ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ: қазақ тілі
|
Мектеп: №4 ЖОББМ» КММ
|
Күні:
|
Мұғалімнің есімі: Камзанова Б.М.
|
Сынып: 4
|
Қатысқандар саны:21
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы:Табиғат құбылыстары
|
Сабақ негізделген оқу
мақсаты
|
Т1.Аудиовизуалды материал тыңдау арқылы сұрақтарға жауап беру;
А1. Сөйлеу барысында мәтін тақырыбына сәйкес арнайы лексиканы қолдану, тыңдаған/оқыған материал бойынша өз көзқарастарын білдіру;
О1.Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дерексөздерді (сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу;
Ж1.Тақырыпқа сәйкес сөз бен сөз тіркестерін қолдану .
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылардың барлығы орындай алады:мәтінді оқу арқылы табиғаттағы өзгерістердің барлығын табиғат құбылыстары екенін түсінеді.Сурет бойынша атауларды, заттарды атайды,анықтамалық сөздікті пайдаланып жаңа сөздермен танысады,тақырыпқа сәйкес. арнайы лексиканы қолдана біледі
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарын ажырата алады, түсінеді, оқылған мәтін бойынша толық жауап береді, өз ойын қысқаша жеткізеді.
|
Кейбір оқушылар:оқылған мәтін бойынша өз ойын толық сөйлем арқылы білдіріп, дәлел келтіреді,табигат құбылыстарының ерекшеліктерін бақылап зерттейді.
|
Тілдік мақсат
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
найзағай, бұршақ, жел, боран, бұлт, кемпірқосақ, жауын-шашын,қырау
жаңа сөздерді дұрыс оқып, өз ойларын, пікірлерін білдіреді
|
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
табиғат құбылыстары, күз мезгілінде, нөсер жаңбыр,жауын-шашын, жеті түсті кемпірқосақ,таңғажайыптабиғат, ұлпа қар деген сөздерді қолданады
|
Алдыңғы оқу 3мин
|
Жыл мезгілдері туралы қайталаймыз.
«Попкорн» әдісін пайдалана отырып, сұрақ қойып, балалардан өткен тақырыпты сұраймын:
Бір жылда неше мезгіл бар?
Жыл мезгілінде неше ай бар?
Бір айда неше күн бар?
Қазан айы қай жыл мезгіліне жатады?
Қай мезгілде суық болады?
Қай кезде ыстық болады?...
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |