Калий хлораты калий хлориді мен оттегіге толық айналғанда ғана реакция тоқтайды. Қайтымсыз реакциялар онша көп емес.Реакциялардың көбі қайтымды болады.
Қайтымды реакциялар деп өзара қарама-қарсы екі бағытта да жүретін реакцияларды айтады.
Қайтымды реакциялар теңдеулерінің оң және сол жақтарының арасына қарама-қарсы жаққа бағытталған екі стрелка қояды.Қайтымды реакцияға сутегімен азоттан аммиакты синтездеу мысал болады:
N2 + 3 Н2 2 NН3 + Q
Техникада қайтымды реакциялар, әдетте,тиімсіз.Сондықтан оларды әртүрлі әдістермен (қысымды,температураны, және т.б.өзгерте отырып)іс жүзінде қайтымсыз реакцияға айналдырады. Қайтымсыз реакцияларға олар жүрген кезде.
алынған өнімнің біреуі реакция сферасынан бөлініп тұнба түрінде,газ күйінде ұшып кететін, мысалы:
ВаСІ 2 + Н2 SO4 =ВаSO4 ↓ + 2HCl
Na2CO3+ 2HCl = 2NaCI + CO2 ↑ + H2O
өте аз диссоцияланатын қоcылыс түзілетін, мысалы су
НСl + NaOH = H2O + NaCl
реакция жүргенде өте көп жылу бөлініп шығатын, мәселен магнийдің жану реакциялары жатады.
2Mg + O2 = 2 Mg O, ∆Н =+602,5 кДж/моль.
Қайтымды реакциялар теңдеуінің оң және сол бөлігінің ортасына тепе-теңдік белгісі немесе стрелка қойылады.
Химиялық тепе-теңдік
Достарыңызбен бөлісу: |