Оқыту әдіс-тәсілдері
|
Топтық жұмыс,жұптық жұмыс,әңгімелеу,диалог
|
Оқыту модулі
|
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.ОүБ және Об.Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану.Таланты және дарынды балаларды оқыту. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
|
Келесі тапсырма
|
«Қыс»өлеңін жаттау.Қыс тақырыбына әңгіме жазу
|
|
Мұғалімнің жазбалары
|
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушылармен амандасу. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу.Оқушыларды сурет бойынша топқа бөлу.Сабақтың тақыры- бын ашу мақсатта «Миға шабуыл»әдісі бойынша оқушылар сөзжұмбақты шешеді.1-слаид сөзжұмбақ көрсетіледі
|
Оқушылар амандасады.Шаттық шеңберін құрып бір-біріне тілек айтады.Сурет бойынша топқа бөлініп,өз орындарына отырады. Оқушылар сөзжұмбақты шешу арқылы,сабақтың тақырыбын айтады.
|
Білу
|
Тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстыру. 2-слаид Интерактивті тақтада жаңа сөздер көрсетіледі. Оқушыларға жаңа сөздерді оқытамын, синонимдік қатарын таптыру.Әр топтан бір-екі оқушыға сөйлемдер, сөз тіркесін құрастырту.
|
Тақырып бойынша жаңа сөздермен танысады.Әр топтан бір-екі оқушы сөздерді оқиды.Жаңа сөздермен сөз тіркесін,сөйлемдер құрастырады.
|
Түсіну
|
Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жүргізу.3-слаид мәтін бөліктері көрсетіледі.Әр топқа мәтін бөліктерін беріледі.Әр топтан бір оқушыға дауыстап оқытамын.Кейін топ мүшелері өзара оқып,мәтін мазмұнын айтады.
|
Тақырып бойынша мәтінмен танысады.Әр топтан бір оқушы мәтінді дауыстап оқиды.Кейін топ мүшелері топ ішінді мәтінді талқылайды.Топтан бір оқушы мәтін мазмұнын айтады. І топ- Абайдың балалық шағы. ІІ топ –Абайдың оқуға ынтасы туралы айтады.ІІІ топ-Абайдың шығармашылығы туралы айтады.
|
Қолдану
|
Берілген мәтін бөліктері бойынша жұмыс жүргізу.«Жигсо»әдісі бойынша.Әр топ өздеріне берілген мәтін бөліктері бойынша сұрақтар құрастырып,диалогтік жұмыс жүргіземін.
|
Берілген мәтін бөліктері бойынша әр топ мүшелері топ ішінде өзара сұрақтар құрастырады.Құрастырған сұрақтары бойынша диалогтік жұмыс жүргізеді.
|
Талдау
|
Абай Құнанбаев «Қыс»өлеңімен жұмыс.Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.Кейін әр топтың бір оқушысына дауыстап оқытамын.Өлең бойынша тапсырма беремін.І-топ өлеңді суреттейді. ІІ-топ аудармасын айтады.ІІІ-топ басқа ақындардың қыс туралы өлеңдерінен үзінді айту
|
Әр топ мүшелері топ ішінде талқылап,дәптерлеріне жазады.Әр топтан бір оқушы тақтаға жазады.Басқа топ мүшелері тапсырманың дұрыс орындалғанын айтады.
|
Жинақтау
|
Жинақтау кезеңінде постермен жұмыс жүргіздім. «Қыс»өлеңі бойынша суретпен жұмыс.Әр топ оқушылары өлең бойынша сурет салады
|
Әр топ мүшелері топ ішінде талқылап,берілген өлеңді пайдаланып,сурет салады. Салған суреттерді әр топтан оқушылар тақтаға шығып қорғайды. Әр топ мүшелері топ ішінде талқылайды.Постерге өлең бойынша түсінгендерін сурет арқылы жинақтайды.Ортаға шығып айтады,қорғайды.
|
Бағалау
|
Сабақ басында топ басшыларына бағалау парағы беріледі.Топ басшылары әр топ мүшелерін бағалау критерииі бойынша бағалау жүргізеді.
|
Әр топ басшылары өз топ мүшелерін бағалау парағына бағаларын қойып,дауыстап оқып береді.
|