Ашық сабақ: «Қазақ бейнелеу өнері»
Сабақ жоспары
Пән: қазақ тілі/әдебиеті
Пән мұғалімі: Қоңыратова Ж.Т. Мерзімі:
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы Қазақ бейнелеу өнері (Нәтиже сабақ)
Сабақтың мақсаттары:
А)Білімділік
Көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика және қолданбалы өнер салаларын қамтитын қазақ бейнелеу өнері туралы, Қазақстан Республикасының халық суретшісі, Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, алғашқы қазақ суретшілерінің бірі Әбілхан Қастеевтің өмірбаяны, туындылары, мұражайы және қазақ суретшілері туралы оқушылардың білімдерін пысықтау.Тақырып бойынша сөздер мен сөз тіркестерін қайталау. Деңгейлік тапсырмалар орындау. Түрлі стратегияларды қолданып, оқушылардың білімдерін ұштай түсу.Жанпейісованың модульдік технологиясының элементтерін қолдану. «Етістіктің қалау райы» грамматикалық материалын қайталау.
Ә)Дамытушылық
Оқушылардың сөйлеу, тыңдау, сауатты жазу, оқу, диалог, монолог құру, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Б)Тәрбиелік
Тіл үйренуге, бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын тудыру;
Сабақтың түрі дәстүрлі емес(сайыс сабағы)
Сабақтың типі нәтиже сабақ
Пәнаралық байланысы сурет, тарих пәндері
Көрнекіліктері слайдтар, грамматикалық материал кестелері, кітап, рефераттар көрмесі;
Жұмыс түрлері: Сабақта қолданылатын негізгі жұмыс түрлері: жеке, жұптық, топтық жұмыстар, мұғалім бағасы, өзара бағалау, үлгерімі жақсы, үлгерімі орташа балалармен жұмыс;
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Міндеттері:
Сәлемдесу, түгендеу;
Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты жағдайды қамтамасыз ету, техника қауіпсіздігін ескерту;
Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру;
Шашылған суреттер бойынша оқушылар екі топқа бөлінеді. Шашылған суреттерді(қарындаш-бірінші топ; өшіргіш-екінші топ) таңдау арқылы топ мүшелерін табу;
Мұғалім іс-әрекеті: Топ ережесімен таныстыру;
-тыңдау;
-белсенді болу;
-ойды бөлмеу;
-көмектесу;
-өзара бағалау;
Оқушылар іс-әрекеті: осы ережелерді бұлжытпай орындау, топ жетекшісін тағайындау, топтарына ат қою;
Ойқозғау:
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылардың ойларын қозғай отырып баяндау, оқушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтау;
Сөздік-жарыс:
Дәптермен жұмыс: тақырып бойынша сөздік диктанты;
Мақсаты: сауатты жаза білу, сабақта қолданылатын сөздерді еске түсіру;
Мұғалім іс-әрекеті: сөздік диктантын жүргізу:Бейнелеу өнері, кескіндеме, мүсіндеме, мұражайға бару, сурет салу, көрме, суретші, туындылар, шығармалар, көрме залы, көркемсурет галереясы.;
Оқушылар іс-әрекеті: аудармасын айтып, бір екі сөйлем құру;
Ереже-сайыс:
«Етістіктің қалау райы» грамматикалық материалын еске түсіру;
Мақсаты: Жұмыс барысында грамматикалық материалды қолдана білу;
Мұғалім іс-әрекеті: үлестірмелі тапсырмаларды беру;
Оқушылар іс-әрекеті: ережені айту, сөздерді ауызша қалау рай формасына қою, бір-екі сөйлем құру(үлестірмелі тапсырмалар);
Ой кестесі:
Хронологиялық кесте толтыру:
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Мұғалім іс-әрекеті: слайд көрсету арқылы жұмысты орындауға бағыттау;
Оқушылар іс-әрекеті: мәліметтерді атау;
№
|
Жылдар
|
Мәліметтер
|
1
|
1917 жыл
|
Қазақ суретшісі Айша Ғалымбаева дүниеге келген.
|
2
|
1940 жыл
|
Суретші Балтабай Табылдиев дүниеге келген.
|
3
|
1953 жыл
|
Суретші Жұмақын Қайрамбаев дүниеге келген.
|
4
|
1959 жыл
|
Ә.Қастеев «Менің Отаным» полотносын жазған.
|
5
|
2004 жыл
|
Ә.Қастеевтің туғанына 100 жыл толған болатын.
|
Топ жетекшілеріне деңгейлік тапсырмалар беру;
Мұғалімнің іс-әрекеті: тапсырмалар тарату, түсіндіру;
Оқушылар іс-әрекеті: топ ішінде жеке орындау, топтың көмегіне жүгіну;
Деңгейлік тапсырмалар:
ІІІ деңгей:Ойбөліс
Мақсаты: тірек сөздер бойынша диалог құру(тірек сөздер үлестірмелі тапсырмада);
Мұғалімнің іс-әрекеті: әр топтың жұмысын бағалау;
Оқушылар іс-әрекеті: екі оқушы диалог құрады;
ІІ деңгей: Ойлан, тап
Сурет сыры: туындылар сөйлейді...
Мақсаты: тіл дамыту;
Мұғалімнің іс -әрекеті:слайд көрсету арқылы жұмысты орындауға бағыттау,бағалау;
Оқушылар іс әрекеті: берілген туындылардың атын тауып, сипаттама беру;
2-тапсырма: Сұрақ-жарыс:
Мақсаты: сұрақ қойып, жауап беру;
Мұғалімнің іс-әрекеті: слайд көрсету арқылы жұмысты орындауға бағыттау,бағалау;
Оқушылар іс-әрекеті:2 топ бір-біріне сұрақ қояды, сұрақтарға жауап береді;
І деңгей: Ойтолғау
1-тапсырма: Мұражайға барғанда: Не көрдім? Не білдім?
Мақсаты: тіл дамыту;
Мұғалімнің іс-әрекеті: слайд көрсету арқылы жұмысты орындауға бағыттау, бағалау;
Оқушылар іс-әрекеті: алдын-ала берілген тапсырма бойынша мұражайға барғандағы әсерлері туралы жазған шағын ойтолғауларын оқу;
Шабыт: «Менің Тәуелсіздік күніне арнаған туындым»
Мақсаты: берілген тақырыпты ашу мақсатында, оқушыларға бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын тудыру;
Мұғалім іс-әрекеті: жұмыстарын бағалау;
Оқушылар іс әрекеті: жеке орындау;
Бақылау: оқулықпен жұмыс:102-бет; тест тапсырмалары:
Мақсаты: тақырып бойынша білімдерін бекіту;
Мұғалім іс-әрекеті: слайд көрсету арқылы жұмысты орындауға бағыттау,бағалау;
Оқушылар іс әрекеті: тест тапсырмаларын орындау, өзара бағалау;
6.Үй тапсырмасы
Міндеті: оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын орындау тәсілдерін түсіндіру
102-бет; бақылау сұрақтары бойынша өткенді қайталау;
7.Сабақтың бағалау кезеңі
Міндеті: Өзара бақылау; жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру (ынталандыру, мадақтау, ескерту т.б.)
Оқушылар білімі бағаланады
8.Рефлекция кезеңі
Міндеттері:
Оқушының көңіл-күйін, іс-әрекетін, оқушылар мен мұғалімнің өзара қатынас рефлекциясына жағдай жасау;
Оқушылардың өзін-өзі ұстай білуі және ынтымақтастық қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету.
Не білдім?Не үйрендім?Не білгім келеді?
Достарыңызбен бөлісу: |