Сабақ: Қазақ тілі Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 5



бет4/9
Дата06.07.2018
өлшемі0,87 Mb.
#47419
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қалыптастырушы бағалау: «Жарайсыңдар, балалар!» Мәтін мазмұнына сәйкес сюжетті суреттерді рет-ретімен орналастыра білдіңдер?.

Кері байланыс: - Балалар, байқай алдыңдар ма бүгінгі ертегімізге тақырып қойылмаған екен. Сендер, ертегіге қандай тақырып қояр едіңдер?

Айтылым. Топтық жұмыс.

1Б тапсырмасы. Мәтінге ұсынылған тақырыптың бірін таңдаңдар немесе өздерің тақырып қойыңдар. Себебін түсіндіріңдер.

Түнгі қонақтар. Сиқырлы көмекшілер. Ерінбеген етікші болады.

Қалыптастырушы бағалау: «Керемет!», «Ертегіге тамаша тақырып таңдай білдіңдер!»

Кері байланыс: Ертегіге мұндай тақырып таңдаудың себебін түсіндіріп бере аласыздар ма?

Жазылым.Топтық жұмыс.

Постер жасайды.Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды табу, болжау мақсаттарында әр топқа мәтін бойынша тапсырмалар беріледі.



1, 3 – топтарға:

Мәтіннің әрі қарай жалғасуын болжап, оның ерекшеліктерін төмендегі кестеге толтырыңыздар.



Ақпарат

Болжау

Мәтінде қандай мәселелер көтерілді?

Мәтінде оқиға әрі қарай қалай жалғасады?







2,4 - топтарға.

Мәтіндегі етікші мен кішкентай кісілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыздар?



Етікшінің қасиеттері

Ұқсастығы

Кішкентай кісілердің қасиеттері










Дескрипторы:

-мазмұны ашылды;

-тұжырымды ой айтты;

-суреттер эстетикалық талапқа сай салынды.


Тыңдалым және айтылым. Топтық жұмыс.

«Галереяны шарлау» әдісі бойынша әр топтан бір спикер шығып, топтың жұмысын бір минуттың ішінде нақты, түсінікті етіп қорғайды.

Қалыптастырушы бағалау: Барлық топ әр жұмысты стикер арқылы бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау: Қошемет, қолдау, бағыттау сөздері арқылы бағаланды: «Жарайсыңдар, балалар!», «Әр топ тапсырманы ерекше қорғап, тың ой-пікірлер айта білді!».

Кері байланыс: - Балалар, қалай ойлайсыздар, сендерде кішкетай кісілер тәрізді барлық адамдарға көмектесіп, қамқорлық таныта алар ма едіңдер?

Қалыптастырушы бағалау: смайликтер беремін.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Тыңдалым. Сыныптық жұмыс.

Сөзжасам. Сөздің құрамы. Түбір мен қосымша.

CӨЗЖАСАМ. Сөзжасам дегеніміз – жаңа сөздердің жасалуы. Жаңа сөздер: жұрнақ арқылы (оқу + шы, оқу + лық), екі сөздің бірігуі арқылы (темір + жол, бет + орамал), екі сөздің қосарлануы арқылы (ата­ ана, азық­түлік), екі сөздің тіркесуі арқылы (күн сәулесі, он екі) жасалады.

ТҮБІР. Сөздің түбірі – сөздің ешқандай тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін түпкі бөлшегі және жаңа сөз жасаудың негізі. Мысалы: бала, оқы, кітап, қағаз, мектеп және т.б.

ҚОСЫМША. Қосымшаның екі түрі бар: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ – жаңа сөз тудыруға қабілетті қосымша. Мысалы: дәрі – дәрі + гер, дәрі + хана т.б. Жалғау – сөз бен сөзді байланыстырады, бірақ жаңа сөз жасамайды. Мысалы: оқушы + лар + ға, бала + мыз, ауыл + ым.

Кері байланыс:- Балалар, қалай ойлайсыздар жаңа тақырып бойынша бізге бұрыннан таныс қандай сөздер айтылды? Сіздердің ойларыңызша, бүгінгі сабақта қандай ережелерге мән берілді?

Қалыптастырушы бағалау: Қошемет, қолдау, бағыттау сөйлемдері арқылы бағаланды:

«Жарайсыңдар, балалар!», «Бүгінгі сабаққа белсенді қатысып отырғандарыңа өте қуаныштымын!», «Әліде болса көп іздене білсек, білім қазынасы толыға түседі!»

Жазылым. Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс.

1,3 топтарға :2-тапсырма.

Берілген сөздерді түбір және туынды (түбір мен қосымшаға ажырайтын) сөздерге бөліп жазыңдар.



Етікші, кедей, етік, былғары, ұйқы, ісмер, адам, киім, түн, саусақ, тапшылық, кісі, сәттілік, жоқшылық, би, өлең, әйел, ой, көйлек, шал­ бар, көз, үстел, күрте, сыйлық, біз, сен, ұйқы, сөз, жұмыс, өмір, тігіс.

Дескрипторы:

  • түбір мен қосымша ажырата алды;

  • дәптерге қатесіз сауатты жазылды;

2,4 топтарға:3-тапсырма.

Берілген сөздерді жасалу жолына қарай топтастырыңдар.




Таңертең, сәттілік, аң­таң, тапшылық, етікші, беті­қолы, ісмер, пішулі, жоқшы­ лық, бірнеше, байлық, жақсылық, түн ортасы, сатып алушы, сатушы, тігіс.

Жұрнақ арқылы

Екі сөздің бірігуіне

Екі сөздің қосарлануынан

Екі сөздің тіркесуінен













Дескрипторы:

Кері байланыс: «Стикердегі диалог» әдісі арқылы 1-топ пен 3 - топ, 2 - топ пен 4 - топ оқушылары бірін-бірі бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау:

Қошемет, қолдау, бағыттау сөйлемдері арқылы бағаланады:



«Жарайсыңдар, балалар!», «Берілген тапсырманы талапқа сай орындап шықтыңдар!», «Әрбір тапсырмаға мұқият, зейін қоя білсеңдер, бұдан жақсы, сауатты жазып шығатыңдарыңа сенімдімін!»



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет