5-бөлім:
|
Бос уақыт және хобби
|
Тақырып:
|
Бос уақыт. Шахмат
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
|
5.Ж6. Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып түзету және редакциялау.
|
Бағалау критерийі:
|
1.Мәтінді есте сақтайды.
2.Мәтіндегі қателерді тауып, орфографиялық сөздіктерге сүйеніп түзетеді.
3.Түзетілген сөздерді ережеге сай дәлелдейді.
4.Мәтін бойынша ой қорытады.
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар орындай алады:
|
Мәтіндегі орфографиялық қателерді табады, түзетеді.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
Мәтіндегі сөздерді тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексереді, түзетеді, редакциялайды.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
Мәтіндегі қателерді түзетуде емле ережесін басшылыққа ала отырып түсіндіре алады.
|
Тілдік мақсат:
|
Оқушылар орындай алады:
|
көреді, түртіп отырады, жазады, қатені табады, түзетеді, салыстырады, түсіндіреді, еске түсіреді, жинақтайды, қайта жазады.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
|
парсы, эрамызға, үндістандық математик, шахмат тақтасы, 64 шаршы, шахмат фигуралары, т.б.
|
Диалог құруға /шығарма жазуға/ арналған пайдалы тіркестер:
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
1. «Уақытты пайдаға жарату» дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Уақытты босқа өткізуді қалай түсінесің?
3. Бос уақытыңызда қандай спорт түрлерімен айналысар едіңіздер?
4. Кім шахмат ойнағанды жақсы көреді?
|
Ишара -
|
Алдыңғы оқу:
|
Хобби, бос уақытты тиімді пайдалану.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Басы
5 мин.
|
Ұйымдастыру бөлімі:
«Пазл» әдісі арқылы топқа бөлу.
Ақыл-ой спортының түрлері (шахмат, шашка, тоғызқұмалақ)
|
пазлдар
|
Ортасы
30 мин.
|
1-тапсырма
«Түртіп алу» әдісі:
100-120 сөзден тұратын «Шахмат – ақыл-ой спорты» тақырыбындағы аудиомәтін тыңдату, керекті мәліметтерді түртіп отыру.
|
«massaget.kz» сайтынан алынған аудиомәтін
|
|
«Сұрақтар жаңбыры» әдісі:
Берілген мәтін негізінде оқушылар талқылауға арналған сұрақ дайындап, топтар бір-біріне лақтырады, жауабын жазып, кері лақтырады.
|
ғаламтор материалы
|
«Бірге жазамыз, бірге талдаймыз» әдісі:
«Бос уақытымды қалай өткіземін»
«Менің хоббім»
«Шахмат үйірмесінде» тақырыптарын ұсынамын.
Осы негізде жазылған мәтіндерді топтар бірін-бірі тексеріп, қатесін дұрыстап, оларды дәлелдеп, қайта өңдеп, жазады.
|
орфографиялық сөздік және
«lugat.kz» сөздіктер сайты
|
Дескриптор:
1. Аудиожазбаны тыңдайды, керекті мәліметті түртіп алады;
2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.
3. Берілген тақырып бойынша мәтін жазады;
4. Сөздер мен сөйлемдерді түзетіп, өңдеп, қайта жазады;
ҚБ: «Мадақтау сэндвичі» әдісімен
|
2-тапсырма
«Ой моншақ» әдісі:
«Ағамның арманы» тақырыбындағы оқушы жазған мәтіндегі қателерді тауып, оларды ережеге сүйене отырып түзетіп, өңдеп, қайта жазды.
бастапқы
|
түзетілген
|
талдау
|
Ағам жасынан шахмат ойынына құмар болып өсті. Мектебіміздегі шахмат үйірмесіне қатысып, жарыстарда көзге түсе бастады. Ол күн сайын үш, төрт сағат уақытын шахмат ойнауға арнайды. Оның арманы – Қазақстандық әлемдегі ең жас шахмат шебері Жансаядай болу.
Шахмат адамның ой өрісін дамытады, сондай-ақ шыдамдылық ұстамдылық сияқты қасиеттерді талап етеді. Ағам өзінің уақытын сүйікті ісіне арнап жүр. Мен ағамның әрбір жеңісін мақтан тұтамын және болашақта бейіктерді бағындыратынына сенімдімін.
|
Ағам жасынан шахмат ойынына құмар болып өсті. Мектебіміздегі шахмат үйірмесіне қатысып, жарыстарда көзге түсе бастады. Ол
күн сайын үш-төрт сағат уақытын шахмат ойнауға арнайды. Оның арманы – қазақстандық әлемдегі ең жас шахмат шебері Жансаядай болу.
Шахмат адамның ой-өрісін дамытады, сондай-ақ шыдамдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді талап етеді. Ағам өзінің уақытын сүйікті ісіне арнап жүр. Мен ағамның әрбір жеңісін мақтан тұтамын және болашақта биіктерді бағындыратынына сенімдімін.
|
1. үш-төрт қос болғандықтан арасына дефис қойылады.
2. қазақстандық сөзі кіші әріппен жазылады, себебі ол – жалпы
халық мағынасында.
3. ой-өрісін қос сөз болғандықтан арасына дефис қойылады.
4. шыдамдылық, ұстамдылық сөздерінің арасына бірыңғай мүше болғандықтан үтір қойылады.
5.Сияқты сөзін орфоэпиялық заңдылықпен жазған, бірақ орфографиялық заңдылық бойынша
а орнына я әріпі жазылу керек.
|
Дескриптор:
Берілген мәтіндегі қателерді таба алады.
Қателерді орфографиялық сөздікке сүйеніп түзетеді.
Мәтінді өңдейді, қайта жазады.
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен
|
«Ағамның арманы» тақырыбындағы оқушының қате жазған мәтіні, орфографиялық сөздік және
«lugat.kz» сөздіктер сайты
|
Соңы
10 мин.
|
Кері байланыс «Шахмат тақтасы» әдісімен:
Шахмат тақтасының қара шаршысына бүгін сабақта не үйреніп, қандай нәтижеге қол жеткізгені туралы өз ойын жазып, іледі.
|
шахмат тақтасы бар сурет, стикерлер.
|
Қосымша мәлімет:
|
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай
жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
|
Бағалау – оқушы білімін
тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пəнаралық байланыс –
Денсаулық жəне қауіпсіздік,
АКТ-мен байланыс.
Құндылықтармен байланыс
(тəрбие элементі)
|
2017 жылдың 27 сәуірінде аудандық “Дендер” үнқағазының “Спорт” айдарында жарияланған “Қазақстанның спорт шебері” тақырыбындағы мәтінде кеткен қателерді тауып, түзетіп, өңдеп, қайта жазу.
|
ҚБ: Оқушылар жазған мәтіндерін жұп болып тексеріп, бір-бірін бағалайды.
|
Пәнаралық байланыс-
өзін-өзі тану, дене шынықтыру.
АКТ-мен байланыс-
қосымша дереккөз материалдары, аудандық “Дендер” үнқағазының «dender_gz10@mail.ru» сайты.
Құндылықтармен байланыс-
1.Өмір бойы білім алу 2.Ынтымақтастық
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері
орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?
(тапсырмалар сəйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?
|
Жаңа сабағымның мақсатын нақты етіп құруды үйрендім.
Мақсатқа жету жолында тиімді әдіс-тәсілдерді таңдауды түсіндім.
Оқушыларды өз бетімен ізденіп оқуға жетеледім.
Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің тәсілдерін таңдадым.
Оқушы бойында жаңа мүмкіндіктер ашылуына жол аштым.
Сабаққа қажетті ресурстарды АКТ-ны пайдаланып таңдай алады.
Сұрақтарға күнделікті өмірмен байланыста нақты жауап береді.
|
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1:
2:
Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту
мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі
сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1:
2:
|