Сабақ атауы 1 Д. И. Менделеев жасаған химикалық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы Сілтеме



бет11/37
Дата20.09.2023
өлшемі270,54 Kb.
#181644
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Байланысты:
Химия кмж 10 сынып

Тақырыпты ашу(білу):

Слайдта түрлі элементтердің таңбалары беріледі,ішінде металдар да, бейметалдар да бар.Оның не мақсатпен, неліктен көрсетіп отырғанымды сұрау. Оқушылар жауаптарын береді, мен оларды формативті бағалау үшін жұлдызшалар таратамын.
Содан соң сергіту сәтін жүргіземін. Оқушылар сәл билеп алады, суреттер қиындыларын жинақтау арқылы топтарына жайғасады.



Жаңа сабақ
Мағынаны тану(түсіну):

Топтық жұмыс, постерлер қорғау,топтарды критерий арқылы бағалау. Атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістік сөздері бар қағаздарды таратып беремін, сондағы тақырыпшалар арқылы оқушылар мәтінге дайындалады. Уақыт аяқталған соң мәтінді қорғап, бағалайды. тақырып қиындау болған соң мұғалім міндетті түрде бекітіп, түсініксіз жерлерін ұғындыруы қажет.2-20, 2-21, 2-22 суреттерімен, 2.4-кестемен жұмыс жасалуы керек.






Топтар

периодтар қатарлар

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Ү

ҮІ

ҮІІ

ҮІІІ

1

1

Н-2,1






















2

2

Li - 1,0

Be - 1,5

B - 2,0

C - 2,5

N - 3,0

O - 3,5

F - 4,0




3

3

Na - 0,9

Mg - 1,2

Al - 1,5

Si - 1,8

P - 2,2

S-2,5

Cl-3,0




4

4

K-0,8

Ca-1,0










Cr-1,7

Br-2,8

Fe-1,8




5




Zn-1,6



















5

6

Rb-0,8

Sr-0,9













I-2,5







7

Cs-0,7

Ba-0,8






















Жеке жұмыс
(сабақты бекіту):



Есептер жинағынан жеке оқушыларға тапсырмалар беруге болады
1. Элементтердің қандай қасиеттері периодты өзгереді? ІІ және ІІІ период элементтерін мысалға алып түсіндір
2. Неліктен электртерістік өзгереді?
3. Атом құрылысы тұрғысынан қандай элементте бейметалдық қасиет анық байқалады? а) N және As; ә) C және Si
4. Атом құрылысы тұрғысынан қандай элементте металдық қасиет анық байқалады? а)Са және Zn; ә) Sr және Сd
5. Қасиеттері бойынша күрт ерекшеленетін екі элементті атаңдар: а) бір топта; ә)бір периодта. Оның себебін түсіндіріңдер
Осы тапсырмаларға қосымша деңгейі жоғары оқушыларға ҰБТ-ға дайындық сұрақтарын талдауға беруге болады.



Кейінгі тапсырмалар

1) Н-тен Ne-ға дейінгі элемент атомдары құрылыстарының сапалық өзгеруі мен сандық өзгерістерін салыстыру және сандық өзгерістер (сыртқы электрондық қабаттағы сан) сапалыққа (элементтермен түзілген жәй заттар мен қосылыстардың қасиеттерінің сипаты) көшетіндігі туралы қорытынды жасау;
2) электрон қабаттары тұрғысынан қасиеттер өзгерісінің тез секіруін түсіндіру(галогеннің Ғ инертті газбен Ne ауысуы, инертті элементтің сілтілік металмен Na ауысуы). сандық өзгерістер сапалық өзгеріске сыртқы электрон деңгейі аяқталғанда (Ғ- Ne) және жаңа деңгей пайда болғанда секірмелі түрде ауысады.

Бағалау

Формативті бағалау : екі жұлдыз,бір ұсыныс.
Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына Критерий арқылы бағалайды



Кері байланыс

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы

Үйге тапсырма

§2.7. 3-6 тапсырмалар
§2.8. 8 тапсырма



7 сабақ



Химия

10 сыныбы



Сабақ тақырыбы:

§2.9. Атомдардың валенттігі және тотығу дәрежесі

Сілтеме:

10 сынып оқулығы ( жаратылыстану- математикалық бағыт) ,

Жалпы мақсаттар:

Білу, түсіну: ковалентті және ионды байланысы бар қосылыстардың түзілу механизміне сүйене отырып, валенттіліктің табиғатын қарастыру, атом молекуладағы күйінің сипаттамасы ретінде тотығу дәрежесі жөніндегі ұғымдарын жүйелеу және тереңдету
Қолдану, жинақтау: сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар, есептер шығару арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік: жылдам шешім қабылдай алуға, іскерлік пен нақтылыққа, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу



Күтілетін нәтижесі

Атом құрылысы тұрғысынан валенттік ұғымының мәнін түсінеді

Түйінді идеялар

Валенттік - молекуладағы атомдардың химиялық байланысының саны. Тотығу дәрежесі - қосылыстардағы атомның шартты заряды

Сабақтың әдісі

Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі

Сабақтың көрнекілігі

Периодтық кесте, интерактивті тақта, слайдтар, постерлер

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгендеу
2. Оқушыларды сабақтың жоспарымен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (әр оқушы жеке компьютерде тапсырмаларды орындайды)
1. Ізденген жетер мұратқа(тірек сызбаларды анықтамалар арқылы түсіндіреді)
2. Білімді мыңды жығар(деңгейлік тапсырмаларды электрондық оқулықтан орындайды)
3. Біліміңді сынап көр (тест тапсырмаларды электронды оқулықтан орындап, нәтижесін алады)
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Валенттілік
2. Тотығу дәрежесі
ІҮ. Сабақты бекіту
1. Миға шабуыл
2. Тапқыр болсаң, тауып көр
3. Ғажайып химия
Ү. Қорытындылау
1. Бағалау
2. Үй тапсырмасын түсіндіру

Ұйымдастыру

Ынтымақтастық атмосферасын құру
Сабаққа дайындықтарын сұрау
Топқа бөлу: химиялық лабораториялық суреттер арқылы



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:



1. Ізденген жетер мұратқа(тірек сызбалармен жұмыс)
Элементтердің периодты түрде өзгеретін қасиеттері: атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік.
Атомнан электрон үзіп алғанда катион түзіледі :
Э0 + J ꞊ Эn+ + ne-
Атом радиусы - атомның үлкен кішілігін шартты түрде жуық сипаттайтын шама:
-Период бойынша: Ядро заряды солдан оңға қарай артады, Электронның ядроға тартылуы солдан оңға қарай артады, Атом радиусы солдан оңға қарай кішірейеді
Негізгі, s, p топшада элементтердің атом радиусы тез өседі
дар радиусы: Ядро заряды Жоғарыдан төмен қарай өседі,
-топша бойынша: Электронның ядроға тартылуы. Жоғарыдан төмен қарай кемиді,
Қосымша топшада d, f элементтер радиустарының өсуі баяулайды, Атом радиусы жоғарыдан төмен қарай өседі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет