Ашық сабақ
Қазақ тілі (2 - сынып)
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың зат есім жөнінде өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіру, тиянақтау және күнделікті өмірде қолдана білу.
2) Балалардың сөз байлығын, сауаттылығын, зат есім туралы ұғымдарын кеңейтіп, жан - жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3) Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулап, жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндірмелі
Көрнек: ребус, тірек сызбалар, сөзжұмбақ шешу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу. Назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
373 - жаттығу.
Сын есім
қызыл бояу
Биік үй
Таза ауа
Етістік
Сиыр сауды.
Қар жауды.
Құс ұшты
Сан есім
Екі қалам
бір сызғыш.
Бес дәптер
Өткен сабақты пысықтау.
Сөз таптары
Зат есім
Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Етістік
Не қылды? Не істеді? Қайтті?
Сан есім
Неше? Қанша? Нешінші?
Сын есім
Қандай? Қай?
- Адамды өрге жетелейтін не?
- Арман
- Арман адамды қандай биікке жетелейді?
- Шыңға
- Мен сендерді «Білім шыңына» шақырамын.
Сабағымыздың ұраны: «Көп білсең шыңға жетерсің»
1 - баспалдақ. «Қайталау - білім анасы».
«Домино» ойыны
1. Сөз таптарын ата
2. Зат есім сұрағын ата
3. Сын есім деген не?
4. Заттың қимылын білдіретін сөз табын ата
5. Қанша? Қай сөз табының сұрағы.
«Кім жылдам ойыны
Атауы ---- Зат есім ----- Сын есім ----- Сан есім ----- Етістік
Алма
Келді
Әдемі
Бес
Отыр
Сұлу
2 - Баспалдақ «Өнер өрге жүзеді».
Жаңа тақырып
- Бәріміз тақтаға назар аударайық
- Не көріп тұрсыңдар?
- Ребус
Осы берілген ребусты дұрыс шешсек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
Ш: Зат есім
3 - Баспалдақ: «Іздеген жетер мұратқа».
375 - жаттығу. Сөзжұмбақ шешу. Суретте берілген заттардың атауын жазу
1. Қыз 2. Шаңырақ 3. Түйе 4. Шеге 5. Сандық 6. Бүркіт 7. Домбыра
376 - жаттығу. Мақалды көшіріп жаз. Зат есімді тап.
Ақыл - тозбайтын тон.
Білім - таусылмайтын кен.
Шешен - сөз бастар
Батыр - қол бастар.
4 - баспалдақ. «Түртіп алу стратегиясы».
377 - жаттығу.
Ит үреді. Қасқыр ұлиды. Қарға қарқылдайды. Әтеш жақырады.
Сергіту сәті:
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы
Желге ырғалып жайқалған.
«Теріп жазу»
378 - жаттығу.
Кім? Не?
Сатушы Кітап
Дәрігер парта
Ұста түлкі
Ата ағаш
қарға
5 - баспалдақ.
«Арманы биіктің алмағы биік».
379 - жаттығу.
Ақын, әнші, көбелек, қозы, дән, бөбек, әже, мұз.
Дәлелдеу үлгісі:
Ақын - бұл зат есім, өйткені - кім?- адам.
6 - баспалдақ. «Биік шың».
«Сөз сызба» ойыны.
Домбыра тартады ------------- жұлдыздар
Аспанда көрінеді ------------- құстар
Жем жейді --------------------- күйші
Көйлек тігеді ----------------- оқушылар
Орманда өседі ---------------- тігінші
Серуенге шықты ------------- ағаштар
Енді биік шыңға шығамыз.
Ендеше сабағымызды қорытындылай келе тест жұмысын орындаймыз.
1. Зат есім нені білдіреді?
а) заттың санын
ә) заттың қимылын
б) заттың атын
2. Кім? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.
а) Жандос
ә) дәрі
б) күлді
3. Аспан деген сөзді қайталайтын сұрақты тап
а) не істеді?
ә) не?
б) кім?
4. Кімдер? нелер? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
а) Дәрігерлер, дәрілер
ә) күшік, әнші
б) қыс, торғай
5. Кім? Не? Қай сөз табының сұрағы?
а) етістік
ә) зат есім
б) сан есім.
Күннің шуағы пайда болады.
Үйге тапсырма: 380 - жаттығу.
Бағалау
Сынып: 2 Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Түйе мен тышқан (монғол ертегісі)
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ертегінің мазмұны мен идеясын аша отырып,ертегіні түсініп,дұрыс оқуларын қалыптастыру.
ә)Ауыз әдебиетінің бір саласы ертегіні оқи отырып, қорытынды жасау, негізгі ойды табу дағдыларны дамыту.
б)Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға,сөзбен емес,іспен мақтануға тәрбиелеу.
Көрнекілік: кітаптар суреті, слайдтар, интерактивті тақта,электронды оқулық.
Сабақтың түрі: жаңа сабак
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, көрнекілік, әңгімелесу, талдау, сын тұрғысынан ойлай оқыту.
Психологиялық дайындық.
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым
Арайлап атқан күнге
-Арайлап атқан күнге неге қуанамыз? (16 желтоқсан-тәуелсіздік күніне байланысты айту,яғни елімізде тыныштық, бейбітшілік,тәуелсіздік бар) Жаңа жыл.
Қазақстан картасы, Бәйтерек,Шырша суреттері 5-6 бөлікке бөлініп қиылған сол бойынша топқа бөлінеді.
Топқа бөліну.Қазақстан. Бәйтерек. Шырша.
І. Қызығушылықты ояту.
« Жуан, жіңішке сұрақтар» стр.
Сұрақтарға жауап берген сайын суреттер шығып тұрады.
«Тірек суреттер символі». Жануарлар туралы ой шығару.
Қазақстан шектесетін мемлекеттерді атап шық.
Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы қандай?
Республиканың ең төменгі жері қайда орналасқан? Ол әлемдік мұхит деңгейінен қанша метр төмен?
Қазақстанның ең ыстық жері қайда?
Қазақстан өлеңінің авторы кім?
Қасым Аманжолов туралы не білеміз?
Қазақстан өлеңін жатқа айт.
Қазақстан жері қандай?
Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақ баласы қандай?
« Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін қарау. 3мин.
ІІ. Мағынаны тану
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табу үшін мына жұмбақтарды шешіп көрелік.Сонымен жұмбақтың шешулері не болып шықты? «Түйе мен тышқан»
Монғол халқы туралы түсінік беру.
Электронды оқулықпен жұмыс.
Ерте-ерте,ертеде адамдар әр жылды жан-жануарлар атымен атауды ұйғарады. Олар он бір жылға он бір жан-жануардың атын береді.Он екінші жылды атамақ болғанда, түйе мен тышқан өз аттарын ұсынып,бір-бірімен айтыса бастайды.
Адамдар олардың екеуін де өкпелеткісі келмей, бұл мәселені өздерің шешіңдер дейді.
« Болжау» стр. әр топтан өз ойларын сұрау.Қалай ойлайсыздар, әрі қарай не болады?
Оқушылардың ой-пікірлерін сұрағаннан кейін,әрә қарай ертегіні тыңдау.
.* Ертегі мазмұнымен танысу
*Мүшел дегеніміз не?
Дәптермен жұмыс
Желтоқсанның он екісі
Сынып жұмысы
Түйе мен тышқан ертегісі
Топтық жұмыс.
І топ Түйе неге жыл атына ие болмай қалды?
ІІ топ Ертегіден мақтанудың жағымсыз қасиет екенін аңғару. Жағымсыз қасиетті айту.
ІІІ топ Берілген нақыл сөзді өз бетіңше аяқтау.
Бойыңа сенбе, … сен.
Сыныппен жұмыс. Артығын тап. Суретпен жұмыс.
-Қай жануар артық? Неге?
Суретке зер сал, жыл аттарынан не артық екенін айту.
Сергіту сәті. -слайд.
Жылдардың ретін есте сақтаудың оңай әдісі
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Тойма именіп ділмәрдан
Осы шумақтағы әрбір сөз жыл санаудағы қолданылып жүрген жануарлардың алғашқы әрпімен басталады. Тышқан, Сиыр,Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз.
«Сен маған, мен саған» ойыны
*Түйе мен тышқан неге айтысты?
*Олар неге келісті?
*Түйе неге жыл атына йе болмай қалды?
*Жағымсыз қасиетті айт.
*Ертегідегі негізгі ойды тап.
Қазақша жыл санаулары: тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.
12 жыл-бір мүшел.Мүшел-уақыттың өлшем бірлігі.Адам жасын мүшелмен есептеген.2013ж-жылан,2014ж жылқыны қарсы алу туралы айту.
ІІІ. Ой толғаныс.
І топ «Балық» ойыны. Балықтың денесіне қазақша жыл атауын ретімен жазып шығу.
ІІтоп « Шырша» ойыны .12 жылды атап шыршыға салу.
ІІІ топ «Бәйтерек» ойыны. 12 жылды жылдам жазып шығу.
— Бүгінгі сабақта қандай ертегімен таныстық? Не білдік?
Үйге тапсырма: 99-101-беттер оқу.түс. айту.
Бағалау. Бағалау парағы бойынш
|
Жарияланды 22-03-2016, 00:28 Категориясы: Бастауыш сынып
ОҚО, Отырар ауданы, Темір ауылы
«С. Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы орта
мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
бастауыш сынып мұғалімі Шойбек Жанат Жүнісқызы
Сабақтың тақырыбы: Бидай мен Қаңбақ (мысал)
Мақсаттары: 1) Білімділігі: мысалды оқып беру, түсіндіру, бидай мен қаңбақ туралы өзіндік көзқарастарын, рөлдік оқу шеберліктерін қалыптастыру;
2) дамытушылық: Мысалдың мазмұны бойынша тақырыптық көрініс ұйымдастыру, соған байланысты проблемалық ой туғызу, мысал туралы ұғымдарын дамыту, ой – өрісі мен дүниетанымын кеңейту;
3) Тәрбиелігі: оқушылардың ойлау қабілетін оятып, еңбек етуге, кішіпейілдікке, адамгершілікке, тәрбиелеу.
Түрі: Білім мен іскерлікті игеру.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, бидай қатырмасы, өскіні, қаңбақ шөбі, автордың суреті, карта.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі.
Қолданылатын стратегиялар: ВЕНН көрсетуі, топтастыру, 5 жолды өлең.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ой – толғау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Қызығушылықтарын ояту. Еңбек туралы мақал – мәтелдер.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Ұнатам күзді мен. Жеңіс Қашқынов.
1. Жатқа айту.
2. Түсініктерін сұрау.
3. Сұрақ – жауап алу.
- Даланың түсі қандай? Алма қалай пісті? Аспанда не қаптады? Жел қандай? Тырнасы қайткен? Күздің бірінші айы қалай аталады? Соңғы айы ше? Неге осы бөлімде күз туралы өлең берілген деп ойлайсындар?
- Күзде қандай еңбек түрлері атқарылады?
6. Сергіту. Қоюланып тағы бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп,
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелек.
ІІІ. Жаңа сабақты өту. 1. Жұмбақтарды шешу. Шешулері: бидай, қаңбақ.
- Осы өсімдіктер туралы не білесіңдер? Оқушылардың білімдерін ортаға салу.
- Өтетін шығармамыз қалай аталады? – Мысал.
2. Мысал туралы түсінік беру.
Мысалда аңдар, құстар, өсімдіктер іс – әрекеті, мінезі, адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап күлкі етеді. Мысалдар өлеңмен де, қара сөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын шығарманы мысал дейді. Олай болса, бүгін біздер жазушы Асқар Тоқмағамбетовтің «Бидай мен қаңбақ» мысалын өтеміз.
