«Ақылды микрофон» стратегиясы арқылы оқушылармен сұхбат.
Аң құстардың, өсімдіктердің қорықта болу себебі туралы не ойлайсыздар?
Сирек кездесетін жануарлар, құрып бара жатқан өсімдік түрлері туралы не білесіздер?
Қызыл түс нені білдіреді?
«Қызыл кітап» не үшін керек деп ойлайсындар?
\Оқушылардың жауабы тыңдалады\
Бұл видео (слайд) не туралы? Біздің сабақтың тақырыбы қандай? Сабақтың мақсатын айту.
Мұғалім сөзі:
Қызыл кітап қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны.
1948 жылы дүниежүзінің ғалымдары халықаралық табиғатты қоғау одағын құрды.
Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің " Қызыл кітап" деп аталады. "Қызыл кітап" деген атауды ағылшын зеттеушісі Питер Скотт ұсынды.
Оқылым алдындағы жұмыс
Берілген суреттер бойынша ақпаратты тақырып атауын болжа.
Суреттерге қарап, мәтінді әңгімелеу.
\Қар барысы, қарақал, қызыл қасқыр,ақбөкен, үкі\
Дескриптор: Берілген сурет бойынша негізгі ақпаратты анықтайды, тақырыпты болжайды, мәтінді әңгімелейді.
Сергіту сәті
Көбелек те, гүл де бір
Қызыл-жасыл күллі өңір.
Аспан төрі ақша бұлт,
Бау-бақшада барша жұрт.
Саңқылдаған саз әні,
Көлде құстың базары
Оқылым алды жұмыс.
Сөздікпен жұмыс:Жаңа сөздермен таныстырады,аудармасын айтады,оқиды,оқушыларға қайталайды,сөздік дәптермен жұмыс жасатады.
Дескриптор: -жаңа сөздерді үйренеді;
-сөздік жұмысын жүргізеді;
құжат-документ
сирек кездесетін-редкие
құрып бара жатқан-исчезающие
енгізілген-занесены
сүтқоректілер-млекопитающие
жойылу қауіпі төнген-на грани исчезновения
Достарыңызбен бөлісу: |