Сабақ атауы 1 Д. И. Менделеев жасаған химикалық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы Сілтеме



бет9/37
Дата20.09.2023
өлшемі270,54 Kb.
#181644
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
Байланысты:
Химия кмж 10 сынып

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы

Үйге тапсырма

§2.3. 5-9 тапсырмалар



Сыныбы:

10

Пәні:

Химия

Тақырып:

§2.4. Энергетикалық деңгейлердің құрылысы
§2.5. Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымын негіздеу

Түйінді идеялар:

Электрондық орбитальдардың пішіні әртүрлі, олар кеңістікте түрліше орналасып, энергетикалық деңгейлердің s, p, d, f - деңгейшелерін түзеді.



Мақсаты:

Білу, түсіну: электрондық деңгейдің құрылысымен танысу, паули принципі, квант саны түсініктерімен танысу, әр элементтің электрондық қауыз моделін түсіну
Қолдану: атомдағы электрондық орбитальдардың толтырылуын нақты мысалдармен түсіндіру

Көрнекілік:

Интерактивті тақта, химиялық суреттер, постерлер, периодтық кесте, ноутбук,интернет ресурстары,бейнефильмдер

Әдіс-тәсіл:

Сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, өзара бағалау, талантты, дарынды оқушыларды анықтау

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді, бір-бірін мұқият тыңдап, толықтырып, өзара сыйластық, ынтымақтастық ахуалды қалыптастырады, критерий арқылы бағалай алады, қатемен жұмыс жасайды, ортақ қорытынды шығарады.

Тапсырмалар:

Мұғалім іс-әрекеті:

  1. Ынтымақтастық атмосферасын құру

  2. Топтарға бөлу

  3. Мәтінмен жұмыс: тапсырма үлестіреді, бақылайды, бағыт береді

  4. Бағалау түрін анықтайды

  5. Тапсырма үлестіреді, бағыт береді

  6. Жалпы сабақтың барысын бақылауда ұстайды

Оқушының іс-әрекеті:

  1. Топқа бөлінеді, топ басшысын анықтайды

  2. Мәтінмен жұмыс жасап, постерлерді қорғайды

  3. Жұптық жұмыс, өзара бағалау

  4. Диалог әдісімен өзіндік пікірін білдіреді, бағалайды, оны негіздейді, ұсыныс жасайды

  5. Жеке жұмыс, өз-өзін бағалау

  6. Оқулық, қосымша мәлімет жинау, неге деген ашық сұрақтарға ойланып жауап береді, сурет салады

  7. Қиын тапсырмалар орындайды, жұмыс дәптерін толтырады

  8. Кері байланыс парағын толтырады

Сабақтың барысы:




Ұйымдастыру:

  1. Ынтымақтастық атмосферасын құру

  2. Сабаққа дайындықтарын сұрау

  3. Топқа бөлу: химиялық лабораториялық суреттер арқылы

Тақырыпты ашу(білу):

N L M S P тақтадағы осы әріптер арқылы бұрынғы білімдеріне сүйеніп тақырыпты ашады

Сергіту сәті

сергіту сәтін жүргіземін. Оқушылар с, п, д, ф әріптерінен келетін тілектерді бір-біріне жазады, одан соң мен s, p, d, f формулалары жазылған қағаздарды оқушыларға таратамын, солай оларды 4 топқа бөлемін

Мағынаны тану(түсіну):

Топтық жұмыс, постерлер қорғау,топтарды критерий арқылы бағалау
Топтық жұмыс, постерлер қорғау,топтарды критерий арқылы бағалау. s- ті алғандар s элементтердің толтырылуын, p-ны алғандар p-ның толтырылуын,d-ны алғандар d элементтердің толтырылуын, f-ті алғандар f элементтердің толтырылуын түсіндіреді, топтар мәтіндерін қорғап болған соң, бағалау түрін жүргізеді

Топтық жұмыс(Қолдану):

Әр топ ішінен жұптарға бөлу қажет, оны сіз сабақтың мақсаты мен қандай нәтиже күтесіз, соған орай жасауға болады. Әр түрлі деңгейлі немесе бір деңгейлі оқушыларды жұптастыра аласыз. Оларға тапсырма ретінде 5 элементтің электрондық, графиктік формулаларын жазу тапсырмасы беріледі, жұмыс орындалып болған соң, жұптар жұмыстарын алмастырып, бір-бірлерін тексере алады.

Жұптық жұмыс(талдау):

Периодтық кестемен жұмыс :элементтерді салыстыру, күкірт элементін s, p, d –элементтерінің бір түрлерімен салыстыру арқылы талдау, бұл кезде жұптарда бір-бірін дұрыс, дұрыс емес тәсілімен бағалау жүреді

Жеке жұмыс(жинақтау)

1. Қай элемент атомының: а) 3-деңгейдің р-деңгейшесі толтырылады, ә) бірінші d орбиталь толтырыла бастайды, б) 3-деңгейдің d-орбиталының толтырылуы аяқталады?
2. Егер химиялық элемент: а)екінші периодта; ә) үшінші периодта орналасқан болса, қайсысының атомының сыртқы электрондық деңгейінде 5¯е болады?
3. Mg, Si, P,Ar атомдарының электрондық және графиктік формулаларын жазыңдар.
4. Элементтің электрондық формуласы ...3 s2, 3p4. Бұл қандай элемент екенін анықтап, оған тән қасиеттерді сипаттаңдар.
5. Элементтің сыртқы энергетикалық деңгейінің құрылысы мынадай:
3 s2, 3p1. Бұл қай элемент?
Берілген уақыт біткен соң оқушылар жұмыстарын алмастырып, бір-бірін тақтадағы дұрыс жауаптармен тексереді



Жеке жұмыс(Бағалау)

Үш түрлі тапсырма беру, жұмыс дәптерін беру, оқушыларды жауаптарын екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет