Сабақ: Қазақ тілі Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 5



бет9/9
Дата06.07.2018
өлшемі0,87 Mb.
#47419
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Үйге тапсырма беру.

1. «Менің қиялымдағы арманым» тақырыбында шағын көлемді эссе жазу.

2. Эсседегі туынды сөз, біріккен сөз, қос сөз, тіркесті сөздерді бөлек-бөлек бағанаға топтастырып жазыңдар.

Кері байланыс: «Ойды аяқта» әдісі арқылы жүргізіледі.

-Бүгін мен білдім.......

- Қиындық тудырды.......

- Мен үйрендім.........



- Қолымнан келді.........


Слайд.
Үлестірме қағаз.

Қосымша ақпарат

Саралау.

Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау.

Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, денсаулық сақтау.

АКТ-мен байланыс.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға «Түрткі болу», «Сынақтан өткіз», «Қайта бағыттау» мәніндегі ашық сұрақтары қоя отырып, сыныпта еркін диалог құруға бағыттаймын.

«ДЖИКСО» әдісі арқылы мәтін мазмұнын тез түсіну, уақытты үнемдеу, оқушының зейінін тұрақтандыру үшін оқушының жеке өзіне түсіну, топта талқылау, үйрету, топ аралық саралау, сараптау, сынып бойынша баяндау, тыңдау жұмыстары ұйымдастырылады.

Мәтін мазмұнындағы негізгі және қосымша ақпараттарды табу, болжау мақсаттарында әр топқа постер қорғау тапсырмалары беріледі.



«Галереяны шарлау» әдісі бойынша әр топтан бір спикер шығып, топтың жұмысын бір минуттың ішінде мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды, нақты, түсінікті етіп қорғайды, ой түйеді.

«Менің қиялымдағы арманым» тақырыбында эссе жазады.



Сабақты оқушылардың жетістіке қол жеткізудегі оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарын өз ара ықпалдастыра отырып, әр оқушының пәнді үйренудегі қажеттіліктерін, дағдыларын үнемі жетілдіру, дамыту бағытында жоспарлаймын. Сабақ мақсаттарындағы талаптарға сәйкес, білім алушының түсінуіне жеңіл, қарапайым бағалау критерийлері мен дескрипторларын қолданамын.

Сабақ кезеңдеріне орай оқушыларға қошемет көрсету, қолдау, бағыттау сөздерін түрлендіремін, «Стикердегі диалог» әдісі, бағалау парағы, смайликтер арқылы

оқу жетістіктерін бағалаймын. Әр оқушының даму аймағын сараптап, саралап отырамын және жедел қолдау, көмек көрсетуді ұйымдастырамын.

Оқушыларға сабақ барысында мәтінмен танысу алдында, тапсырмаларды орындап болғаннан кейін ашық сұрақтар қойып, кері байланыс жүргіземін.




Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Шаттық шеңбері», «Жүректен жүрекке», «Сиқырлы қалам» әдістері қолданылады.

АКТ- мен жұмыс жүргізу кезінде адам өмірінің қауіпсіздігі ережелерін басшылыққа аламын.

Слайд арқылы көрсетілетін мәліметтердің сапалығына, сыныптың тазалығына үнемі назар аударамын.


Рефлексия

1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Сабақ барысындағы тапсырмаларды оқушылар өздерінің коммуникативтік әрекеттері мен коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатына сай орындап отырды.

Дегенмен, алдағы уақытта тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың оқу жетістерін дамытуға ерекше көңіл бөлуді, оларға тапсырмалар беру арқылы ынталандыру мен сенім артуды әр уақыт қаперіме аламын.

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну арқылы негізгі және қосымша ақпараттарды анықтады. Сөзжасам, сөздердің жасалу жолдары, түбір және оған жалғанатын қосымшалар, сөздерді құрамына қарай ажыратып, әр сөзге талдау жасады.

Оқушылардың шығармашылық және танымдық белсенділгін арттыру мақсатында әрбір өтілген мәтіндегі мәнмәтіндерге, таныс емес сөздер арқылы қосымша ақпараттар мен мәліметтер табуды үйрене отырып, үйретуді жоспарлаймын.



2.Бүгін оқушылар не үйренді?

Оқушылар мәтін мазмұны арқылы бес асыл істің бірі, кісіліктің келбеті - адал еңбектің қадір-қасиетін түсіне білді. Сабақтағы белсенді әрекеттер арқылы өз танымы мен қиялын дамыту, адам адамға дос, мейіріммен қарауды, сын тұрғысынан ойлауды, бағалауды, баға беруді, топтық жұмыс барысында өзара сыйластықты, жауапкершілікті сезіну, әр уақыт рухани ізденісте жүруді, сауатты жаза білу, дұрыс сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін, бірін-бірі әділ бағалауды үйренді.

3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Сабақ оқу мақсатына орай жоспарланған тапсырмалар толық орындалды. Белсенді оқу ортасы қалыптасты. Ынтымақтаса жұмыс істеу қабілеті мен әлеуеті артқандығы байқалды. Жеке және топпен жұмыс істеу қабілеті, сын тұрғысынан ойлау дағдылары, сөйлеу мәдениеті қалыптасты.

4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Оқушыға меңгертуге арналған тапсырмалар нақты және жүйелі болды. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар барысында пәндік білімнің мазмұны коммуникативтік әрекеттер мен коммуникативтік дағдылардағы динамикалық даму бағытында жасалды. Әр тапсырманың ішкі иірімі сабақ мақсаттарына негізделіп отырды.

5.Уақытты қалай пайдаландым?

Уақыттың тиімділігін мақсатты пайдалана отырып, топтық, жұптық, жеке жұмыстар тиімді жүзеге асырылды.

6.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Оқушылардың қызығушылығын түсіріп алмау және белсенді әрекеттерін дамыту мақсатында «ДЖИКСО» , «Галереяны шарлау» әдістерін және «Миға шабуыл» әдісі мен «Түрткі болу», «Сынақтан өткіз», «Қайта бағыттау» мәніндегі ашық сұрақтарды үйлесімді қолдануды енгіздім.


Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе ойдағыдай сәтті шықты. (оқытуды да, оқуды да есепке алыңыз)

1. «ДЖИКСО» әдісі.

2. «Галереяны шарлау» әдісі

Қандай екі нәрсені жетілдіру сабақты жақсартар еді? (оқытуды да, оқуды да есепке алыңыз)

1. Әдіс-тәсілдерді жетілдіру;

2. Метатану стратегиялары әдістерін жетілдіру.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1. Оқушының коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған әдістер аясында тапсырмалар түрін жетілдіру;

2. Дәптермен жұмысты көбірек жүргізу.




Бағалау парағы

Бағалау критерийлері.

Дескрипторлар

Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере алады.

Мәтіннің мазмұнын толық айтты;

Ертегінің баяндалу реті сақталды;



Мазмұны ашылды;

Тұжырымды ой айтты;

Суреттер эстетикалық талапқа сай салынды.


Сөзді түбір мен қосымшаға ажыратып, жасалу жолына қарай талдай алады.


Түбір мен қосымшаны ажыратты;

Дәптерге қатесіз, сауатты жазды

Сөздерді жасалу жолына қарай топтастырды;

Дәптерге қатесіз, сауатты жазды;

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет