Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні



бет1/3
Дата23.02.2023
өлшемі59,26 Kb.
#169965
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Қысқа мерзімді жоспар 11Т2 Абай жолы


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі
Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романы 1,2-кітабы

Сабақтың тақырыбы

«Абай жолы» - қазақ өмірінің жартығасырлық энциклопедиясы»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;

Сабақтың мақсаттары

Мәтін үзінділері бойынша ақпаратты болжау қабілеттерін арттыру, жүйелі сөйлеу дағдыларын дамыту

Бағалау критерийлері

  • мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды;

  • тиісті ақпаратты анықтайды;

Құндылықтар

Ашықтық, жаһандық білім, өзара ынтымақтастық

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих, мәдениеттену

АКТ дағдылары

Слайд, онлайн-сөздік, ғаламтор ресурстары

Осыған дейін меңгерілген білім

Өткен сабақтардағы оқушының білім-білік дағдыларының артуы, тілдік қолданыстары, сөздік қорларының дамуы , өткен сабаққа қатысты өткен ресурстарды еске түсіру

Тілдік міндеттер

Алтын қорға қосылған, жауһар туынды, көркемдік қуаты мол, әлеуметтік қайшылықтар, жер дауы, жесір дауы, ән жыр туралы роман

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

2 мин


Оқушылардың қызығушылығын ояту

Оқушылар «Абай жолы» роман-эпопеясын қандай ұғымдармен байланыстырасыз? Ойыңызды 10 ұғыммен байланыстырыңыз. (оқушыларға қабілетіне қарай уақыт беріледі)


Мыс, М.Әуезов, Абай өмірі, Тоғжан, Құнанбай сұлтан, аналар әлемі, ақын қонақтар, әлеуметтік тартыс, салт-дәстүрлер, жер дауы, Қодар мен Қамқа

Жасалған жұмысты сабақ тақырыбымен байланыстыра отырып, оқу мақсатын таныстыру. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесе талдау



Слайд 1


Сабақтың ортасы

12 мин

6 мин

3 мин


7 мин

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа тыңдалым мәтінінің бөліктерінен ақпараттар ұсынылады.


Тыңдалым тапсырмасы
Берілген ақпараттар, яғни мәтін үзінділеріге сүйене отырып, тыңдалым ақпаратын болжаңыз. Ойыңызды жүйелі жеткізіңіз.
1-топқа ұсынылатын ақпараттар
Алтын қорға қосылған
Жауһар туынды
Абай ғұмыры және қазақ тарихы
Роман-эпопея
Қазақ халқының салт-дәстүрі
Көркемдік қуаты мол


2- топқа ұсынылатын ақпараттар
1942 жылы, 1947 жылы, 1952 жылы, 1956 жылы
Мемлекеттік марапат Лениндік сыйлық
Қазақ халқының өмір салты
500-ден аса кейіпкер
Әлеуметтік қайшылықтар
Жер дауы, жесір дауы


3- топқа ұсынылатын ақпараттар
Шығарманың ерекшелігі-құрылысы
100-ден аса тіл
«Абай-арманға бөлейтін кітап»
Абай – қазақтың Илиадасы
Ән жыр туралы роман
Қаныш Сәтбаев «Қазақ өмірінің ......»

Берілген сөздер мен сөз тіркесінің мағынасын топта талқылайды, түсінбеген сөздерін сыныпта талқылайды. Онлайн сөздікке жүгінеді.


Оқушылар топта дайындалады. 1-топтан бастап, кезектесіп, ойларын жеткізіп, тыңдалым ақпаратын болжайды.


Ескерту (тыңдалым ақпаратымен бірдей шығу міндетті емес, оқушылардың ақпараттарды пайдаланып, ойларын мазмұнды, жүйелі жеткізгені бағаланады)

Ортада жұмыстарын қорғайды.


Дескриторлар:



  • берілген ақпараттар негізінде тыңдалым мазсұнын болжайды;

  • барлық ақпараттарды қамтиды;

  • ойларын жүйелі жеткізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет