Қызыл кітап 1948 жылы әлемде алғаш рет «Табиғатты қорғау» одағы құрылды.Бұл одақ бірінші рет жер бетінен жойылып бара жатқан жануарлар туралы кітап шығарды. Ол кітап «Қызыл кітап» деп аталды. «Қызыл кітап»деген атауды ағылшын ғалымы Питер Скотт ұсынды.
«Қазақстанның Қызыл кітабы» алғаш рет 1978 жылы шықты.Онда тіркелген жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы қысқаша қазақша,ағылшынша деректер берілген. Соныменбірге әрбір тіркелген жануарлар суреті,Қазақстанның аумағында таралу картасы және ол туралы ақпарат көрсетілген.
Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар.Олардың 58-і «Қызыл кітапқа»тіркелген.Оларды адамдар көп аулайды. Сол себепті азайып барады.Қазір олар қорғауға алынған.
«Қазақстанның Қызыл кітабына» өсімдіктердің 307 түрі кірген. «Қызыл кітапқа» қазақ жеріндегі барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр және тағы басқа аңдар мен құстар да тіркелген.
Сөйлемдер
дұрыс
бұрыс
1. Алғаш рет "Табиғатты қорғау"одағы 1948 жылы құрылды.