Оқылым тапсырмасы
1-тапсырма. ТЖ Мәтінді оқу ұсынылады, өздері білетін ақпаратпен толықтыруға әрекет жасайды
Дескрипторлар:
1. Мәтінді түсініп оқиды
2. Қосымша ақпараттармен өз пікірін зерделейді
ҚБ: « Бағдаршам»
2-тапсырма. ЖЖ «Әуенді тап» әдісі. Үнтаспадан тұсау кесу рәсімінде айтылатын тілек өлеңді тыңдайды.
Дескрипторлар:
1. Тілек өлеңнің тақырыбын анықтайды.
2. Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік құралдарын саралайды
ҚБ: «Ауызша мадақтау»
3-тапсырма ТЖ Шілдехана мен тұсау кесер салты бойынша стильге тән тілдік құралдарды саралап, салыстыру үшін «Венн диаграммасын толтыру ұсынылады
Шілдехана Тұсау кесер
Дескрипторлар:
1. Мәтін ерекшеліктерін табады.
2. Тілдік құралдарын салыстыра талдайды
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқылымнан кейінгі тапсырма
4-тапсырма. ЖЖ Оқылым мәтінінен ілгерінді ықпал мен ерін үндестігіне мысал табыңыз.
Дескрипторлар:
1. Мәтіннен ілгерінді ықпалы бар сөздерді таба алады
2. Ерін үндестігі бойынша айтылып тұрған сөздерді ажырата алады
ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы
.
|