Топтық жұмыс.
№1тапсырма. « Химиялық кубикті» пайдаланамыз. Элемент атомдарының ядро зарядын анықтаңдар және периодтық жүйеде орналасуын сипаттаңдар. (тапсырма ауызша орындалады)
№2 тапсырма. Реттік нөмірлері мынадай элементтердің атомдарындағы электрон, протон, нейтрон сандарын анықтаңдар:
а) Z=5, бор B
ә) Z=9, фтор F
б) Z=13, алюминий Al
в) Z=16, күкірт S.
№3 тапсырма. Ребус шешу.
, Li ,,, ,N, ,F, ,,,Kr,, ,Ba,,
Бағалау
Формативті бағалау : екі жұлдыз,бір ұсыныс. Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына Критерий арқылы бағалайды
Кері байланыс
Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы
Үйге тапсырма
§2.2. 5,7,11 есептер
№3 сабақ
Химия
10 сыныбы
Сабақ тақырыбы:
§2.3. Атомдағы электрондардың қозғалысы
Сілтеме:
10 сынып оқулығы ( жаратылыстану- математикалық бағыт) ,
Жалпы мақсаттар:
Білу, түсіну : Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заңның мәнін одан әрі аша түсу, негізгі топшадағы химиялық элементтердің атом құрылысы мен оның қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру.
Қолдану: Период, топ бойынша элемент атомындағы электронның орналасу тәртібі мен заңдылығын және элемент қасиетінің өзгеру себебін түсіндіру, білімдерін дамыта түсу, сол бойынша тапсырмалар орындау