Сабақ аудандық «Елім дейтін ұланбыз»



Дата05.06.2017
өлшемі49,14 Kb.
#17691
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік- Оқушыларға тұрлаулы мүшенің бірі баяндауыш туралы түсінік беріп, оның құрамдық түрлерін ажырата білуге үйрету;

2) Дамытушылық- Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін, өз ойын жүйелі жеткізе білу қабілетін дамыту;

3) Тәрбиелік- Оқушыларды рухани-адамгершілік, еңбексүйгіштікке баулу, білімді болуға деген қызығушылығын ояту;

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, ереже жазылған кесте, үлестірме қағаз.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: «Өзіңді өзің тексер» әдісі, «Шеңбердегі доп» әдісі, «Конверттегі сұрақ» әдісі, т.б.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі (2мин.)

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, зейіндерін сабаққа аудару.


ІІ Үй тапсырмасына шолу: (8мин.)

«Өзіңді өзің тексер» әдісі арқылы тест тапсырмаларын беру.

ІІІ Жаңа сабақ: (15 мин.)

Сабақ аудандық «Елім дейтін ұланбыз» тақырыбында өткен айтыстан үзінді көрсетумен басталады.

«Ой қозғау» әдісі бойынша сұрақ:



  • Оқушылар, осы көрген видеода қандай қимылдар жасалды?

  • Осы қимылдар қазақ тілінде қай сөйлем мүшесіне тиесілі?

  • Дұрыс, ендеше, баяндауыш туралы не білеміз? (постер қорғау)

  • Баяндауыш – сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі. Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді. Баяндауыш сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтайды. Кейде сөйлемде бастауыш айтылмаса да, баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды.

Баяндауыш болатын сөз таптары яғни баяндауыштардың жасалуы.
Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Көбіне баяндауыш болатын сөз табы – етістіктер. Мысалы: Амантайдың жүрегі аттай тулады.
Қазақ тілінде есім сөздердің (зат есім,сын есім, сан есім, есімдіктердің) қайсысы болса да баяндауыш қызметінде жұмсала береді.
Зат есімдерден болған баяндауыштар: Түнергенде түнмін, күлгенде күнмін. Сөзім-шекер, тілім-бал, лебізімнен алған нәр.
Сын есімдерден болған баяндауыштар: Ауа-райы жақсы. Қар қалың.
Сан есімдерден болған баяндауыштар: Мен он бестемін. Білгенің –бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
Есімдіктерден болған баяндауыштар: Басқаға үлгі болатын бізбіз. Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі-осы.

Баяндауыш құрылысына қарай 3 түрге жіктеледі:



Дара баяндауыш




Ол бөлменің ішін тазалады.

Мен өте қуандым.



Күрделі баяндауыш




Машина баяу жүріп келе жатыр.

Абай күрсініп қояды.



Үйірлі баяндауыш




Қиыны бұл дүниенің – қолы тарлық.

Есті адамдар бар қасиет – уайым жеу.


ІҮ Тапсырмалармен жұмыс: «Конверттегі сұрақ» әдісімен оқулықпен жұмыс: (15 мин.)



1-тапсырма

38-жаттығу. Мына сөздерді баяндауыш етіп сөйлемдерді аяқтаңдар.

Ырыс алды – ынтымақ. Денсаулық – зор байлық. Әр оқушының міндеті – оқу. Немересі атасына сәлем берді. Екі ел арасы бөлінбейді. Басшысы болмаса ел – жетім. Денсаулықтың қадірін балалы болғанда білерсің. Бірлігі кеткен ел жаман. Ұйқы – арсыз, күлкі – арсыз, тамақ – арсыз.
2-тапсырма Шығармашылық жұмыс: Мақалдарды жалғастыр.

1.Білімдіге дүние ... (жарық)

Білімсіздің күні ... (кәріп)

2.Еңбекқордың ерні ... (майлы)

3.Ақыл – тозбайтын ... (тон)

Білім – таусылмайтын ... (кен)

4.Еңбек етпесең, елге ... (өкпелеме)

Егін екпесең, жерге ... (өкпелеме)

5.Үлкенді сыйласаң – қадірлі ... (боларсың)

Кішіні сыйласаң – құрметті ... (боларсың)

6.Еңбек түбі - ... (береке)

7.Ердің атын еңбек ... (шығарар)

8.Ердің айнасы - ... (еңбегі)

9.Ақыл ... (азбайды)

Білім ... (тозбайды)
3-тапсырма (Берілген сұраққа жауап беру)

Жерден ауыр деген не? (ақыл,білім)

Судан терең не? (оқу,ғылым)

Оттан ыстық не? (адамның өмірі)

Көктен биік не? (тәкаппардың көңілі) (Балабидің жауабы)

1.Бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сыз.

2.Баяндауыштың қандай сөз табынан жасалғанын анықта.

4-тапсырма

Екі сөзден тастап оқып, сөздерден өлең жолын құрастыр. Құрамынан баяндауышты тап.

Адамның, бала, оқытуды, бір, деген, жек, қызығы, баланы, көрмедім.

Жауабы:


Адамның бір қызығы бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Бұл үзінді қай өлеңнен алынған? Өлеңнің авторы туралы не білесіңдер?
5-тапсырма

Сөйлемдердегі баяндауыштарды тауып, қай сөз табынан жасалғанын айтыңдар.

Керден үндей алмады. Ол түстен кейін командасын алаңға алып келді. Күн ашық болатын. Жер дымқыл. Алаң ортасы құм төселгендіктен тың. Айналасында сары балшық шыланып езіліп жатыр. Күннің жылы лебі сезіледі. Қайсарлар да келген. Олар екінші тордың айналасына шоғырланды.
Ү Жаңа сабақты қорытындылау: (3мин.)

«Шеңбердегі доп» әдісі арқылы

1. Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.

2. Сөйлем мүшелерінің саны

3. Қайтті? Не істеді? сұрақтарына жауап беретін сөзді тап.

4 Дара етістікті тап

5 Сөйлемнен бастауышты тап Жығылған күреске тоймайды.

6 Баядауыш құрылысына қарай нешеге бөлінеді?

7 Сөйлемнен баяндауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді тап. Сен бір артық көркемсің.

8 Баяндауыштың сұрақтары

9 Тұрлаулы мүшелерді тап

10 Баяндауышы сын есімнен болған сөзді тап
ҮІ Үйге тапсырма: (2мин.)

1.39-жаттығу орындау.

Баяндауыштың ережесін оқып, іздену.

2.Берілген сөздерді баяндауыш ретінде пайдалана отырып, сөйлем құраңдар.



(айтты, жақсы, бақыт, барады, келесің бе, жиырма, болсын)
ҮІІ Бағалау
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет