алатын аяқпен тізерлеп отырады, екі қолды сөре сызығына қойғанда дене салмағы қолдың білезік саусақтарына түсу керек, бас бармағының саусағы ішке, қалған саусақтарды сыртқа бұрып, иықты сөре сызығынан асырмай жәймен алға жатқызып, көзбен төмен алға назар аудару
керек.
«Дайындал!» пәрменінен соң жүгіруші тізені жерден көтеріп, жамбасты иықтан жоғары ж/е денені алға жоғары көтереді, ал аяқтар түзуленіп, дене салмағы қолға түсу керек.
«Бас!» немесе «Жүгір!» пәрменінен соң, жүгіруші қолдарын жүгіру алаңынан алып ж/е бір уақытта аяқтарын алға итеру керек. Бірінші адым төсенішті болу керек. Ал бірініші 3-4 адымдар келесі адымдарға қарағанда қысқа болу керек.
|
Үш шапалақ
|