А. Тоқмағамбетов (1905 – 1983). Қызылорда облысы, Тереңөзек ауылында дүниеге келген.
3. Оқулықпен жұмыс.
- Бидай мен қаңбақ суреттері көрсетіліп, мысалды мәнерлеп оқып, түсіндіріп беремін. Алдын ала дүниетану сабағында өсірілген бидай өскінін, бидайдың дәні, қауыздағы бидай, қаңбақ шөбін көрсетемін.
- Мынау не балалар? – Бидай.
- Қайда өседі? – Егісте.
- Қаңбақ дегеніміз не? – Шөп.
- Қайда өседі? – Далада, сайда жатады.
- Көргендерің бар ма?
Көпшілік балалар көрмегендерін айтты. Суреттер арқылы түсініктер беремін.
Бидай – астық тұқымдасына жататын, ең маңызды тағамдық дақыл. Бидайдан ұн тартылып, нан және нан өнімдері жасалады.
Қаңбақ далада өсетін домалақ пішінді шөптекті өсімдік. Жер үстіндегі бөлігі (жемісі) піскеннен кейін, жер астындағы тамырынан бөлініп желдің соғу бағытымен ұшып кетеді. Тұқымы жел арқылы алыс жерлерге таралды.
4. Сөздік жұмысы: қанасына – қауызына, қабығына; тұрағың – мекенің;
5. Оқушылардың рөлге бөліп оқуы. Оқу кезінде мәнерлеп оқуға көңіл бөлуі.
6. Сахналық көрініс. Үш оқушыны тақтаға шығарып, үстеріне бидай, қаңбақты бейнелейтін киімдер кигізіп, рөлге бөліп оқыттым. Кейін сұрақтар беріп, жауап алдым.
1. Қаңбақ Бидайға не деп тіл қатты?
2. Бидай не деп жауап берді?
3. Дұрысын айтқан қайсысы? Өлеңнен Бидайдың Қаңбаққа қойған сынын тауып оқыттым. Бидай мен Қаңбаққа ұқсас адамдар болатынын айттым. Балаларға мынадай сөздерді оқыттым.
Мақал – мәтелдер.
1. Абырой – ар еңбегі.
2. Қадірсізден құт қашар.
3. Мақтанған тілге – мың бәле.
4. Күншіл адам – міншіл.
5. Ең жақсы әдет – жомарттылық.
Тыйым сөз. Әркімді бір келемеждеп, мұқатпа. Ойлы сөз: Мақтаншақтық – жаман әдет.
5 жолды өлең.
- Не? – Бидай.
- Қандай? – Сары, пайдалы.
- Не істейді? – Піседі, жайқалады. Сөйлем. – Бидайдан ұн тартылады. Негізгі ой. – Дақыл.
Жеке оқушылармен жұмыстар.
Топтастыру арқылы «Бидай мен Қаңбақтың» қандай пайдасы бар екенін суретпен анықтату.
Алынатын тағамдар:
Бидай
↓
Егістікте өседі, тоқаш, сусындар, бауырсақ, ұн, нан.
Қаңбақ
↓
Шөп, суға қайнатып тұнбасын көз, бауырға ем ретінде ішеді.
Екі оқушыны тақтаға шығарып, Венн диаграммасы бойынша шығарма кейіпкерлерін салыстырады.
Сабырлы ← Бидай ← Өсімдік, пайдалы → Қаңбақ → ақылсыз, мақтаншақ
V. Қорытынды. – Мысалда адам бойындағы қасиеттер бейнеленетін болса, осы мысалдан қандай қорытынды шығаруға болады?
- Қаңбақтың бойындағы қасиеттер ұнады ма?
- Мысалдағы негізгі ой қай жерде айтылған?
- Өздерің қандай қорытынды жасар едіңдер?
VІ. Үйге тапсырма. Мысалды мәнерлеп оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу.
VІІ. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |